Сунақ тайпасы
Сунақтар-найман тайпасына жататын дүрмен-барлас руының бір тармағы. Кезінде барлас руы Ұлытау, Кызыларай тауларының бөктерін мекендеген екен. Өйткені сол өңірде Барлас, Дүрмен деген жерлер бар. Дүрмен-барлас руынан атақты әмірші Темірлан көреген, Ұлықбек, Бабырлар шыққан. Өзбектер бұларды әлі күнге дейін өз құрамына кірген «дүрмен наймандар» деп атайды.
XIV ғасырдың бас кезінде шайбани ұрпағынан дүрменбарластың Әбілғазы имам бастаған бір бөлігі Сығанақ қаласына келеді. Әбілғазы (Сунақ ата) бастаған дүрменбарластар сол Сығанаққа қоныстанады. Ол жерге Әбілғазы имам өз қаражатына мешіт-медресе салдырады. Ол әрі емші, балгер болатын. Өзі ашқан медресеге жергілікті тайпалардан балалар қабылдап, емшілік ілімінен тәрбие береді. Жергілікті соғдылар оны «Сунақ әулие» деп атап кетеді. Сунақ соғды тілінде «қарапайым» деген мағынаны білдіреді. Сол Әбілғазы имамның ұрпақтары мен барластар бертін келе «сунақ тайпасы» атала бастады. Сунақ тайпасы тек қазақ халқының құрамында ғана бар. Сунақтар қазіргі Түркістан, Ақмешіт аймақтарын мекендейді.
Төлеңгіт тайпасы
Төлеңгіттер XVIII ғасырда жеке тайпа болып атала бастады. Төлеңгіттер бүкіл қазақ елінің арасына кең жайылған, тек қазақта ғана емес, басқа түркі ұлыстарында да бар. Олар өзбек кұрамында «бұхара руы» деп аталса, қарақалпақ, қырғыздарда «караша руы» деп аталған. «Ұйғырлар арасындағы «доландықтар» сол – «төлеңгіттер», «мәкiт ауданы» «меркіт» деген сөзден өзгеріп қалыптасқан» деген сөз бар, олардың жосыны ұйғырлардан басқаша.
Қараша тайпасы
Караша тайпасы XVIII ғасырдың соңында Манчин хандығы Жоңғар хандығын жойған соң жоңғардың Қараша (Гураншид доржы) батырымен қазақ жеріне бірге келген жұңғолардан құралған. Олар бертін келе қазақ ұлысымен араласып кетті. Жергілікті қазақ тайпалары оларды Қараша батырдың атымен «қарашалар» деп атай бастаған. Қараша тайпасы Ақмешіт, Түркістан, Ташкент өңірлерінде тұрады.
Құрама тайпасы
Құрама тайпасы әртүрлі құрама рулардан құралған. Оның кұрамына қатаған, дүрмен, барлас, баршылық, қоңырат, қыпшақ, тарақты, маңғытай, мұғалтай, ноғайлы, алтай-қарпық рулары кіреді. Енді соларға бірден қысқаша тоқтала кетелік:
1. Қатаған. Қатағандар-ноғайлы тайпасынан тарағандар. Олар XIV ғасырдың соңында Едіге батырмен бірге казак жеріне келген. Алғашында Ұлытау маңында тұрып, кейіннен Ұлы жүзге-Ташкент маңына ауысқан. Кейбір зерттеушілер бұл рудың атын ноғайлы Катаған жыраудан тараған деп те жүр. Бірақ ол жағы әлі толық зерттелмеген. Біздің білетініміз, Катаған-Ноғайлы ұлысына жататын байырғы тайпалардың бірі. Қатағанның «Шанышқылы» деп аталатын тобы Ұлы жүз құрамына жеке тайпа ретінде кірген. Ал жайма тобы Орта жүздің Қоңырат тайпасына кіретін «жетімдер» атты рудың бір урамы болып жүр. Қатағандар Өзбек ұлысының құрамында да бар. Бірақ негізгі бөлігі қазақтың XVIII ғасырда құралған құрама тайпасына енген. Қатағандар өз ішінде жайма, шанышқылы, бөлеген, сары, қатаған болып бөлінеді.
