Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі тәжірибесі


а) Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі28,4 Kb.
#92587
1   2   3
а) Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тәрбие.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңі тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерінің іс-әрекеттерін көпшілік болып топтасып, бірге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшеліктеріне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалр садақ тарта білді, аң аулауға көмектесті, қыз балалр үй жұмыстарына араласты, киім пішті, тұрмыстық салт- дәстүрлердің рәсімдеріне қатысты.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңірқазан, Шарбақты және Ұлытау өңірлерінде мекен еткендігі туралы.
ә) Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени- жауынгерлік тәрбие дәстүрлері.
Сақтар империясы, шамамен, біздің жыл санау дәуірімізге дейінгі VII-III ғасырлар аралығында, қазіргі Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеді. Сақтар империясының құрамына массагет, исседон, савромат, аримаспы, дайлар, турлар, арийлер, және басқа да тайпалар кірген. Сақтардың көсемдері Африсиап, Томирис сол кездегі ірі мемлекет Парсы империясының патшалары Кирге, Дарийге, Александр Македонскийге қарсы күрес жүргізу барысында әскери- көшпелі тұрмысты қалыптастырған.
Ғұндар б.д.д. ІІІ ғасыр мен біздің дәуіріміздің І-ІІ ғасырлары аралығында сақ тайпалары мекендеген территорияеың мұоагерлері болды. Сол кезеңдердегі үйсін, қаңлы, жу-жу, дунку тайпалары ғұн империясының құрамына кірді. Ғұндар металл игерді, мал шаруашылығымен айналысты.
Ғұндардың Еуропаға жасаған жорығы Шығыс пен Батыс халықтары арасындағы этнолингвистика мен ассимилицияның өзгерістеріне ұшырауына негіз болып, дүние жүзі тарихында Шығыс халықтарының Батысқа жасаған ұлы қоныс аударуын (Великое переселение с востока)атты тарихи оқиға тудырды. Ғұн көсемі Атилла ( Еділ) бастаған қалың қол ұлы Рим империясына қауіп төндіріп, ақыры құуына әкепи соқтырды.
2.. Ұлы Түркі қағанаты және оның тәлімділік- танымдық мұрагерлері.
( VI–IX ғ.ғ. ) Араб- шығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы, орта ғасыр
оқымыстыларының тәлімгерлік ой- пікірлері. (X–XVғ.ғ.)
Ұлы Түркі қағанаты орта ғасырларда адамзат өркениетінің қалыптасуына аса зор үлес қосқан, сол дәуірлердегі дамыған мемлекет болған. Қағанаттың пайда болуы бір-бірінен ыдырап, бөлшектеніп кеткен дала халықтарының , тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениеті мен ғылыми дамыған бүгінгі түркі тілдес халықтарға ортақ мәйдениеттің қалыптасуы мен жасалуына, сонымен қатар әлемдегі аса қуатты, саяси империяның қалыптасуына ықпалын тигізді.
Қанағат сол кездегі өркениетті Византия, Араб Халифаты және Қытай империяларымпен дипломатиялық қарым- қатынас жасап отырды.Ұлы Түркі қағанаты бүгінде Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызтан, Түркіменстан, Ресейдегі- Татарстан, Башқұрстан, Якутия (Саха), Чувашия т.б. Қыфтайфдағы Шығыс Түркістан ( Шыңжаң Өлкесі ), Еуропадағы Венгрия, басқа да Шығыс Еуропа территориясын мекендеген батысында Карпат таулары, солтүстігінде Сібір жондары, ал оңтүстігінде Қытай қамалына ( Темір қақпа) дейінгі орасан зор территорияны иеленген.
Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге ІХ ғасырда ғұмыр кешкен әнші, әрі сазгер небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін жеткізді. Ол адамзат өмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны ажал құрығынан құтқармақ болды. Қорқыт өзінің жанын жегідей жеген ой- сезімдерін- қазалы жанның үрейін, өлімнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы күйімен, поэзиялық көркем тілмен баяндайды.
ІХ-Х ғасырларда ұлы Түркі қағанаты бірнеше мемлекеттерге ( Қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, т.б.) бөлініп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдік жүргізілуіне әкеліп соқты. Арабтар ислам дінін уағыздаумен бірге ғылым мен білім де әкелді, нәтижесінде түркі халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, фердоуси, Авиценна, Бурини, Низами, Науаи, Иасауи, Қашқари, Баласағұн және басқалары араб тілі мен мәдениетін меңгерді. Бұлт жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр Әәл-Фарабидің (870-950) еңбегіне ерекше тоқтала кетуге тура келеді. Бірнеше ұлттың білін білген, ғылым-біцлім іздеп, бар өмірін сол жолға сарп етіп, артында қыруар еңбек жазып қалдырған әл-Фараби бабамыздың тәлімдік-ұстаздық еңбегі ұшан теңіз.Оның сан-салалы трактаттарында (“Азаматтық саясат”,”Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері”, “Бақытқа жету жолында”, “Риторика”, “Қайырлы қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат” т.б.) педагогикалық, психологиялық, философиялық, дидактикалық және әдіснамалық ой- пікірлері баяндалған.
X-XV ғасырлар аралығында Орта Азия мен Қазақстан топырағында медресе шәкірттеріне арналып математика, логика, этика пәндері бойынша көптеген оқу құралдары жарық көрді. Тавтазани жазған “Мантик” (логика)
Оқу құралы медреселерде ұзақ жылдарбойы қолданылып келді. Тавтазанидің ізбасарлары ротазиялық ойшыл-ғұламалар Диуани (XV ғ.) мен Жүсіп Қарабағи (XVI ғ.) жазған кітаптарды қазақтың ұлы ағартушысы, ақын Абай Құнанбаевтың пайдаланғаны мәлім болып отыр (45, І том, 50).
Мәдени тарихымыздан ерекше орын алатын “Диуани Хикмет ” атты кітап жетпіс жыл бойы діни-мистикалық еңбек деп біржақты бағаланып, беті ашылмай келген, ал шындығында өзінің ақыл-парасат, өсиеттілігімен бүкіл Шығыс елдерінің ғалымдарын тандандырған, ХІ-ғасырда өмір сүоген әрі ақын , әріғалым-философ, тарихшы Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың ғылыми еңбегін бүгінде ыстық ілтипатпен ауызға аламыз. Иасауидің еңбектерін белгілі шығыстанушылар А.Вамбери, П. Ахмеров, В. Бартольд, М.Массон т.б. Бұдан әлденеше жыл бұрын зерттеп,өз пікірлерін ортаға салып келсе.
ХІ-ХІІ ғасырларда қазақ жерінде түркі тілінде жазылған этикалық –педагогикалық трактаттар көп тарады. Мәселен Жүсіп Баласағұнидің “Құдатғу білік” (“Құтты білік”) атты кітабы сол кездегі түркі тілдес халықтардыңдүнияуи тақырыпта алғаш жазылған ескерткіші еді.
Ілкі орта ғасырдан бізге жеткен тағы бір жазба ескерткіш –түркі тілдерінің сөздігі, халықтың сөз қолданыс үлгілерінің топтамасы іспетті Махмуд Қашғаридың “Диуани лұғат-ат түрік” аттыеңбегі болды. Бұл сөздікте этнопедагогикалық және моральдық –психологиялық мазмұндағы қызықты топшылаулыр аз емес.
Осы өңірден шыққан екінші бір ойшыл- Ахмет Жүйнекидің (ХІІ ғ.) “Хибатул хикайқ” (“Ақиқат сыйы”) атты шығармасында ілім-білімді игеру ісінің халық үшін пайдасы, оның көзқарасының бұқарашылық сипаты, гуманистік ой-пікрлері айқын сипатталады.
Алтын Орда ммелекетінің кезеңдерінде пайда болған “Бабырнама”,(“Бабыр дастаны”), ал Хорезмидің “Мухаббатнама”, Сайф Сарайдың “Қырық бір батыр жыры”, “Гулитан бит турки”, Құтыптың “Хусрау Шырын” сияқты туындылары сөзсіз жас ұрпақтарға тәлім-тәрбиелік ықпалын тигізді.
3 Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тіәлім- тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы ойлар). Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт- азаттық қозғалыстар және ағартушылық- демократиялық идеялардың өркен жаюы.Қазақ хандығының құрылуы-14-15- ғасырларда , Алтын Орда мемлекеті мен Ақсақ Темір (Бабыр) империясының өзара бақталастықтарының нәтижесінде әлсіреп, ыдырай басатаған кезеңдерге тура келеді. Қазақ хандығы-сөзсіз кешегі ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгі түркілердің, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлері болып саналады.
Алтын Орда империясының ыдырауы – Русь мемлекетінің отаршылдық бұғаудан босанып, өз тәуелсіздігінің алуына әкеліп соқты. Шыңығысхан мен Алтын Орда империяларынан асяси тәжірибе жинақтаған Русь мемлекетінің тәуелсіздік алуы –қайта өрлеу дәуіріне (14-16 ғ.ғ.) дөп келді.
Қазақ халқының өзіндік мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрі қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати , Қадырғали Жалаыри, Қасым, Есім, Хахназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілхайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұтқа өнегелі сөздерімен, өлең –жыр толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады.
XV –VII ғ жыраулар шоғырынан өздерінің тәлімдік идеяларымен Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиенбет, Бұқар жырау секілді дала философтары ерекше көзге түскен еді. Халқының қамын жеп, оның береке- бірлігін, келешеектегі бағытын, көгерер күнін аңсаған Асан Қайғы өз отандастарының алдағы өмірі не болмақ деген толлғаныспен күн кешті.
Тәуке ханның «Жеті жарғысы» – бүгінгі Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың негізгі іргетасы болып саналады. Сондай –ақ сол кезеңдерде дүниеге келген Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих -иРашиди», «Жаханнама», Қадірғали Жалайыридің «Жамиғат Тауарих», халық туандамалары: «Наурыз бәйіті», «Нысабнами казах» т.б. ұрпақ танымы үшін аса зор тәлімдік мәнді шығармалары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет