2020 жылғы «----»----------------
№--------бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
«Логикалық математика» Қосымша ақылы білім беру бағдарламасы (5,6 кластарға арналған)
Ақтөбе-2020 жыл
Тақырыбы: 5,6 сыныптарға арналған қызықты математика (5,6-сыныпқа арналған қосымша курсының бағдарламасы)
Түсінік хат Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамытып, математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында 5,6-сынып оқушыларына арналып құрылған қосымша курстың тақырыбы «5,6 сыныптарға арналған қызықты математика » деп аталады.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі жолы қызықты тапсырмаларды пайдалану, ол тапсырмалар зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа шапшаң есептеу қаблеттерін дамытуға тәрбиелейді.
Мақсаты: Оқушылардың теориялық білімін нығайтып, өздігінен іздендіре отырып, шығармашылыққа жетелеу. Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейту.
Жалпы логикалық –ойлау мәдениетін дамыта отырып, оқушының математикаға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың байқағыштық және қорытынды жасай алу қабілеттерін дамыту.
Міндеттері: Математикалық білімге қызығушылығын арттыру.
Өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Математикалық ойлау, тапқырлық, білімдарлық қаблеттерін дамыту.
Математиканың өмірмен байланысын көрсету.
Пәнаралық байланыс: тарих
Күтілетін нәтиже: Логикалық есептерді шығару;
Тапқырлыққа, зеріктікке берілген есептерді шығара білу;
Оқушыларды есепті талдап, шығару жолының жоспарын құрып, есепті шығарып қорытынды жасай алу керек;
Ұжыммен, жеке жұмыс жасап үйренеді;
Математикалық ой-өрісін, танымын кеңейтеді;
Математикалық білімін толықтырады.