Қазақ халқының салт- дәстүрлері



бет2/7
Дата14.12.2022
өлшемі79,33 Kb.
#57253
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Тәрбие сағаты Қазақ халқының салт-дәстүрлері 8-9 сыныптар

5.Тұсау кесер(салт).Сәби қаз тұрғаннанкейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
Ғұрып.Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.
Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:
1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды.
Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.
Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.
Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.
1)Тыштырма(дәстүр)Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт,ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма,тыштыма»деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.Тыштырманы әйелдер ырым етіп бөлісіп, бала-шағаларына үлестіріп береді.
2) Базарлық(дәстүр) -алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес,көрші-көлем,жас балалар, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.
3) Байғазы(дәстүр)-балалардың, жастардың жаңа киім үшін берілетін ақшалай,заттай сый.
4)Тілашар(дәстүр).Баласы 7 жасқа толған соң балаға жаңа киім кигізіп,оқу жабдықтарын дайындап,шағын той өткізеді.Мұны «тілашар»тойы деп атайды.
5( жеті ата(дәстүр). Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білдіруді міндеттеген.Олай болса жеті ата:Бала,Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.
6) Асату(дәстүр).ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.
Оқушы. Шашу, шашу, шашайық,
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке ,бұл тойда
Керемет рәсім жасайық!
Бала: Сүйінші,сүйінші.дүниеге сәби келді.
Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі.Қазақ сүйіншіден нені аяған.Мінеки сүйіншіңді ала ғой.
Оқушы:Балаға қандай ат қойсақ болады екен?
Қане қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою»рәсіміне кезек берейік
( «Балаға ат қою» рәсімі жасалады.)
Оқушы:Енді дүниеге келген баланы бесікке салу әжелеріміз де дайын сияқты. Қызықты үзбей «Бесікке салу»рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты. (Бесікке салу)
Оқушы:Халқымның қолөнері аса көркем,
Таң қалып қарап қалар оны көрген,-деп қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне бір сәт саяхат жасап қайтсақ қайтеді. Бүгінгі кеште ұйымдастырылған қолөнер бұйымдарын қарашы, қандай керемет! «Шешеден көрген тон пішер, әкеден көрген оқ жонар»демекші біздің сыныптың қыздары кесте тігіп,тоқыма тоқып,көрпе құрап отыр, ұлдарымыз болса қамшы өріп қызу жұмыс үстінде.Бұның өзі қазақтың тұрмысының тамаша көрнісі емес пе?
Оқушы: Айтпақшы біз атын қойған кешегі сәбиіміз бүгінде жүруге талпынып жүрген тәрізді. Бүгін әжелеріміз сол сәбидің тұсауын кеседі дейді.Жүр қалып қоймай соны тамашалайық.( «тұсау кесу» рәсімі)
Әже: Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төселік.
Жарылқасын алдыңнан,Тұсауыңды кеселік,
Кірмеуіңді шешелік,-деп сәбидің тұсауын ала жіппен кеседі.
Оқушы:
Баталы құл арымас,
Батасыз құл жарымас.
Батамен ел көгереді,
Жауынмен жер көгереді,-демекші баламызға аталарымыз батасын берсін.
Оқушы: қарашы ана жақтада қазақ жастары уақыттарын қызықты өткізіп жатқан тәрізді.Сол жаққа барып қайтсақ қайтеді.қыздар, бұл ойнап жатқан ойындарын қандай ойын , қалай атайды?( « бес тас»ойыны түсіндіреді)
Оқушы: Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі танымды ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржыннан кез келген бір асықты аласыңдар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз, кім көп жауап береді екен?
1-сұрақ
Он атаны таратып беріңіз.
( әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жегжат, жұрағат, жамағат)
2-сұрақ
Үш мақсатты ата.
Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.
3-сұрақ
Үш арсыз.
Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.
4-сұрақ
Үш алыс
Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
5-сұрақ
Үш биді атаңыз.
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
6-сұрақ
Үш жүзді атаңыз.
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
7-сұрақ
Үш даусыз.
Мінез, кәрілік, ажал.
8- сұрақ
Жігіттің үш жақын жұртын ата.
Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт.
9-сұрақ
Үш арыс
Сәкен Сейфуллин, Бейінбет Майлин, ілияс жансүгіров.
10-сұрақ
Үш сауап
Шөлге құдық қазған.
Өзенге көпір салған.
Жолға ағаш еккен.
11сұрақ
Үш байлық
Денсаулық, ақ жаулық, он саулық.
12-сұрақ
Үш тәтті
Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті.
13- сұрақ
Төрт қонақ
Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ,
Қылғыма қонақ.
14-сұрақ
Төрт түліктің пірін атаңыз.
Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.
15-сұрақ
Төрт қымбат не№
Алтын ұя Отан қымбат,
Құт- береке атаң қымбат.
Мейірімді анаң қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
16-сұрақ
Бес дұшпан
Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекермал шашпақ.
17-сұрақ
Бес асыл
Талап еңбек, терең ой, қанағат .
18-сұрақ
Бес байлық
Әуелі баайлық- денсаулық.
Екінші байлық-еркіндік.
Үшінші байлық- тіл байлық
Төртінші байлық –қайрат-күш,ақ жаулық.
Бесінші байлық-балаңыз.
19-сұрақ
Бес қаруға нелер жатады?
Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.
20-сұрақ
Бес қатер
От, жау, борыш,ауру, сөз.
21-сұрақ
Бес жақын кімдер?
Тату болса- ағайын жақын.
Ақылшы болса-апайың жақын.
Бауырмал болса-інің жақын.
Инабатты болса-келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын
Қимас жақын қарындасың.
22-сұрақ
Алты алаш деген кімдер?
Алаш ханның балалары: қазақ, Қарақалпақ, Қырғыз, өзбек, Түркімен, Жайылхан.
23-сұрақ
Алты қиынды атаңдар.
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын.
Шанышқылаған сөз қиын.
Жазылмаған дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын.
Ақылынан адасып,
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды болса бас миың.
24-сұрақ
Жеті жұт
Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс,жер сілкіну, сел (тасқын)
25-сұрақ
Жеті күнді атаңдар
Бүгін-дүйсенбі
Ертең –сейсенбі.
Бүрсігүні-сәрсенбі.
Арғы күні-бейсенбі.
Ауыр күні-жұма.
Соңғы күні-сенбі.
Азына-жексенбі.
26-сұрақ
Жеті қазынаны атаңыз.
Ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт,берен мылтық.
27-сұрақ
Жеті атаны таратыңыз.
Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
28-сұрақ
Жеті жетімге нелер жатады?
Тыңдаусыз қалған сөз жетім.
Киюсіз қалған бөз-жетім.
Иесіз қалған жер-жетім.
Басшысы жоқ ел-жетім.
Аққу-қазсыз көл –жетім.
Елінен айырылған ер -жетім.
Замандасы қалмаса,
Бәрінен де сол жетім.
Оқушы
Ата дәстүр абырой көтергенде,
О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!
Тоқталамыз енді біз, ал халайық,
Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.
«Сөздің көркі –мақал»деген ұғым бар.Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане екі жақтан жарысқа кім шығады?
1. -Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «АРыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді» деген, сәлем беруге келдім.
2. -Амансың ба, достым? «қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.
3. — «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық»дегендей жайғассақ жайғасайық.
4. – «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңеде риза болып қайттық қой.
5. –«Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа жетер» демекші татулық пен ауызбіршілікке не жетсін.
6. -«Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.
7. -«Бірлік түбі – тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.
8. -«Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады, жақсымен сөйлессең, көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.
9. — «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзай емізер» демекші қой қайтатын, мал келетін уақыт болды.
10. — “Тау тауға косылмас, адамға адам косылар” деген, элі кездесерміз, cay бол!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет