Қалпақ руы Қалпақ руы XVIII ғасырдың соңында Хиуа жерінен келген қарақалпақтардан тараған. Олар бертін келе қазақ тайпаларымен араласып, қалпақ руы атана бастады. Кейбір зерттеушілер қалпақтарды Кіші жүзге жатқызып жүр. Шындығында, олар жүзге кірмейді. Қалпақ қазір Ырғыз, Шалқар өзендерінің маңын мекендейді. «Қалпақ едік» дейтін халықты Алматы өңірінен де ұшыратуға болады.
Қырғыз әлі Қазақ-қырғыз Әлілері – қырғыз халқының солты тайпасының бір бөлігі. Олар XVIII ғасырда Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ жеріне келген. Бертін келе Қырғыз солтылары қазақ тайпаларымен араласып кетті. Қырғыз солты сол кезден бастап қазақтың «қырғыз әлі» руы атала бастады. Қырғыз әлінің бір бөлігі Орта жүздің қоңырат тайпасының құрамына бертін келе енген. Қырғыз әлілердің әдетғұрыптарында, тіл ерекшелігінде аздап қырғыз солтыларына тән ерекшелік сақталған
Пайдаланылған әдебиет:
Зейнолла Сәнік. Көптомдық шығармалар жинағы/ VII том. –Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2017.