2. Дүрмен-барлас руы. Дүрмен-барласты көп зерттеушілер найман тайпасының бір бөлігі деп жүр. Найманның бағаналы руымен аталас барластар ертеректе Ұлытау, Қызыларай бөктерлерін жайлаған. XIII ғасырдағы моңғол жорығы кезінде олар Сырдарияға қарай жылжыған. Бұл ру-атақты әмірші Темірлан көрегеннің руы. XIV ғасырдың соңында Мауреннахр хандығы ыдыраған соң, дүрмен-барластардың біразы Бабырмен бірге үнді жеріне барып, жаңадан Моғұлстан қағанатын құрысқан. Енді бір бөлігі Ақмешіт уалаятына барған. Қазір олар жеке «сунақ тайпасы» атанып жүр. Қалған бөлігі қазақтың құрама тайпасының құрамына енген. Дүрмен-барластар өзбек ұлысының құрамына да енген, олар өзбек құрамында «дүрмен найман» деп аталады. Олар Ақмешіт, Ташкент, Самарқанд маңын мекендейді.
3. Баршылық руы. Баршылық руы VIII ғасырда Орта Азия жерінен Қорасан шайбани шаһпен еріп келген парсылардан құралған. Олар бертін келе түрік тайпаларымен араласып кетті. Баршылықтарда парсылардың әдет-ғұрыптары, тіл ерекшеліктері аздап сақталған. Олар қазір Сырдария, Ташкент, Жизaқ өңірлерін мекендейді. Баршылық руы кейіннен қазақтың құрама тайпасының құрамына енген.
4. Маңғытай руы. Маңғытай түркітілдес ноғайлы ұлысының маңғыт-қытай руларынан құралған. Маңғыт-қытай рулары XIV ғасырда Едігемен бірге қазақ жеріне келген. Алғашында олар Ұлытау, Кеңгір маңын мекендеп, кейін Ташкент маңына ойысқан. Маңғыт руынан атақты Едіге батыр шыққан. XIV ғасырда Едіге мен Ақсақ Темірдің бір қақтығысында олар көп шығынға ұшырады. Ал қалғандары қытай руының көсемі-Маңғылдың ұйымдастыруымен бірігіп Маңғытай руына айналды. Маңғытайлардың бір бөлігі Қоңыраттың құрамына, қалған бөлігі Құраманың құрамына енді.
5. Моғолстай руы. Моғолтайлар Үндістан жерінде тұрған түрік тайпасы Құндыздан тараған. Олардың қазақ арасына келуі XVII ғасырда атақты Моғолстан қағанатынын калауына байланысты. Кезінде Бабыр құрған бұл қағанат үш ғасырдай өмір сүрді. Моғолстан империясы кұлаған соң, бір топ түрік қазақ арасына келіп қоныстанды. Міне, осы түріктер шыккан жеріне байланысты моғолдыктар бертін келе моғолтайлар» атала бастады. Кейіннен казакпен әдетғұрпынін, тілінің ұқсастығына байланысты олар кұрама тайпасының құрамына енді.
6. Қоңырат (байсын қоңыраттары) руы. Коныраттар монгол жорығынан кейін 1006 жылдары Ферғана, Каршы жерлеріне келіп, сонда қоныстанған. Олар моғолстанда Үлбі өзенінің бойында тұрған. Олар түркітілдес тайпа болған. Қоңыраттар бертін келе Бұхара маңына қоныстана бастады. Қоңыраттан белгілі Алпамыс батыр шыққан. Қоңыраттар Көтенші, Көктің күлі, Көк Тәңірі, Үлбіші (байсын) болып, төрт топқа бөлінген. Алғашқы екі тобы (көтеншi, көктің күлі) Орта жүз құрамына моңғол жорығынан кейін кірген. Ал Жиделібайсын қоңыраттары Орта жүз құрамына кірген жоқ. Олар кейіннен XIII ғасырдың (үлбішілер, Қаршы маңындағылар) соңында жаңадан қайта құрылған Қазақ ұлысының құрама тайпасының құрамына енді. Көк тәңірі тобы өзбек құрамына енген. Қазіргі уақытта құрама құрамындағы қоңыраттар Ферғана, Қаршы (Қашқадария) аймақтарында тұрады. Олар-жартылай көшпелі, әдет-ғұрыптары, тілі қазақтардан еш айырмашылығы жоқ.
7. Қыпшақ руы-құрама тайпаның құрамына енген қыпшақтар Хиуаа, Бұхара жерінде тұрақтап қалған Қобыланды батыр ұрпақтары мен оның қара қыпшак руының бір бөлігі. Бұл қыпшақтар түрлі себептермен Орта жүз қыпшақтарынан бөлініп қалған. Бұған негізгі себеп XIV ғасырдың соңындағы Көк орда қағандығы өзбек және қазақ ұлысы болып екіге бөлінуі көрінеді. Құрама қыпшақтардың өз қандастары Орта жүз қыпшақтарынан еш ерекшелігі жоқ. Тек таңбасында ғана өзгеріс бар. Құрама қыпшақтардың қазіргі жан саны 150 мыңдай. Олар Хиуа, Бұхара, Ташкент және қарақалпак аймағын мекендейді.
8. Тарақты руы.
Олар – Орта жүз арғындарының бір бөлігі. Арғын құрамындағы тарақты руының Ақжол би бастаған бір бөлегі өз ұлыстарынан қалып қойған. Бұл аулыстарынан ертеректе бөлініп, Бұхара төңірегінде койған. Бұл тарактылардың арғы тарақтылардан өзгешелігі таңбасында ғана. Бұқара тарақтылары XV ғасырда азактын кұрама тайпасының құрамына енген.
Тарақтылар елі көшпелі өмір кешеді. Олар қазір Бұхара, Ташкент, Жизак маңын мекендейді.
9. Ноғайлы руы.
Ноғайлылар XVII ғасырда Ноғай ұлысынын сонғы ордасы-Аштархан хандығы құлаған соң, казак жеріне елген. Діні мен тілі ұксас олар қазақ тайпаларымен араласып кетті. Ноғайлылардың «ширбан» деп аталатын тобы – Орта жүздін коңырат тайпасының, мамай-герлип аталатын бөлігі Кіші жүздің Жағалбайлы тайпасының құрамына енген. Олар сол тайпалар құрамында «Ноғай», «Ноғайлы» атымен аталып жур, Ноғайлының Айдархан («аштархан ноғайлы» деген сөзден шыққан) атты бөлігі қазақтың құрама тайпасының құрамына енген. Ешбір тайпа құрамына енбеген ноғайлылар да бар. Олар Аштархан, Бестау маңын мекендейді. Аштархан ноғайлылары қазақ атымен аталады. Қазақ ноғайлыларының жалпы саны 200 мыңға жуық. Ал, жалпы, ноғайлылар соңғы деректер бойынша, бір миллионға жуық. Оның 700 мыңдайы жеке ноғайлы халқы болып есептеледі. Қазақ құрамына – 200 мың, татар-башқұрт құрамына 100 мыңдайы кірген. Біз сөз етіп отырған қазақтың құрама тайпасының ноғайлылары қазіргі уақытта Хиуа, Ташкент маңдарын мекендейді.
10. Алтай-қарпық руы.
Алтай-қарпықтар түріктің Қарлұқ бұтағынан тараған. Құрама тайпаның құрамындағы АлтайҚарпықтар ертеректе Алтай тауының бөктерін мекендеген қарлұқтың алтайдағы бір бөлігі «Алтайлық қарлұқтар» деп аталған. Сол алтайлық қарлұқ тобы, қазақ арасына келген соң, «алтай-қарпық» атала бастады. Олардың бір бөлігі Орта жүздегі арғынның қуандық руының құрамына XVIII ғасырда енген. Қазақ құрамына енбеген алтай-қарлұқтары (қазір Алтай ұлысы аталып жүр) жеке ұлыс есебінде Алтай бөктерін мекендейді. Олардың жалпы саны 600 мыңдай. Құрама Алтай қарпықтары Қаратоқа, Сарытока, Алтай деген таптарға бөлінеді. Бүгінде құрама алтай-қарпықтары Хиуа, Бұхара өңірін мекендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |