Орта жүз тайпалары:
Арғын – ұраны – «Ақжол», таңбасы – көз.
Қыпшақ – ұраны – «Ойбас», таңбасы – қос әліп.
Найман – ұраны – «Қаптағай», таңбасы – бақан, босаға, шөміш.
Қоңырат – ұраны – «Алатау», «Мүлкаман», таңбасы – босаға.
Керей – ұраны – «Ошыбай», таңбасы – ашамай.
Уақ – ұраны – «Жаубасар», таңбасы – бақан, ашамай.
Кіші жүз тайпалары:
Бұлар үш атадан тұрады:
1. Әлімұлы. 2. Байұлы. 3. Жетіру.
Әлімұлының таралуы:
Кете – ұраны – «Майлыбай».
Қаракесек – ұраны – «Бақтыбай», «Айыртау».
Шөмекей – ұраны – «Дөйт».
Қарасақал – ұраны – «Бақтыбай».
Төртқара – ұраны – «Майлыбай».
Шекті – ұраны – «Дөйт».
Байұлының таралуы:
Шеркеш – ұраны – «Шағырай», таңбасы – бақан.
Ысық – ұраны – «Бәйтерек».
Масқар – ұраны – «Қаратай».
Алтыбас – ұраны – «Байбарақ», таңбасы – бақан.
Тана – ұраны – «Тана», таңбасы – әліп, көсеу.
Байбақты – ұраны – «Дәуқара».
Қызылқұрт – ұраны – «Жиенбай».
Таз – ұраны – «Төремұрат», «Бақай», таңбасы – қамшы.
Беріш – ұраны – «Ағатай».
Адай – ұраны – «Бекет», таңбасы – садақ.
Есентемір – ұраны – «Алдоңғар», таңбасы – бақан.
Жаппас – ұраны – «Баймұрат», таңбасы – түйемойын (ою).
Алтын – ұраны – «Баймұрат».
Жетірудың таралуы:
Төлеу – ұраны – «Арғымақ», таңбасы – балға, шылбыр.
Рамадан – ұраны – «Дулат», «Қайғұлым», таңбасы – шөміш.
Тама – ұраны – «Қарабура», таңбасы – көсеу, әліп, тарақ.
Кердері – ұраны – «Қожахмет», таңбасы – тостаған.
Керейіт – ұраны – «Ақсақал», таңбасы – шылбыр, қылыш.
Табын – ұраны – «Тостаған», таңбасы – тарақ, көсеу, шөміш.
Жағалбайлы – ұраны – «Малатау», таңбасы – балта.
Жүзге кірмейтін қазақ рулары:
Төре – ұраны – «Абылай», «Шайбақ» таңбасы – арқар.
Қожа – ұраны – «Қожа Ахмет», таңбасы – әліп.
Сунақ – ұраны – «Әбілғазы» (Сунақ ата), таңбасы – қалам.
Төлеңгіт – ұраны – «Орақ», таңбасы – көсеу.
РУ АТТАРЫ
18.02.2021 Руслан Руслан
Арғын – шежіре бойынша, Орта жүз құрамына енеді. Қазақ шежіресінде Арғындар Бәйбіше Арғын, Тоқал Арғын деп, екіге бөлінеді. Ергүл бәйбішеден өсіп, өнген арғындар бірлестігі «Бес Мейрам» деп аталады. Олар: Қуандық, Сүйіндік, Бегендік (Қозған), Шегендік (Қақсал), Қаракесек (Болатқожа). Тоқал Арғынға жататындар: Момын ананың атына байланысты «Жеті Момын» аталады. Олар:
Қанжығалы, Тобықты, Бәсентиін, Қарауыл, Атығай, Сарыжетім, Шақшақ.
Аталық – Ұлы жүз, Ошақтының бір атасы.
Әлім – Кіші жүзге жататын рулардың бір құрамы.
Баба – Күшік елінің бір атасы.
Бағаналы – қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Орта жүздегі Найман тайпасынан таратылады.
Бошан – Қаракесек руына кіретін аталық.
Бөлек, Тілеу – Ұлы жүз, Дулат, Ошақты руынан тарайтын аталар.
Дүйсе-Құдас – Қаратоқай-Беріштен тарайтын бір аталық.
Екей – Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасынан таратылады. Екей өз ішінде Бәйімбет, Жәрімбет болып, екіге бөлінеді. Сүйінбай, Жамбыл ақындар Екей руынан шыққан.
Есқожа – шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамындағы Шапырашты тайпасынан таратылады. Шапыраштыдан Малды, Екей, Еміл рулары тарайды. Емілден таралатын Жайық пен Есқожа жасынан батырлығымен аты шыққан қолбасшы, көріпкел абыз болған. Есқожадан Алысай, Алтынай, Шуаш аталары тарайды. Есқожа руынан Қарасай, Әуез, Өтеп, Түрікпен, Көшек, Кәпике, Қараш, Саурық, Сұраншы, т.б. батырлар, билер, шешендер шыққан.
Естек – Кіші жүздегі Әлім аталығынан тарайтын Кете руының бір тарауы.
Жалайыр – қазақ халқын құраған тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүз құрамына енеді. Диқанбай батыр шежіресі бойынша (Н.Аристов жазып алған), Үйсіннен – Ақсақал (абақ таңбалы), Жансақал (тарақ таңбалы) таратылады. Жалайыр соңғысынан тарайды.
Жамбол – ру аты.
Жетіру – Кіші жүзді құрайтын үш ірі тайпаның бірі. Оған: Төлеу, Рамадан, Тама, Табын, Кердері, Керейіт, Жағалбайлы кіреді.
Керей – қазақ халқын құраған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Шежіре деректері бойынша, Орта жүз құрамындағы Керей тайпасы Абақ Керей, Ашамайлы Керей деген екі бөлімге бөлінеді.
Керейіт – шежіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы Жетіру бірлестігіне кіреді.
Керейіттен Ақсақал, Бозаншар рулары тарайды.
Қаптағай − Найман тайпасы Матай руынан тарайтын аталық.
Қара қожа – Найманның Көкжарлы руының қара аталығы болуы мүмкін.
Қаракесек – шежіре бойынша, Орта жүздегі Арғын тайпасының «Бес Мейрам» аталатын рулар бірлестігіне кіреді. Қаракесектен Қамбар, Майқы, Бошан, Таңас тарайды.
Қасқарау – Дулат руының бір атасы.
Қуандық – Орта жүздегі ру аты.
Майлыбай – Кете руының ұраны.
Достарыңызбен бөлісу: |