Қазақ халқының негізін құрайтын рулар мен тайпалық одақтар ІІ



бет4/6
Дата30.08.2022
өлшемі0,57 Mb.
#38312
1   2   3   4   5   6
Қалпақ руы
Қалпақ руы XVIII ғасырдың соңында Хиуа жерінен келген қарақалпақтардан тараған. Олар бертін келе қазақ тайпаларымен араласып, қалпақ руы атана бастады. Кейбір зерттеушілер қалпақтарды Кіші жүзге жатқызып жүр. Шындығында, олар жүзге кірмейді. Қалпақ қазір Ырғыз, Шалқар өзендерінің маңын мекендейді. «Қалпақ едік» дейтін халықты Алматы өңірінен де ұшыратуға болады.
Қырғыз әлі
Қазақ-қырғыз Әлілері – қырғыз халқының солты тайпасының бір бөлігі. Олар XVIII ғасырда Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ жеріне келген. Бертін келе Қырғыз солтылары қазақ тайпаларымен араласып кетті. Қырғыз солты сол кезден бастап қазақтың «қырғыз әлі» руы атала бастады. Қырғыз әлінің бір бөлігі Орта жүздің қоңырат тайпасының құрамына бертін келе енген. Қырғыз әлілердің әдетғұрыптарында, тіл ерекшелігінде аздап қырғыз солтыларына тән ерекшелік сақталған
Пайдаланылған әдебиет:
Зейнолла Сәнік. Көптомдық шығармалар жинағы/ VII том. –Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2017.


Автор: Бүркіт Нұрасыл
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/32220/
© e-history.kz

Іргелі үш жүз құрамы


  • Тарих, Салт-дәстүр

  • Bain

  • 17.10.2015

  • 1

  • 14

  • 37423


Қазақ халқы негізінен іргелі үш жүз, оның сыртында рулар мен ұлыстардан тұрады. Бұларды шежіре бойынша ата жолымен, ұран, таңбаларымен көрсеткенде былайша таратылады:
Ұлы жүз – Ақарыс, таңбасы – Ω (нәл), ұраны – «Бақтияр».
Орта жүз – Жанарыс, таңбасы – ∏ (босаға), ұраны – «Ақжол».
Кіші жүз – Бекарыс, таңбасы – ↑ (жебе), ұраны – «Алдияр».
Үш жүздің ұраны – «Алаш».
Ұлы жүз тайпалары:
Қаңлы – ұраны – «Бәйтерек», таңбасы – шылбыр, көсеу.
Қатаған (Шанышқылы) – ұраны – «Айрылмас», таңбасы – қолтаңба.
Жалайыр – ұраны – «Қабылан», «Бақтияр», таңбасы – тарақ.
Сіргелі – ұраны – «Тоғанас», таңбасы – сірге.
Шақшам – ұраны – «Қабылан», таңбасы – жебе.
Сары үйсін – ұраны – «Байтоқ», таңбасы – абақ, ашамай.
Шапырашты – ұраны – «Қарасай», таңбасы – ай, тұмар.
Ысты – ұраны – «Жауатар», таңбасы – көсеу, шылбыр.
Ошақты – ұраны – «Бақтияр», таңбасы – тұмар.
Албан – ұраны – «Райымбек», таңбасы – абақ.
Суан – ұраны – «Байсуан», таңбасы –дөңгелек.
Дулат – ұраны – «Бақтияр», таңбасы – дөңгелек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет