Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі Жоспар Кіріспе


Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына



бет3/5
Дата06.12.2022
өлшемі44,94 Kb.
#55191
1   2   3   4   5
2. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар мемлекетіиің күйреуі.

Ақтабан шүбырындыда ауа көшкен жұрт көптеген қалалар мен елді мекендердегі отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Оның нәтижесінде Самарқанд, Бүқар, Хиуа, Ферғана сияқты қалалар қаңырап қалды. Сол жылдарда Хиуа маңындағы мекендер мен егіндік жерлер иесізденіп, қаламың өзінде қырық шақты ғана отбасы қалған.


Жаппай босу, аштық, елді, жерді сағыну қазақтардың қайрат-жігерін үштады, оларды ортақ жауға ұйымдасып қарсы шығуға жұмылдырды. 1726 ж. Шымкентке таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, билері жиын откізіп, онда қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727 жылы халықтың қаһарлы қарсылығының алғы шебінде болып, қалмақ әскерлерімен үш жылдай үрыс жүргізген Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Саңырык батыр Ырғыздың оңтүстік-шығыс бетіндегі Бүланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға есеңгірете соққы берді. Қалмақ әскерлері қиян-кескі соғыста ондаған мың адамынан айырылды. Қазақтар жағы өздерінің талайдан қаны қайнап ыза мен кекке суарылған қайрат-жігерінің жемісін керіп қуанды. Жеңіс туралы хабар қазақ арасына ілезде тарап кетті. Алты алаштың рухын көтеріп, оларды күреске шабыттандырған бұл жеңіске қол жеткен жер кейін "Қалмақ қырылған" деп аталды.
1729 жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкенбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне скінші рет күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінің аңыраған дауысы бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. Сөйтіп, Аңырақайда аяусыз соққыға душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды.
Осы тұста Тәуке ханның баласы үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болып, осыған байланысты қазақ халқының тағдырына қатысты ірі оқиғалар орын алды. Қазақтың үш жүзінің басын қосып, біртұтас тәуелсіз мемлекеттігін қалыптастыруға тиісті Үлкен Орданың басында отырған Болат хан жігерсіз жан еді. Мүны қазақтың хандары, ел билеушілері түсінді. Бірақ ашық айтқан жоқ. Егер Болат хан алай-бұлай болып кетіп, Үлкен Орданың билігі өзіме тисе, қазақ хандығын көгертер едім деп жүрген аға хандықтан бірінші үміткер Болат ханның інісі, Орта жүздің ханы Сәмеке /Шахмүхамбет/ болды. Сәмеке ақылсыз адам емес еді. Бірақ оған аға хандық бүйырмады. Үлкен Орданың иелігіне екінші үміткер - Кіші жүздің ханы Әбілхайыр. Кіші жүзден аға хан сайлау дәстүрде болмағанмен, айдынның жайылма суындай қаптап келе жатқан қалмақ әскерлеріне Бүланты өзенінің маңында бірінші рет бас көтертпей соққы беріп тоқтатқан, Аңырақай түбіндегі тамаша жеңістің дем берушісі болған, үш жүз әскерлерінің бас қолбасшысы болып сайланып, өзінің ұйымдастырушылық дарын-қабілеті, жеке басының ерлігі мен алты алашқа аты шыққан, оның үстіне тәжірбиесі мол, егде тартқан Әбілхайырдың аға хандықтан үміт етуіне негіз бар еді. Үлкен Орда иелігі оған да бүйырмады. Аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да Болаттың ұлы Әбілмәмбет сайлан-ды. Тарихшылардың долбарлауы бойынша мұндай таңдау жасалғанына наразы болған Әбілхайыр майдан шегінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Хандықты өзіне тимегеніне риза болмаған Сәмеке де Әбілхайырдан кейін әскерін алып, Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай бет түзеді. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскері мен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақтың Ресеймен бірігуі іске асқанша қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмлеге келуге мәжбүр болды. Бұл арада айта кететін жай: Әбілхайыр мен Сәмеке майдан шебінен өздеріне аға хандық тимегендіктен пендешілік жасап, ренжіп кетіп қалды ма, жоқ әлде басқа себеп болды ма? - бұл жөнінде қүжатталып қалған ешбір дерек жоқ. Бұл тарихшылардың долбар болжамы ғана. Әбілхайырдың елге қарай кері бұрылуына Батыстағы қалмақтар мен башқұрттардың Кіші жүз жеріне шабуылын үдетуіне байланысты болуы да мүмкін.
Аңырақайдағы жеңіліске ұшырағанына қарамастан жоңғар мемлекетінің қазақтардың жеріне қайта шабуыл жасау қауіпі жойылмады. 1734 жылы жоңғарлар Қазақ хандығының жеріне тағы да бір үлкен жорығын ұйымдастырды. Жауға қарсы тұра алмайтын болғандықтан, Орта жүз ханы сол жылы Ресейдің қол астына өтуге тілек білдірді. Қалмақтардың жойқын шабуылы өте-мөте Жетісу жеріне ауыр тиді. Өйткені Ұлы жүз қазақтары қаһарлы жауға жалғыз өзі тойтарыс беруге күштері жетпеді.
1740 жылы Ресеймен жақындасу көзқарасын үстанған Жолбарыс ханның өлтірілуі және өзінің саяси бағдарын жиі өзгерткен Сәмеке ханның қайтыс болуы қазақ хандықтарының сыртқы саяси жағдайларының осалдығын айғақтай түсті. Ойраттар оңтүстік-шығыс шептегі, сондай-ақ Қазақстанның өз ішіндегі оқиғалар туралы да жақсы хабардар болып отырды. Осы жағдайларды пайдаланып, 1739-1740 жылдардың қысында ойрат әскерлері оңтүстіктен, Сырдария өзенінің жоңғарғы ағысынан және солтүстіктен Ертіс өзені жақтан шапқыншылық жасап, Орта жүздің Тобыл мен Есіл бойындағы қоныстарын едәуір шығынға ұшыратты.
Осы бір қиын-қыстау түста әрбір жүздің ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөлінуін тоқтатпады. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нүралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі, сол сияқты Орта жүзде Күшік және Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұқара мен Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Еділ өзенінің бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызып отырды. Сондықтан Кіші жүздің батыс шекарасында тыныштық пен бейбітшілік орнатуды Әбілхайыр хан өзінің басты міндеті деп санады. Сонымен бірге қазақ қауымының ортақ жауы - жоңғарларға қарсы күрес те күн тәртібінен түскен жоқ.
1742 жылы 20 тамызда Ор қаласында Ресей, жоңғар және қарақалпақ, қазақтардың Кіші, Орта және Ұлы жүздің өкілдері қатысқан келіссөз жүргізілді. Онда Ресей өкілі қазақ пен жоңғар арасындағы қақтығыстарға байланысты уәж айтпақшы болды. Бірақ жоңғар басқыншылары оған құлақ аспады. Олар қазақ қоныстары мен орыс қамал-бекіністеріне шектес жатқан жерлерде 20 мың әскер үстап, қазақтарды мазалауын қоймады. Ендігі жерде қазақ халқының тек өзінің күшіне ғана сену керек екеніне, үш жүздің басын қосып, жоңғарлардың феодалдық әскер күшіне соққы беру арқылы ғана өз жерін жаудан босатуға болатынына көзі жетті. Осы идеяны орнықтыруға Абылайхан зор еңбек сіңірді.
1711 жылы "қан ішер" Абылай ханның баласы Уәли сұлтанның шаңырағында қазақ тарихында үлкен орын алған бала дүниеге келген, оның азан шақырып қойған аты -Әбілмансұр болатын. Қалмақтар Түркістанды алып, Уәли ханды өлтіріп, оның 13 жасар ұлы Әбілмансүрды тұтқындағы басқа адамдармен бірге Хиуа базарына апарып қүлдыққа сатпақшы болды. Осы жерде ол тұтқыннан қашып елге келіп ауқатты адамдардың малын бағуға жалданды. Үйсін Төле бидің түйесін, одан соң Дәулеткелді байдың жылқысын бағады. Үйпа-тұйпа болып жүргені үшін жұрт оны Сабалақ деп атаған. 1731 жылы Сабалақ ауыл адамдарымен бірге қалмақтарға қарсы шайқасқа қатысып, өзінің асқан ерлігі, батылдығымен көзге түседі.
Осы ұрыста "Абылай, Абылай!" - деп үрандап, жігіттерге жігер беріп, жаудың тобына үмтылған ол қалмақтардың әскер басшысы Шарыш батырды жекпе-жекте өлтіреді. Атой салып шайқасқа үш рет кірген ол үрыста жауды талқандап, жеңіске жетуге үлкен еңбек сіңіреді.
Әбілмәмбет хан жаудан жеңіспен оралған Сабалақтың өз туысы екенін түсінеді. Риза болған ол оған "Абылай" деп ат беріп, хандық тағын үсынады. Абылай есімін алған Сабалақ хан болудан бас тартып, Әбілмәмбет қайтыс болғанға дейін сұлтан дәрежесінде бас ақылшы, кеңесшісі болады.
1741 жылы жазда Ұлытаудың маңында аң аулап жүргенде қапыда қалмақтарға қолға түскен Абылайдан жоңғарлардың ұлы қонтайшысы Қалдан-Серен: "Менің ұлымды өлтірген сен бе?" - дегенде, ол: "Сенің балаңды өлтірген мен емес, халық, менің қолым халықтың бүйрығын орындаушы ғана", - деп жауап берген. Абылай 1743 жылдың қыркүйек айына дейін Жоңғарияда болып, Ресей мемлекеті және Қазақтың үш жүзі атынан Төле би бастаған елшілік жүргізген келіссөз барысында тұтқыннан босатылды. Осыдан кейін ол Орта жүз жерінде уақытша жоғалтып алған билік тізгінін қайта қолға алады.
1745 жылы Жоңғар мемлекетінің ханы Қалдан Серен өліп, оның мирасқорларының арасында хан тағы үшін талас, кескілескен тартыс басталады. Ең әуелі оның орнына 19 жасар ұлы Цэван Доржи отырды. Осы орайда көрші жатқан Цинь империясы жоңғарларға қарсы қайта-қайта соғыс ашып, жоңғар мемлекетін әлсіретеді. Міне, осы аласапыран, жанталас уақытты ұтымды пайдаланған Абылай қазақ жерін жоңғар қалмақтарынан тазарту мақсатымен Оңтүстіктегі Телікөлдің маңына үш жүздің әскери жасақтарын жиып, Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат ету жорығына аттанады. Бұл үш жүздің қоян-қолтық басы қосылған алғашқы жорығы еді. Осы жорықта ерен ерлігі, жойқын батырлығымен көзге түскен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Кіші жүздің батыры Бүғыбай, Уақ руьшың батыры Баян, шапырашты Наурызбай, шақшақ Жәнібек т. б. оз есімдерін өшпес даңққа бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет