Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары



бет1/4
Дата14.09.2023
өлшемі337,28 Kb.
#107470
  1   2   3   4
Байланысты:
Ұжымдастыру презентация

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары

Орындаған: Османов Ш «ЖМК-012»

Қабылдаған:

Кіріспе

  • Жоспар:
  • 1. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.
  • 2. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері.
  • 3. Қазақ ауылын кеңестендіру – дәстүрлі қазақ қоғамын талқандау. Ұжымдастырудың
  • әдістері, түрлері, қарқыны
  • 4. Ұлт зиялыларына қарсы қуғын-сүргін – қазақ ұлтын рухсыздандырудың және
  • мәңгүрттендірудің бастауы
  • 5. Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі, мәдениетіндегі, білімі мен ғылымындағы ұлт
  • мәселесіндегі таптық-партиялық принципті ұстану залалдары.
  • 6. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің
  • ерліктері

Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.

  • 1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, қалың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды.
  • Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет