Байланысты: Тәрбие сағаты Қазақ халқының салт-дәстүрлері 8-9 сыныптар
Адалдық - адамгершіліктің ең басты қағидаларының бірі. Ол кез келген істе, әрекетте, сөзде өзінің пендешілік мүддесінен адамшылық мүддесін жоғары қоя білуді білдіреді, яғни бас пайдасы үшін екінші біреудің мүддесіне нүқсан келтірмейді. Ар- үятын жоғары үстайды.
Адалдык өсек-өтірікке жоламауды, біреуді сыртынан ғайбаттамауды аңғартады. Адал болу дегеніміз — жаны, жүрегі таза болу деген сөз.
Адал адам ақиқатты ардак түтады. Шыншылдықты сүйеді. Біреудің мүлкін, беделін, абыройын сырттай саудаламайды.Жақынын,туысын,танысын,достарын, айналасындағыларды ардақтайды. Ешқашан ешкімді сатып кетпейді. Отанына үнемі қалтқысыз адал. Әр кезде иманын қорғай біледі. Иманмен тиянақталған адалдықты кіршіксіз адалдық деп атайды.
Адалдық рухани тазалықтан туындайды. Жан дүниесі, рухани әлемі таза адамның әрқашан абыройы асқақ, беделі жоғары. Ол өтірік айтпайды, үрлық істемейді, біреудің затын рұқсатсыз пайдаланбайды, зәлімдік жасамайды. Адалдық адам баласының ең тамаша қасиеттерінен саналады. Адал адамның- достығы — мэңгілік.
Қазақта айналасындағыларға көмектесуге үнемі эзір, арам пиғылы жоқ, шын ниетімен ақтарылып түратын жандарды ақкөңіл деп атайды. Олар қолында барын ешкімнен аямайды. Қазақта “Ақ көңілдің аты арып, тоны тозбас” деген қанатты сөз содан қалған.
Адал жанның үйқысы тыныш, күлкісі ашык. Оған біреудің жақсылығы мен қуанышын кызғану, көре алмау сияқты қасиеттер жат. Адалдық өзінен өзі келмейді. Ол — тәрбиенің жемісі. Адал болу үшін адам жас кезінен өз жүрегін тыңдай білуі, өзін-өзі тэрбиелеуі қажет.
Амандасу - бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Адам баласы дамуының балаң кезінде амандасу - қолында тасы не басқадай қаруы
жоқтықты көрсету үшін жасалған қауіпсіздік әрекеті, “Міне, көрдің бе, қолымда дэнеңе жоқ” деп оң қолды көтеріп сэлемдесу, “Сенбесең алақанымды үстап көр” деп оң қолды үсынып амандасу бейбіт ықыластың ишарасы. Оң қолды көтеру немесе оң қолды үсыну қару үстайтын оң қолдың бос екендігін, жауластық ниетінің жоктығын аңғартады.
Осындай ізгі ишара біртіндеп амандасу сияқты тамаша әдетке, одан бірте-бірте мінез-қүлық ережесіне айналған,
Қазақ халқында амандасуға айрықша мэн беріледі. Әдетте кіші үлкенге, аттылы жаяуға бүрын амандасады.
Ассалаумағалейкүм (Алланың нүры жаусын!) — амандасудың кең тараған түрі (сәлем беру).
Уағалайкүмассалам! (Саған да Алланың нүры жаусын!) (сәлем алу).
Армысыздар! Бұл амандасудың ежелгі қазақи түрі.
Сәлеметсіз бе? Амандық сұрау, сыпайы сәлем беру.
Сэлемдесу немесе сэлем беру деп кішінің үлкенге алдымен амандасуын айтады. Қатар қүрбылардың бір-бірімен амандасуын да көбіне сэлемдесу дейміз.
Қол беріп амандасу шынайы ізгі ниетті білдіреді. Имандылық қағидасы бойынша қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бүрып немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Амандасушылар бір- бірінің көзінетура қарап шын пейілмен, жылы жүзде амандасқандары жөн. Теріс қарап амандасу - менсінбегендіктің белгісі. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.