Қазақ хандарының төрелер әулеті қайдан шыққан?



бет1/2
Дата16.01.2023
өлшемі31,24 Kb.
#61473
  1   2
Байланысты:
Қазақ хандарының төрелер әулеті қайдан шыққан


Қазақ хандарының төрелер әулеті қайдан шыққан?
28.07.2020, 06:00
200


Шыңғыс ханның ататегі туралы не білеміз?
Қазақ хандарының арғыбабасы Шыңғыс хан болып табылатынытарихта дау туғызбайды. Алайда Шыңғыстың руы бөржығын-қият болғанынақарамастан, қазақ арасында одан тараған ақсүйек әулет өкілдерінің осы руғажататыны айтылмай, олардың, яғни қазақхандары мен сұлтандарының рулық шежірелерде төрелер деп аталатыны тағы белгілі.Олай болса, Шыңғыс хан да төре емес пе? Бұрын қияттан тараған Шыңғыс хан ұрпағықалайша төре атанып кетті? Енді соны түсіндіруге тырысалық. Кезінде ру емес,ашиналықтар, қарахандықтар тәрізді әулет (династия) атанған төрелер бүгіндеқазақ құрамында жеке рулық ұраны бар, таңбасы бар жеке тайпа. Алайдадүниежүзілік тарих мұны ескере бермейді. Әлемдік тарихшылар Шыңғысты көп жылдарбойы шығу тегі жағынан моңғол деп түсіндіріп келсе, кейінгі жылдары оны түркі,тіптен қазақ деп дәлелдеуге тырысатын «зерттеушілер» пайда болды. Аленді қазақтың ол өмір сүрген XIII ғасырда әлі де біртұтас халық ретіндеқалыптаспағанын, сондықтан «қазақ» атауы ол заманда халықтың аты ретінде тарихсахнасына шықпағанын, өйткені қазақты құрайтын этникалық топтардыңрулық-тайпалық қауымдастықта өмір сүргенін мойындайтындар Шыңғыс ханныңжалайырлар тайпасында сақталған ежелгі ататек шежіресін алға тартады. Алайдаалдын ала айтарымыз, бұл Шыңғыс ханды қазақ жалайыры деп қабылдауға берік негізбола алмайды. Себебі жалайырлар орта ғасырларда Ұлы дала аймағынан тыс, басқахалықтар құрамында да таралып кеткен. Көне деректер осы жалайырлар тарихыныңбіз әңгімелеп отырған «төре» тарихи атауымен тікелей байланысы бар екенін айқынаңғартады.
Бірақ мұнда ескеруді қажетететін тағы бір мәселе – X-XII ғасырлардағы жалайырлар одағындағы он тайпақұрамына түркітілдестер ғана емес, көне манчжур (арғы моңғол) тайпалары да кірген.Яғни ол заманда қазір Моңғол үстірті деп аталатын географиялық аймақта өмірсүрген түркітілдес және моңғолтілдес тайпалардың қалыптасулары аса күрделіэтникалық үдерістерді бастан өткізді. Оларды тілдерінде ортақтықтың көп болуынабайланысты қазіргі ғылымда бір сөзбен «алтайтілділер» деп атап кеткен. Осылайшакейін моңғол атанған халықтың қалыптасуы да көшпелі түрік және көне моңғолтұңғыс-манжұр рулық топтарының бірігу барысында қалыптасты (Викторова Л.Л. Монголы. Происхождение народа и истокикультуры. — М., — 1980. 175-б.). Бұл,әрине, осы заманда Моңғол үстіртінде өмір сүрген жалайырларға да қатысты. Яғнижалайырлар және осындағы т.б. түркітілдес тайпалар Орталық Азияда шығыстанбасталған Х-ХII ғасырлардағы қидандар (манжұртілдес қытайлар) жаулауынан кейінкүшейе түскен моңғолтілдес тайпалардың үстемдік ала бастауына байланысты оларғабас июге және тіптен олармен этникалық тұрғыдан бірігіп жақындасуға мәжбүрболды. Ескеретін бір мәселе – бұлар қазіргі қытайлардың бабалары емес.
Осылайша «жазбаша әдебижәне дәстүрлі тарихи протомоңғолдық мәдениет пен тілдің ошағын» ОрталықАзияда 200 жылдай империялық билікте болған қидандар нығайтып кетті, ал Шыңғысхан болса өзін осы Ляо атты қидандар империясының саяси және этномәденимұраларының заңды ізбасары ретінде қарады. Осындай ахуалда негізін түркітілдес оғыздар құраған жалайырлар қидандарбилігі және Шыңғыс хан империясы тұсында моңғолтілдес тайпалардың ықпалынатүсіп, моңғол атана бастады. Бұл тұста, жоғарыда айтқанымыздай, біртұтас алтайтілдері тобына жататын моңғол тілі мен түркі тілдері аса жақын болғандықтанжәне осы екі этностың рулары ортақ аймақта аралас, қатар өмір сүргендіктен,жалайырлардың және т.б. түркітілдестердің моңғол болмаса да, моңғол атануыэтникалық ортада әдеттегі жағдай еді. Қуатты империя құрған моңғолтілдестердің қоластында болғандықтан, түркітілдестер де өздерін «моңғолдармыз» немесе түркідиалектімен «моғолдармыз» деп атауға әдеттеніп алды. Бірақ бұдан ежелгіжалайырлар басқа этносқа – моңғолдарға айналып кетті деген ұшқары қорытындытуындамауы керек. Рашидад-диннің еңбектерінің арқасында бізге жеткен жалайырлардың ежелгі шежіресіолардың түп атасы оғұз түріктері екенін дәлелдейді және моңғолдардың оларғажақындығын, әрқашан аралас-құралас көрші болғандарын да көрсетеді. Айтылғандартүсінікті болу үшін Рашид ад-диннің он рудан тұратын жалайырлардың ежелгішежіресіне назар аударған жөн (Рашидад-Дин. Сборник летописей. — Т. 1. — 73-98 бб.). Бұл шежіреден кейіннен, ХIV ғасырдан соң, Ұлы далада төлеңгіт (доланга)және төре (тури) атанған тарақ таңбалы рулардың ежелгі жалайырлар құрамындағыон ру қатарында жалайыр атанып, бірге жүргендерін байқаймыз. Сонымен қатар осы ежелгі шежіреден жалайырлардыңөздерінің де бағзы заманда дәрлекіндердің (төрөлекүндердің) тайпалар одағынантаратылатынын көріп отырмыз. Бұл жерде, әрине, Шыңғыс хан әулетін «төрелер» депатайтын кейінгі қазақ атауы тағы да еріксіз еске түседі. Моңғол-қалмақтарихының білгірі, зерттеуші В.Ш.Бембеев осыған байланысты былай деп жазады (үзіндімазмұны күрделі болғандықтан, қазақшаға аудармай бердік): «Процессобъединения племен и народов Центральной Азии, характерный для эпохи Чингис-хана,приводил к смешению этноформаций и образованию новых, из коих, наиболеенаглядным являлся раздел формации «дарлекин». Учтемспецифичность тюркского и монгольского языков того времени и сделаем оговорку:слова при произношении приобретали несколько иное, чем сегодня, звучание исмысловую окраску из-за трансформации отдельных согласных и гласных звуков.Название «дарлекин» должно было читаться по-монгольски «торолекун», что понимается как «родственники, родственные». По Рашид-ад-дину, все 20 подразделенийформации «дарлекин-торолекун»: «джалаир,сунит, татар, меркит, курлаут, тулас, булагачин, керемучин, урасут, татамих,таргут (торгоут), ойрат, барг(к)-ут, к(х)ори(тори – Т.О.), теленгут, урянка,курх(г)-ан, сухат…»– всего 18 из двадцати (2 наименования пропущены или самим Рашид-ад-дином, илипереписчиками), были родственными. Разговаривая между собой, они все понималидруг друга. Военно-административные,социально-экономические и многие другие образования, переплетаясь друг сдругом, в связи с формированием империи Чингис-хана, непосредственно влияли на процессэтногенеза» (Бембеев В.Ш. Ойраты в империи Чингис-хана //Вопросыистории. — 2006. — №5. 158-б.). Бұл маңыздыпікірден аңғаратынымыз: түрікше «дәрлекін»атауы көне моңғолша – төрөлекүн депайтылады. Бұл «туыстар», «туысқандар» деген мағынаны білдіреді. Бұдан шығатын қорытынды: дәрлекін тайпалар одағы сол замандағы елбилеушілердің ортақ географиялық аймақты мекендеген түркітілдестер мен моңғолтілдестердібір қауымдастыққа біріктіру саясаты еді. Мұндай екі түрлі этносты бір елгебіріктіру әрекеті, жоғарыда атап өткеніміздей, Шыңғыс ханнан бір жарым ғасырбұрын, Орталық Азияны билеген моңғолтілдес қидандардың (оларды ол кездеқытайлар деп атайтын) аса қуатты Ляо империясы тұсында қолға алынған еді.Шыңғыс, әрине, әртүрлі рулар мен тайпаларды біріктіру үшін осы саясаттыжалғастырмақ болды.
Биліктегілер қолдан жасаған кейбіртұрақсыз халық бірлестіктері тәрізді дәрлекіндер (төрөлекүндер) қауымдастығыда болмысы екі түрлі этносты бір, ортақхалыққа бәрібір біріктіре алмады, біріктіре алмайтын да еді. Оның басты себебі– бұрын негізінен түркітілдестер аймағы болған Моңғол үстіртінің орталығындажәне шығысында X-XII ғасырларда Ляо империясы негіздеп берген манжұр-тұңғыстілділердің үстемдігінің орнауы осы дәрлекін-төрөлекүн одағындағы тайпалардың ендалада бірге көшіп, қатар жүрсе де, түркітілдестер мен моңғолтілділерге жіктелуүдерісін жеделдетіп жіберді. Бұл одақтан алғаш түркітілдес жалайырлар, татарлар, меркіттер тәрізді күшті тайпалар, өсекеле біртіндеп дербестеніп, іргелерін аулақтатты. Әсіресе жалайырлар өздерініңосы екі тілде сөйлейтіндерге де жақындығын пайдаланып, дәрлекін-төрөлекүндерқұрамындағы кейбір руларды өзінің құрамына сіңіріп қосып алды. Осылардыңарасынан кейіннен төлеңгіт (теленгут) атанған, кейінгі қазақ хандарына жақынжүрген руды және деректерде көне моңғолдардың хори, кори тайпаларыменшатастырылып, тори деп, әртүрлі аталып жүрген төре руын да кездестіреміз. Бұларол кезде әлсіз, жас рулар еді. Сондықтан да олар бұрынғы қауымдастық ыдырағандажалайырларды паналады және жалайырдың он рудан тұратын одағында олар осылайжаңа атауларға ие болды, сөйтіп, бұл атау оларда мәңгі бақи сақталып қалды.
Осылайша енді бұрынғы уақыт сынына шыдамай, ыдырай бастағандәрлекін-төрөлекүн атты тайпалар мен рулар қауымдастығының орнын ұйымшылдығымен этникалық тұтастығы әлдеқайда мықты жалайырлар одағы басты. Шыңғыс хандығана емес, оның қарсыласы Жамуханы да жалайырлардың екіге жарылып, қолдауы осыжалайырлардың әскери тұрғыдан тығыз топтасып үлгерген, мықты тайпа екенін тағыда дәлелдей түседі. Осындайда құрамынабасқалармен қатар, жалайырлар да кіргендәрлекін-төрөлекүн атауының өзі де еріксіз назар аудартады. Біздіңше, кейінгіШыңғыс хан империясы тұсында ұлы ханнан таралған ұрпақтың «төре» атануыменежелгі шежіредегі «төрөлекүнде» өзара тарихи сабақтастық бар деп ойлаймыз.Өйткені дәрлекін-төрөлекүндер құрамына жалайыр тәрізді түркітілдес рулармен қатар, моңғолтілдесрулар да кірді емес пе? Оның үстіне жоғарыда Рашид ад-дин атап көрсеткен көне шежіре бұл рулардың арғы тегін туыстық тұрғыдан Түрік,Түтік, Моңғол, Татар, Оғыз, Қарахан, Елхан атты ортақ тарихи тұлғалардантаратып, өзара жақындастырады. Осыған байланысты жалайырлар өздеріне төрелекүнодағы ыдырағанда келіп қосылған әулеттерден құралған және өздерінің тарақтаңбасын қабылдаған, одан соң Шыңғыс әулеті шыққан төрелерге әрқашан қолдау жасағаны тарихтанбелгілі.
Кейінгі жылдары ғылыми айналымға қосылған дәстүрлі деректер кезінде Шыңғыс ханның «жалайырдыңжетімі» аталғанын анықтап отыр. Ол бойынша, әкесі Есугей батыр өлген соң,Шыңғыстың анасы әмеңгерлік жолмен Меңлекеге тұрмысқа шығады. Меңлекенің он ұлытүртпектеп, сабап күн көрсетпеген Шыңғыс (ол кездегі есімі – Темір)жалайырларды барып паналап, көп жыл осы ортада өмір сүреді (қараңыз: Қазыбек бек Тауасарұлы. Түп-тұқианнан өзімешейін). Алайда Шыңғыс тағдырынәңгімелегенде елдің бәрі негізгі дерек ретінде пайдаланатын «Моңғолдың құпияшежіресі» жалайырлардың осы заманда Шыңғысқа да, тіптен оның досы және саясиқарсыласы Жамухаға да жақын болып, әрқашанқолдау жасағандарын айта отырып, Шыңғыстың өзінің әкесі өлген соң, біраз жылдаржалайырлар тәрбиесінде болғанын айналып кетеді. Мұндай қысастықтың орны алусебебі – ХVII ғасырдан бастап өңдеуге түскен моңғол шежіресіндеШыңғысты моңғол елінің басты мемлекет қайраткері жасау жүйелі түрде қолғаалынды. Бұған таңғалуға болмас, өйткені атынан көрініп тұрғандай, «шежіренің»басты мақсаты түркітілдес жалайырлардың емес, моңғолтілдестердің тарихынасқақтату еді. Осылайша негізі ежелгі жалайырлар болған тарақ таңбалылардыұйыстырған, Шыңғысты азамат және қайраткер ретінде қалыптастырған ежелгіжалайырлар қауымдастығының маңызы қасақана және барынша төмендетілді. Иә, біз білетін тарихи шындық, міне,осындай. Мұндайда мынаны даескерген жөн: жоғарыда атап өткеніміздей, бұл аймақта Ляо мемлекеті деп аталатындалалық империяны құрып, түркітілдестерді биліктен ығыстырған манжұртілдестер (көнемоңғолтілдестер) өздеріне жақын, көрші түркітілдес тайпаларды да төңіректеріндеұстап, оларды «Ұнаған бол» депаталатын жаңа ортақ қауымдастыққа біріктіруге күш салды. Бұл шын мәніндебұрынғы дәрлекін-төрелекүн одағын қайта жаңғырту еді. Оған осы тұста моңғолдарға тәуелді болып қалған жалайырлар дакірді. Мұның өзі Рашид ад-диннің шежіресінде аталатын Түрік деген кісідентарайтын Моңғол атты тарихи тұлғаның есімін бұрынғыдан да асқақтата түсті. Ендіхалықтың да, мемлекеттің де аты осы кісінің есімімен байланыстырылатын замантуды. Бұл 745 жылы Түрік қағанатының ең соңғы қағаны Озмышты ұйғырлар өлтірген соңжәне бұрынғы қағанаттар «Ұйғыр»атанғаннан кейінгі ғасырларда түркітілдестердің әртүрлі тайпаларға тоз-тозболып ыдыраған, «түрік» атауы ұмытыла бастаған тарихи кезең еді. Осындай, Моңғолүстіртінде моңғолтілдестер билікке келген ахуалда тарих сахнасына шыққан Шыңғыста енді өзінің «жалайырдың жетімі» екенін ысырып қойып, биліктегі моңғолтілдестердіңсойылын соқты. Бұған тағы бір себеп әскери-этникалық ортада беделдері зорболғандарына қарамастан ,жалайырлардың моңғолдарға «құл» тайпа болып есептелуі, яғни саяси-әлеуметтіктұрғыдан дәрежелерінің төмендетілуі еді. Десекте, кезінде түрік-моңғолға әйгілі болған көне шежіредегі Түрік атты тарихитұлғаның алтыншы ұрпағы болып табылатын Моңғол деген кісінің әулетінежатқызылғандардың бәрі моңғолтілдестер емес екенін тағы да ескерген жөн. Бұлтүркітілдес ежелгі жалайырларға да тікелей қатысты. Осы айтылғандар қазақ хандарының арғы бабасы Шыңғыс ханның шығу тегінбүгінгі халықтардың ешқайсысына да жатқызуға болмайтынын анықтап береді. Олкейінгі заманның емес, орта ғасырдың адамы. Оған ол өлген соң, сандағанғасырлардан кейін күрделі этно-әлеуметтік үдерістер барысында қалыптасқанбүгінгі халықтардың ата-бабасы немесе өкілі ретінде бүгінгі биіктіктен қарауғаболмайды.
Шыңғыстың тікелей аталары және өзі, жоғарыдаайтқанымыздай, екінші Түрік қағанаты әлдеқашан ыдырап, түркітілдестер әртүрлітайпалық одақтарға бөлініп кеткен заманда өмір сүрді. Ол кезде байырғы оғыз түркілері(Х-ХI ғасырларда) түрікменге айналған, ал моңғол атты халықтыңөзі әлі қалыптаспаған, ру-руға бөлінген бытыраңқы көшпелі қауымдастықтар түріндеөмір сүрді. Ал енді тіл мәселесіне келсек, Шыңғыстың ана тілі, әрине, түркітілі болды. Оның Гиндекушқа дейінгі өңірді жаулаған соң, осы аймақтағыадамдармен аудармашысыз сөйлесуі осының дәлелі. Алайда Шыңғыстың басты мақсатыТүрік қағанатын қалпына келтіру емес, құрамына әртүрлі халықтар кіретін Ұлы моңғолмемлекетін құру болды және ол бұған көзі тірісінде қол жеткізе алды. Бұл империядағы басты идеология – халықтартілдік, діни т.б. ерекшеліктеріне қарамастан, өздерін елге белгілі шежіредегіМоңғол бабаның ұрпақтары ретінде сезініп, өздерін моңғолдармыз деп атауы керекболды. Сондықтан Шыңғыстың өзі де Самарқан маңында өзін емдеуге келген қытайлық Чан-Чуньға өзінің моңғолекенін айтқан. Сондықтан да Рашид ад-динде көптеген түркітілдестерді моңғол тайпаларына жатқызу орын алды. Тіптеносы идеямен рухтанған Жетісу мен Қашғария түркілері, олардың арасында МұхаммедХайдар Дулати бабамыз да бар, өздерінмоғолдармыз (моңғолдармыз) деп, заты түркілік мемлекетін мақтанышпен Моғолстан (Моңғолстан) атандырды.
Ал енді Шыңғыс атты ұлы тұлғаныңтағдырын біздің Ұлы дала аймағымен байланыстыру мәселесіне келсек, соңғыдеректерден Шыңғыс ханның өлерінен біраз бұрын, 1227 жылы (хижра бойынша – 605жыл) арғын, найман және жалайырлар бастап, Наймантауда (Шыңғыстауда), Дегелең төңірегіндебірнеше ірі билердің қолдауымен тағы да үшінші рет хан көтеріліп, «Шың-құз» (Шыңғыс), яғни «шыңдай биік, құздай терең» деген жаңамәртебеге ие болғанын біліп отырмыз. Бұған дейін ол өз есімімен: түрікше –Темір, ал моңғолша Темучин аталып келген еді. Ортағасырлық «Чингизнамадафтари» дерегінде Шыңғысты хан көтерген бектер мен билердің есімдерікөрсетілген (Ахметзянов М. Ногайская Орда иее роль в этнической истории татар. //Идел.1991. 34-35 бб.). Атап айтар болсақ,олар Боданжарұлы Қият би, Тамян (Түмен) би, Қыпшақ би, Жұрматы би, Керейт би,Қоңырат би ұлы Сенгелай, Үйсін Ұран-Майқы би, Ұрдаж би, Мұйтан би, Бержан би,Борқыт би. ХVI ғасырдағы Матай бидің деректері бойынша, Шыңғысты хан көтеруге ықпал еткен бұларданбасқа, Бөрібек шешен, Қалдар, Орқаш, Темірқұт, Тулақ тәрізді арғын, найман,жалайырға белгілі билер аталады. Жалайырлар қауымдастығы тәрбиелегенТемірдің байырғы ата-бабалары алғаш дәрлекін-төрөлекүндер одағындағы жалайыр тайпалық қауымдастығына жатқан тори (төре)руындағы қият-төрелері (бөржығын қият) әулетінен еді. Бұл әулетке бастау болғанҚият хан атты тарихи тұлға Құрбанғали Халид келтірген шежіре деректері бойынша,Шыңғыстың 12-ші атасы. Мұны, әрине, Шыңғыспен замандас, жоғарыдағы БоданжарұлыҚият бимен шатастыруға болмайды. Шығу тарихы ерекше осы төрелер қазақтың үшжүзіне жатпайтын, бірақ «ақсүйек» атанған қазақтағы бес тайпаның (төре, қожа, сұнақ,бексайыс, төлеңгіт) бірі және ең бастысы. Орталарынан Шыңғысты шығарған, алғашжеке әулет болып, кейін шағын руға айналған қияттың арғы тегі манжұртілдес рулармен (қара татарлармен) ежелденаралас-құралас шатасып жатқандықтан, яғни бұл ру қазақты тікелей құраушытайпалардан алшақтау тұрғандықтан, қазақ ел болып қалыптасқан тұста (XVI-XVIIғғ.) үш жүздің ешқайсысы өздерінің құрамына қиятты қабылдамаған. Яғни олбүгінде қазақтың үш жүзіне кірмейтін, арғы тегі басқа халықтармен туыстас 14рудың (қият, ноғай, ноғайәлі, қырғыз, қырғызәлі, маңғыт және т.б.) қатарында.Қиятты таза қазақ руы деп, біржақты ойлайтындар ең алдымен осыған назараударулары керек.
Ал енді алғаш жалайырлармен бірге дәрлекін-төрелекінқауымдастығында болған шибей татарларының (қара татарлардың) ортасында туғанШыңғысты кейіннен өз ортасында тәрбиелепөсірген және оның тарихи ұлы тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасаған жалайыртайпасының кейінгі тағдырына келер болсақ, XV-XVIғасырларда қазақ құрамына енгенжалайырлардың тайпалық бірлестігі өздерінің ортасындағы моңғолтілдестерденбіржолата арылған және ежелгі, біз әңгімелеп отырған «жалайыр» этнонимін сақтап, кейінгі ұрпаққажеткізушілер болды. Мұндайда жалайырлардың бұрын Х ғасырға дейін меркеаталғанын, меркіт (меркілер) оларға туыстас, кейін бөлініп шыққан тайпа екенін мойындағанымыз жөн деп ойлаймыз. Мұныңөзі жалайырлардың кезінде түркі және манжұртілдес руларды біріктірген үлкенқауымдастық болғанын тағы да дәлелдей түседі. XIII-XIVғасырларда этно-әлеуметтік және саяси үдерістер барысында енді жалайырлардыңэтникалық құрамы үш манақ (манақ – көне моңғол тілінде бақылаушы, күзетші дегенмағынада), яғни – шуманақ, сырманақ және бірманақ тайпаларынан тұратын болды. Бүгіндеқазақ жалайырлары бабаларының кезінде моңғолтілдестермен (манжұртілдестермен)бірге жүргендерін осы «манақ» атауынан ғана аңғара алатындай жаңа тарихи кезеңдеөмір сүріп жатырмыз. Дегенмен де жалайырлардың ХV ғасырдың алғашқы жартысынанбастап Алаш атанған қазақ қоғамында тарақ таңбалылар (төре, тарақты, төлеңгіт,тарақты табын) арасында бұрынғыша мерейі үстем болды. Алаштың үлкені тарақтаңбалы жалайыр екенін кезінде Қадырғали Жалайыр бабамыздың айтып кеткені жәнебелгілі. Яғни кейіннен үш жүзге «ноқта аға» атанған тарақ таңбалылар кезіндеата-бабалары ежелгі жалайыр одағында болғандар. Осы орайда, Ш.ҚұдайбердіұлыныңОрта жүздің «ноқта ағасы» тарақты тайпасын төреден шығарып, арғынға жиенжасайтын аңыз дерегі тағы еске түседі. Бұл пікір толық дәлелді болмаса да,логикалық тұрғыдан төрелер мен басқа да тарақ таңбалылар ежелгі жалайырларменбірге алғаш ортақ одақта – төрелекүнде болып, онан соң ежелгі жалайырларқұрамында бірге болған, сондықтан да олар кейініректе қазақ хандарына жақынболып, кейбірі «ноқта аға» мәртебесіне ие болды дей аламыз.
Ал енді «төрелер» атанған Шыңғыс ұрпағының кейінгітағдырына оралсақ, олар Ұлы далада алғаш ортақ шежірелік атаумен Түріктіңұрпағы Моңғол бабаның құрметіне «моңғолдар» атанса да, түрік-моңғол тілдеріндеқатар сөйлесе де, Шыңғыстың үлкені Жошының немерелері қыпшақтана түсті. Бұрынкөне түрік-моңғол тілдеріне бірдей жетік Жошы, Баты, Берке және т.б. жаңа этникалықортада шын мәнінде біртіндеп қыпшақтілділерге айналып, ақырында осы қауымнаналғаш өзбек, кейіннен қазақ атанған халықты билейтін тарихи тұлғаларды шығарды.Олар кейінгі тарихқа қазақ хандары мен сұлтандары немесе, бір сөзбен айтарболсақ, «төрелер» деген атпен енді. Бұдан туындайтын заңды қорытынды: Шыңғысхан тұлғасы қазақ мемлекеттігі тарихында аса маңызды орын алады. Өйткені осымемлекетті – Қазақ хандығын оның әулеті басқарды емес пе? Әлемде күні бүгінгедейін ол туралы 2000-нан аса еңбектер мен зерттеулер жарық көргенінеқарамастан, кейбір зерттеушілер Шыңғыс ханның бабалары туралы асығыс жәнесапасыз еңбектер жазып, дәлелсіз тұжырымдарды алға тартуда. Түркітілдес жәнемоңғолтілдес, бір сөзбен айтқанда, өзара жақын алтайлық екі этникалық қауымдастыққада ортақ тұлға болып келетін, түркі, моңғол, қазақ тәрізді ұлттар әліқалыптаспаған, ру-ру, тайпа болып өмір сүрген кезеңнің дара тұлғасын белгілібір жұртқа телу тарихи шындықтан ауытқу болып шығады. Мұның өзі осы ерентұлғаның ататегін бұрмалауға алып келді. Сондықтан да біз төменде осы ұлы тарихи тұлғаның әртүрлі тарихикезеңдерде, әр елде жазылған ататек шежіресі туралы мәліметтерді салыстыраберіп отырмыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет