«Шоқанның эпостық жырлар мен ғашықтық жырларды зерттеуі» Ауыз әдебиетінің інжу-маржандары: «Ләйлі-Мәжнүн», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Қыз Назым», «Жүсіп-Зылиқа», «Еңлік-Кебек» сияқты ғашықтық дастандарды ұзақ таңға Шоқан сан рет тыңдаған және бала кезінен-ақ қағаз бетіне түсірген. Соның ішінде, әсіресе, халыққа өте кең тараған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырына ерекше ден қойған.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» дастанын орыстың ақыны А.С.Пушкин Оралға келгенде орыс тіліне аударып жазып алған. Қозы мен Баянның құрметіне қойылған ескерткіш Аягөз бекінісінен тоқсан шақырым жерде тұр. Дастанға 1500 жыл. Шоқан әсіресе Шөже ақынның айтқан нұсқасын жазып алған. Шоқанның эпостық жырына Иманбеков қосымша мынадай мәлімет жасады. Шоқан «Едіге туралы аңызды» 1842 жылы Арыстанбай деген ақынның айтуымен жазып алған. Шоқанның осы еңбегін 1905 жылы профессор П.М.Мелиоранский Петербургте бастырып шығарған. Шоқан бұдан басқа «Ер Тарғын», «Қобыланды», «Алпамыс» т.б. эпостық жырларды зерттеген. Шоқанның ұзақ зерттегені «Едіге батыр».
5. Шоқан – саяхатшы Ішкі Азияға барған 4-ғалым, бұның алдында:
1-рет 1278 жылы Марко Поло;
2-рет 1603 жылы Иезуит Гастен;
3-рет неміс ғалымы Шланинтвейт;
4-рет Шоқан Уәлиханов 1858 жылдың 28 маусымында.
Шоқанға осы еңбегі үшін 4-дәрежелі «Ізгі Владимир» ордені мен 500 сом күміс ақша берілді.
1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинап қайтады. Кейін ол: «Тәңірі», «Қазақстандағы шамандықтың қалдығы» деген еңбек жазады.
1856 жылы Шоқан Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысады. Бұдан кейін Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады.
1858-1859 жылдары Шоқан өзінің Қашқарияға барған атақты саяхатын жасайды. Ол сол өлкенің жаратылысы, тарихы, этнографиясы жайлы көп мәліметтер жинайды. Бұл мәліметтер Шоқанның дүниежүзілік география ғылымына қосқан зор жаңалығы болып есептеледі.