Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі Жоспар Кіріспе



бет4/5
Дата06.12.2022
өлшемі44,94 Kb.
#55191
1   2   3   4   5
Абылай бұл жорықта қазақ әскерлерін үш топқа бөлді. Оның бірінші тобын Қанжығалы Бөгенбай батыр басқарды. Оған атақты Үмбетей жырау қосылды. Бөгенбай басқарған 10 мың әскер қолы Түркістанның Солтүстік жағына, Созақ бекінісіне барып бекінуге тиісті болды.
Екінші қолды Жәнібек батыр басқарды. Ол Сыдарияның төменгі сағасына қарай бет түзеді. Оған Тәтіқара жырау қосылды.
Үшінші, негізгі қолды Абылайдың өзі басқарды. Жорыққа қатынасқандар Шиелі, Жаңақорған бойымен Түркістанның күнбатыс жағына қарай жылжыды. Бұл топқа қазақтың атышулы батырлары Қабанбай, Баян, Сырымбет, Малайсары, Жанүзақ, Жәпек, т. б. кірді. Бүқар жырау науқастанып келе алмағандықтан, топқа 17 жасар Көтеш ақын қосылды.
Жоңғар әскерін басқарған Қалдан Сереннің ортаншы ұлы Цэван Доржи де өз әскерін үшке бөлді. Ол өзінің басты күшін Абылайға қарсы бағыттады. Жоңғар әскерлерінің қаруы - мылтық, найза, қылыш болды және түйе үстіне орнатқан 15 зеңбірегі бар еді. Қазақ жасақтары сойыл, шоқпар, садақ, кейбіреулері найзамен қаруланған болатын.
Цэван Доржи өзінің ауыр қолымен Абылай әскерлерінен бұрын келіп, Жаңақорғанға бекініп алды. Абылай Жаңақорған бекінісін алуды Қабанбайға тапсырды. Сырымбетті оң жақ қанатқа, Баянды әскердің сол жақ қанатына қойды. Олардың сыртынан үш мың қолы бар Малайсары, Оразымбет батырлардың жасақтарын топтастырды. Абылай өзінің Сағымбай, Қанай, Жанүзақ сияқты сенімді батырларымен және 17 жастағы ұлы Жанаймен әскердің дәл ортасында жүрді.
Бұл соғыс екі айға созылды. Қазақ әскерлері Жаңақорғанды, Шымкентті жаудан тазартып, Түркістанға таяп барды. Бөгенбай басқарған әскерлер Созақ пен Сайрам-ды босатты. Батыр Баян Талас өзеніне тақау барды. Жәнібек батырдың әскерлері қарақалпақ жерін босатып, қалмақтарды Сырдың жоңғарғы сағасына шегіндірді. Амалы таусылған Цэван Доржи Абылайдан бітім сүрауға мәжбүр болды.
Келісім бойынша Созақ, Сайрам, Манкент, Шымкент қалалары Қазақ хандығы қарамағына өтті. Түркістан қаласы туралы мәселе кейінірек шешілетін болды. Абылай бұл жолғы жеңістерін жоңғар хандығының күйреуінің бастамасы деп есептеді.
Қазақ жерін қалмақтардан біржолата тазарту мақсатымен Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай, тағы басқа батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750 жылы Аякөз өзені бойындағы ірі шайқаста жеңіп шықты. 1752 жылдың орта кезінде Абылай хан мен Қабанбай батыр ұйымдастырған қазақ қолы Жоңғар қақпасы маңында жаудың негізгі күшін үш қабат қоршап, ес жидырмай талқандап түбегейлі жеңіске қол жеткізді. Бұдан кейінгі жорықтарды Қаракерей Қабанбай батырдың басшылығымен жоңғарлардың алауыздығын пайдалана отырып, 1753-1755 жылдары жалғастырды. Бұл кезде қал-мақтарды Алтай, Қалба өңірінен қуып, соңғы рет үш айға созылған атақты Шорға соғысында қазақтар жоңғарларды күйрете жеңді. Сөйтіп, қалмақтардың бір ғасырдан астам уақытқа созылған басқыншылық, зорлық-зомбылық соғысы осымен аяқталды.
1755 жылы Қытай империясы жоңғар жеріне басып кірді. Нәтижесінде жоңғарлар бірнеше үсақ иеліктерге бөлініп кеткен болатын. Осыдан кейін көп кешікпей Жоңғар мемлекеті 1758 жылы біржолата құлады.
1758 жылы Цинь империясы Шығыс Түркістандағы қазіргі Синь-Цзянь жерін басып алды. Цинь империясының батыс шекарасы қазақ жерімен шектесіп жатты. Қытайлар көрші жатқан қазақ елдеріне тынымсыз шабуыл жасады. Абылай басқарған қазақ жасақтары Қытай әскерлеріне бірнеше рет соққы беріп, олардың ішке қарай жылжуына мүмкіндік бермеді. Қытай әскерлерінің басып алу қаупінен сескенген Әбілмәмбет Үлкен Орданы Іле өзенінің бойынан Түркістан жаққа көшіруге мәжбүр болды.
Бір айтып кететін жай, Ресей патшалығы өзінің қол астындағы қазақтарға Қытайлар шабуыл жасап жатқанда елшілік жолмен наразылық білдіруден басқа көмек көрсетпеді. Ол наразылыққа құлақ асқан Цинь империясы болған жоқ.
Абылай ақсақалдардың алқа кеңесін шақырып, Қытаймен соғысты сөза беруге болмайтынын, халықтың азып-тозып кеткенін айтып, Цинь әкімдерімен елшілік қатынас орнату мақсатында Пекинге адамдар жіберді. Сөйтіп, ол Цинь империясымен сауда, экономикалық байланыс орнатудың амалын істеді. Ол Ресеймен қарым-қатынасты да ұлғайтты. Абылай хан қазақ жерін, қазақ халқын көршілес күшті елдердің /Ресейдің, жоңғарлардың, Қытайдың/ қаупінен қорғап қалуға үлкен еңбек сіңірді. Батырлығы, ұйымдастыру шеберлігі, саясатшылығы арқасында қазақ халқының елдігін сақтау үшін көп жұмыс тындырды.
1771 жылы Әбілмәмбет хан өлгеннен кейін, Түркістанда Қожа Ахмет Иассауидың мешітінде хандар мен сұлтандар бас қосып, Абылайды ақ жылқы сойып, ақ киізге орап, Орта жүздің ханы етіп көтерді. Бірақ Абылай өзін қазақтардың үш жүзінің ханымын деп есептеді.
Бір жылдан кейін 1772 жылы вице-канцлер М. Л. Воронцовтың жарлығымен Абылайға арналып Есіл өзеніне таяу жердегі Жаңғызтауда ағаш үй салынды. Абылай 1781 жылы мамыр айында Ташкентке жақын жерде 69 жасында қайтыс болды. Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып, оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет