Қазақ халқының негізін құрайтын рулар мен тайпалық одақтар ІІ


Жүзге кірмейтін қазақ рулары



бет2/6
Дата30.08.2022
өлшемі0,57 Mb.
#38312
1   2   3   4   5   6
Жүзге кірмейтін қазақ рулары
Әртүрлі тарихи себептерге байланысты казак арасында болып, қазақ ұлтының құрамына кіргенімен казак жүздеріне кірмеген бірқыдыру қазақ рулары бар. Мұның алғашқы шежіре тізбегін жазған адам-(1805 жылы Бухара қаласында дүниеге келген) Сайдаққожа Жүсіпұлы деген ғұлама зерттеуші. Оның руы-қорасан қожа, арғы атасы Бұхараға әмір болған Абдолла хан екен. Сайдаққожаның әпкесі Күлшара Кенесарының әкесі Касымның бәйбішесі болған. Сол себепті ол Бұхарадағы әкімшілік медресені бітірген соң Касым сұлтанға ілесіп, Арқа жеріне келген.
Автордың жазуынша, ол-өте білімдар әрі ақын болған. «Оның «Қазақ тайпаларының тарихы» деген кітабы 1875 жылы аз тиражбен Бұхарада басылған. «Жүзге кірмейтін қазақ тайпалары» сол кітаптың екінші бөлімі екен» деп деп атап өткен зерттеуші осы шежіре негізінде жүзге кірмейтін қазақ руларының біразына тереңірек тоқталған:
Қожалар
Қожа тайпасы-Үш жүзге кірмейтін тайпалардың ішіндегі ең ірі тайпалардың бірі. Ол әртүрлі құрама рулардан біріккен. Қожа-араб тілінде «ағартушы» деген мағынаны білдіреді. Ал парсылар билеуші әмірлерді «қожа» деп атайды. Кезінде қазақ арасында ағартушылық жұмыспен шұғылданып, «моллақожа» атанып жүргендердің кейін сол ру-тайпаның бір ұрпағы ретінде танылып кеткендері де аз емес. Оларға бірікпей жеке ру-тайпа ретінде қалғандары төмендегідей:
1. Сейіт қожа руы (тобы). Сейіттер қожалар ішінде аға буын болып есептеледі. Бұлар арабтың сайд руынан және басқа да арабтық дін уағыздаушыларынан құралған. Саид руынан Мұхаммед пайғамбардың үзеңгілес серігі Омар шыққан. Саид руынан шыққан шайхы Бұзұрық атты адамның ұрпағы, Айып Әминнің ұрпағы Ғимарад Әзиз VIII ғасырдың орта кезінде араб әскерімен бірге Түркістан жеріне келген. Сол беті осы өңірде тұрақтап, мешіт-медресе ашып, ислам дінін уағыздаған. Сол Әзиздің ұрпақтарынан Баба Туклас, Ыскак баб казақ арасында өмір сүрген. Ысқақ баб өте білімдар адам болған. Оның дәуірінде Баба ата каласы үлкен ғылым ордасына айналған. Оның ұрпақтары-Арыстан баб пен Қожа Ахмет Йасауи да – тарихқа белгілі адамдар. Саидқожа тобына-Сейітқожа, Аққожа, Дуанакожа, Кылыштыкожа. Қырықсадақтар кіреді.
2. Қорасан тобы (Шайбанидтер). Бұлар Мұхаммед пайғамбардың әулеті саналады, яғни пайғамбарымыздың немере ағасы Әбутәліптен туған Әли Аббастың (қазақтар Әзірет Әли, Хазіреті Ғали деп атайды) ұрпақтары болып келеді. Сол ұрпақтан тарайтын әлемге әйгілі әмірші Харон-әр-Рашидтің әулеті болып келетін Әзиз Шайбан (шайбанишаһ) Иран-парсы еліне әмір болған. Ол адамның бетіндегі қалың меніне орай парсылар оны Қорасан шайбани (шұбар шайбани) деп атаған. Сол Қорасан шайбанидың ұрпақтары Орта Азияның көп жеріне тараған. Қазақ арасындағылар әз-Тәуке хан дәуірінде қожалар тобына қосылған. Бұл топқа Құрбан, Жақып, Қызылауыз, оған қоса Шайбанид, Әзиз Махмұт, Қылышты рулары кіреді.
3. Бақсайыс немесе төре тобы. Бақсайыс руы қожа тайпасына кірген Шыңғыс ұрпақтарынан құралған. Кейбір қазақ тайпалары оларды «төре» деп те атайды. «Төрелердің «бақсайыс» аталуы олардың шайбани ұрпақтарымен бакталастығынан туған»,-деген екен Бұхар жырау. Бұл да XVII ғасырдағы әз-Тәуке кезінде қалыптасқан.
Төре-көне түркі сөзі. Парсылардың «қожа» деген сөзінің мағынасын береді. Шыңғыс ұрпағының қожалар тобына кірмеген бөлігін Орта жүз елі әлі күнге дейін «төре» деп атайды.
4. Жүсіп қожа руы. Бұл ру фарабтык (Отырар) түрік Жүсіп ибн Ысқақ Дамолланың есімімен тығыз байланысты. Ол кісі Шам каласында (Дамашық) оқып білім алған, медреседе негізгі химия пәнінен сабақ берген. Сонымен бірге әдебиет пен тарихты да зерттеген. Жүсіп өзі жергілікті түрік-оғыз тайпасынан шықса да, ұрпақтары келе-келе «Қожа» атанып кеткен екен. XVII ғасырда жаңадан топтаскан кожа тобына енген. Жүсіп кожа руына Ұлан қожа, Касым қожа, Құлтай кожа, Карақан қожа, Көдей қожа топтары кіреді.
5 Турікпен қожа руы. Бұл ру да адам атымен байланысты. Тегі түрiктiн қыпшақ-оғыз тайпасының түркеш (түрікпен) руынан шыққан Әбілмұрат түрікпен сопы Бағдатта окып сеніп, Сығанақтағы үлкен мешітте имамдық қызмет атқарған. Ол жергілікті Қыпшақ-оғыз арасында суниттік суффизмды уағыздаған. Оның ұрпақтары кейін келе сайд тобына, яғни сейіткожа тобына қосылған (XVI ғасыр). Жергілікті халык оларды «түрікпен Қожа» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет