10-тапсырма. «КенесарыНаурызбай» дастанының
идеясын азаттық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарымен
байланыстырып, жаңашылдығы мен заманауйлығы-
на баға бер. Не себепті Кенесарыны «қазақтың соңғы
ханы» деп атайды?
Қазақтың елін, жерін Ресей империясы XIX ғасырда бұрынғыдан ерекше, екілене отарлай бастады. Абылай ханмен жасасқан келісім-шарттарды өрескел бұза отырып, қазақтың даласына ешкімнен тайсалмастан терең бойлап ене берді. Олардың бұл қылықтарына елім деп туған ержүрек ата-бабаларымыз бейжай қарап отыра алмады. Өзге елдің құлдығына түсуге үзілді-кесілді қарсы шыққан жаужүрек бабаларымыздың бірі жəне бірегейі ұлы Абылай ханның немересі — хан Кене еді. Қазір бір ғана Кенесары Қасымұлының тарихи бейнесі арқылы сол бір аласапыран кезеңдегі ұлттық сананың тарихын сомдауға болады.
Кене ханның тарихи бейнесін сомдаған тарихи еңбектер баршылық.
Кенесары мен Наурызбайдың батырлығы талай жырға арқау болып, көзсіз ерлікті шетел ғалымдары да мойындаған. Алайда шетел ғалымдарынсыз-ақ бір кездері қазақ қариялары Кене хан туралы жырлар мен əңгімелерді жатқа айтып, қазақ елінің соңғы ханының болмысын жақсы білген еді.
Нысанбай – халық басынан кешкен осы бір тарихи оқиғаны жырлаушы ғана емес, сол қимыл-әрекеттердің бел ортасында басынан аяғына дейін жүрген қатысушы қаһарманы. Сондықтан да ол бірде: «Нәсіл затын сұрасаң, Аша майлы Керейтпін... Он бес жасқа келген соң Кенесары-Наурызбай Төрені іздеп келгенмін, – десе осы «Кенесары-Наурызбай жырының соңында: Өлең-жырға Нысанбай Машһүр шешен, нар еді. Бір естіген адамдар Сөзіне тағы зар еді. Көзімен көріп, сөз қылған Соғыста өзі бар еді, – дейді «Қарақас-Кенесары» тарихи жырында Шыңғыс ханның жиырма жетінші ұрпағы, Абылай ханның немересі, мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдар арасындағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, қазақ жұртының соңғы хандарының бірі Кенесары Қасымовтың үрім-бұтағы айтылады. «Кенесары» дастанында: «Қасым хан – Абылайдың жалғыз ұлы, Одан басқа жоқ еді ұлы-қызы, Бір болса да бірегей болып туған, Қарапайым хан емес көптің бірі. Баянсыз байқасаңыз мына жалған, Жарлының малын, жалғыздың жанын алған. Қасым хан отыз жаста дүние салып, Төрт баласы артында жетім қалған. Саржан мен Есенкелді, Кенесары, Тетелес үш жастардан аралары. Аттарын төртеуінің түгел айтсам, Төртінші ең кішісі – Наурызбайы» , - [«Бабалар сөзі», 29 т. -242 б.] Нысанбай жырында да, Нұрхан, Мұхамеджан поэмаларында да, тағы басқа жырларда да Кенесарының таңдаулы батырлары Иманның, Жәукенің, Төлебайдың (Жеке батыр), Ағыбайдың, Бұқарбайдың, Меңдібайдың, Дулаттың, Шәкірдің аттары жиі аталады. Бұл батырлар да ойдан шығарылған емес, өмірде болған адамдар. Иман-Аманкелді Имановтың атасы болса, Жәуке Назарғұлұлы Батпаққара жерінде 1822 жылы туып, 1804 жылы қайтыс болған
- Қайырлы күн, құрметті көрермендер, сайысқа қатысушылар! Өздеріңізге белгілі, қазір бізде қазақ тілі онкүндігі жүріп жатыр. Міне, бүгін осы онкүндікке байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Білгірлер отауы» атты сыныптан тыс жұмыс өткелі отыр.
(мақсатымен таныстырылады)
Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерер сендерсіңдер.
Біздің дана халқымызда «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір», «Білегіңе сенбе, біліміңе сен» деген нақыл сөздер бар. Олай болса, сайысқа қатысушыларды қол соғып, қошеметтеп, ортаға шақырайық. Олай болса сайысқа қатысушы топтармен таныс болыңыздар. Бүгінгі «Білгірлер отауы» атты білгірлер сайысында I курс студенттерінен құралған « Абайдың ізбасарлары » және II курс студенттерінен құралған « Қырандар» топтары сіздердің алдарыңызда.
Өз тілінде сөйлеп өсті сан ұрпақ,
Алар бақыт тәрбиесі ұлағат.
Білімділік – өз жұлдызың көктегі,
Озып шығу – әрбір жастың арманы – ақ,-
- Оқу - білім - әр болашақ шуағы
Бейнеленген өшпейтұғын шырағы
Дариядай шалқып, тасқан мәңгілік
Білім, ғылым көкте биік тұрады,
- Арман бар ма балада ұғып өскен,
Ұстаз ойын қимылдан қыбыр еткен,
Ал біздің сайыскерлер табады енді
Қызықтарды осынау суреттерден,- дей келе, ендігі кезекті « Санамызға тәрбие боп берілсін,
Жүректерге білім болып егілсін.
Ұлттық мұра, дәстүрлердің бәрі де,
Жүректерден асып сөз боп төгілсін.
Білім - гаухар, бағасы жоқ.
Надандық - кесел, дауасы жоқ,- деген нақыл сөз әрқашан жадымызда болып, бағасы жоқ байлықты өмірімізге серік етіп, дауасы жоқ кеселден аулақ болайық.
«Тіл жүйрікте кім жүйрік?»
«Сөз болаты -мақал» деп бұрынғылар айтқандай мақал-мәтелдер-ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. «Мақал-сөздің атасы»демекші сайысымызды жалғастырамыз.5 турымыздың шарты бойынша сайыскерлер, сендерге сөздер беріледі,
Құрметті әділ қазылар ұпай сандарын көтерсеңіздер.
-Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі сөз кезегін қазылар алқасына беріп, сайысымыздың жеңімпазын анықтайық! «Тіл жүйрікте кім жүйрік!» атты сайыстың жеңімпазы атанған топты ортаға қол соғып, шақырайық.
Сонымен қатар сайыста ерекше өнер көрсеткен оқушыларымызға да рақмет айтамыз.
-Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
Желмаяның үстінде желіп тұрып;
Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!