Қазақ халқының салт- дәстүрлері



бет7/7
Дата14.12.2022
өлшемі79,33 Kb.
#57253
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тәрбие сағаты Қазақ халқының салт-дәстүрлері 8-9 сыныптар

Төс цагыстырып амандасу - ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанышын білдіреді. Бір-біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.
Қолдан сүйіп амандасу - әжелердің немесе апалардың жеткіншектердің, жасөспірімдердің қолынан сүюі. Ол балаларға, жас ұрпакқа деген қүрметті білдіреді. Қолдың сыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюге болмайды.
Көзден сүйіп амандасу - әжелер немесе апалар өте жақсы көретін немерелерін сағынғанда көзінен сүйіпамандасады.
Иіскеп амандасу-қ ариялар, ақсақалдар кішкентай бөбектерді иіскеп амандасады.
Маңдайдан сүйіп амандасу - үлкен адамдар кішкентай балалардың, жеткіншектердің маңдайынан сүйіпамандасады.
Көпшілікпен амандасу. Көпшілік отырған жерге келген кісі әрқайсысына емес, жүрттың бэріне ортақ
бір ғана сәлем береді. Отырғандардың бірі сәлем алса, ол бәрінің сәлем алғанын білдіреді. Дастархан басында бәрімен қол алып амандасу міндетті емес.
Бір үйдегі отбасы мүшелері де, бірге қонып шыққан адамдар да таңертең бір-біріне “Қайырлы таң!” деп айтып амандасқандары жарасымды,
Уәдеде тұру - адамдық қарым-қатынастардағы аса құнды қасиет. Адамға адамның сенімі сөзін бүлжытпауынан, берген уэдесінде түруынан қалыптасады. Сенім жоқ жерде іс оңға баспайды. Ал сенім — бірлесіп атқарылатын кез келген істің, кез келген шаруаның іргетасы. Сондықтан досыңа, туысқаныңа, танысыңа бір шаруасын орындауға келісім берерде алдымен ойланып алғаның абзал.
Уәдеде тұру адамның өз-өзіне сенімін арттырады, өзгелердің алдында абыройын көтереді. Жүртқа қашанда сыйлы болады. Халқымызда f “Уәде — құдайдың ісі” деген мэтел бар. Ол берілген уэдені қалайда орындау керектігін меңзейді. Уэде берме, берсең өлсең де орында. Айтқан уэдеде тұру — ер жігіттің ісі.
Уәдеде тұруға үмтылу — балалардың өзін- өзі тэрбиелеуіндегі маңызды қадам. Ол адамның табандылық, жауапкершілік, өзгелерге жэне өзіне қүрмет сезімдерін қалыптастырады. \
Қолынан келе ме, келмей ме ойланбастан “Мен мына істі қатырамын” деп бөсу ақыры абыройсыздыққа соқтырады. Жүрт “Е, соны койшы, жүрген бір бөспе” деп теріс айналады.
Сондықтан бірден уэде беруден бүрын адам өз мүмкіншілігін есептеп алғаны жөн. Қолынан
келмейтін болса, бірден бас тартқаны жарасымды.
Уәдеде тұрмау адамды аздырады. Айналандағылардың сенімін кемітеді. Адамдық, азаматтық бейнесіне нұқсан келтіреді. Жүрттың мазағына айналады.
Бұл орайда “мұра” деген қасиетті үғымға тоқталмай кетуге болмайды. Өйткені ата-бабаларымыздан біздерге калган барлық құндылықтар — мұра, аманат. Біз — бүл құндылықтардың мұрагеріміз, олай болса олардан аманат қып алған бұл мұраларға қиянат жасауға еш қақымыз жоқ.
/ “Мұра” деген үғымға Манаш Қозыбаев ағамыз былайша түсініктеме береді: “Байтақ қазақ жері Отанымыз, көшпелі өркениет, мемлекеттік дәстүріміз, салт-санамыз, таңғаларлық қонакжай, кең пейіл, ата сыйлаған, ана сыйлаған мейірбандылығымыз, бір өзі талай Гомерлерді тудырған ұлылар галереясы, сайын даланың сақшысы, жерінің құтын, тәуелсіздігін қорғаған қайраткерлер, дамыған әдебиетіміз, қүлашын әлемге сермеген мэдениетіміз, тіліміз, дініміз — осының бәрі халық мұрасы.
Бір ғажап қазына — азаматтық парасат, тарих алдында адал болу, ата рухын сақтау, туған жердің алдындағы парызын ақтау ата өсиеті болып танылған.
Ары таза, Отан деп шырылдап, жанын шүберекке түйіп шейіт болып кеткен халық перзенттерінің істері
1-халық мүрасының асылы, үлттық мақтанышы. Біз
осындай есімі даңқты ата-бабаларымыздың осы күнгі мұрагеріміз

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет