Қазақ хандарының төрелер әулеті қайдан шыққан?


Шыңғыс ханның ататек шежіресі



бет2/2
Дата16.01.2023
өлшемі31,24 Kb.
#61473
1   2
Байланысты:
Қазақ хандарының төрелер әулеті қайдан шыққан

Шыңғыс ханның ататек шежіресі

бойынша
Әбілғазы
бойынша

Құрбанғали Халид

Қазбек бек Тауасарұлы бойынша
Моңғол шежіресі.
Зардыхан Қинаятұлы
бойынша
1.
Тау хан
2.
Күл хан
3.
Мұқан хан
4.
Тұсық хан
5.
Құтлұғу хан
6.
Илан хан
7.
Абдул хан
8.
Дмуан хан
9.
Құжуман хан
10.
 Қожақ хан
11.
 Қият хан
12.
 Маңлы хан
13.
 Дуюн Баян хан
14.
 Баяндай хан
15.
 Таштемір хан
16.
 Қабұл хан
17.
 Түмне хан
18.
 Дауыл хан
19.
 Дуюн-Баян Сани
20.
 Бөденетай
21.
 Байсұңқар
22.
 Жасубай (Есукей)
23.
 Темучин
1.
Буданжар
2.
Бука хан
3.
Дутуммен хан
4.
Қайду хан
5.
Байсаңғұр хан
6.
Тумене хан
7.
Хабул хан
8.
Бюртан хан
9.
Исугей багадур
10.
 Темучин


1.
Бөгде
2.
Қара
3.
Бұрық
4.
Кер
5.
Құнмыр
6.
Бурыл
7.
Шамшы
8.
Тілеуберді
9.
Қашау
10.
Досан
11.
Тұрымтай шешен
12.
Тұмағұл
13.
Дін
14.
Баян батыр
15.
Есукей
16.
Темучин
1.
Боданшар (Бөтен, Бөгде)
2.
Хаваг батыр
3.
Мэнэн Тужен
4.
Хачи Хулэг
5.
Хайду хан
6.
Байшинхор
7.
Домбанай шешен
8.
Хабул хан
9.
Бардам батыр
10.
 Есукей батыр
11.
 Темучин

Бұл шежірелердің қайсысы шындыққа жақындегенге жауап іздер болсақ, Қазыбек бек Тауасарұлының атасы Матай би келтіргенжалайыр шежіресін алға тартар едік. Оның басты себебі мынада: Шыңғыс ханбабаларының бәрі көшпелі рулық қауымдарда өмір сүрген және белгілі бір хандықтыбасқармаған, яғни ешқашан да хан болмаған адамдар. Тіптен оның әкесі Есугейбатырдың өзі де бір руды басқарған баһадүр ғана, яғни батыр-қолбасы деңгейінде.Бұл жағынан алғанда, Шыңғыстың бабаларының бірде-біреуін хан ретінде көрсетпегенжоғарыдағы жалайыр шежіресі ақиқатқа негізделген. Ал енді Зардыхан Қинаятұлыкелтіргенмоңғол шежіресіне келер болсақ, мұнда адамдар есімдері ХVII ғасырдан кейінгімоңғол тіл диалектіне сәйкестендіріліп берілген және мұнда Шыңғыстың моңғолтілдестердіңдәстүрлі ханы ретіндегі тұлғасын айшықтай түсу үшін оның бабалары арасынан екіадам (Хайду хан, Хабул хан) хан дәрежесінде әдейі және арнайы көрсетілген. Осытұрғыдан алғанда, белгілі шығыстанушы-тарихшы Т.Сұлтановтың былай дегені бар:«Отец Чингиз-хана Есугей был толькобахадуром («витязь», «герой»; древний тюрко-монгольский титул) и никогда неимел при жизни ханского титула… С целью обоснования прав Темучина, человекане принадлежащего к правящему дому, на ханский титул была придумана легенда,будто его отец Есугей-бахадур был племянником последнего из монгольскихкаганов, Хутула-кагана, сына Хабул-кагана...» (Т.Сұлтанов. Поднятые набелой кошме. Потомки Чингиз-хана. Алматы, 2001, 57-б.) Шындығында да, ұлықағанның моңғол шежіресінде мұндай бұрмалаулар баршылық. Мысалы, аталып отырғанХабул қаған бұл шежіреде Есугейдің атасы, яғни Шыңғыс бұл шежіреге сенсек, осы Хабулханның шөбересі. Ал енді жалайыр шежіресінде мұндай хан мүлде аталмайды. Оныңорнына Тұмағұл деген кісі жазылған. Аталулары ұқсас болғанымен, Тұмағұл ханемес. Сондай-ақ моңғол шежіресінде Шыңғыстың атасы Баян батыр моңғолша Бардам батыр, ал арғы атасы Тұрымтайшешен Домбанай шешен болып өзгерген. Осының бәрі, жоғарыда айтқанымыздай, Шыңғыстытүркітілдестерге еш қатысы жоқ, таза моңғолдық тарихи тұлға етіп көрсету үшінжасалған. Ал енді Шыңғыстың Құрбанғали Халид пен Әбілғазының шежірелеріндегіататектеріне келсек, олардағы қаптаған хандар Шыңғысқа құрмет көрсеткен кейінгіұрпақтарының кісі есімдеріне құрметті лауазым қосақтаған әрекеттері депқабылдағанымыз жөн. Бұл шежіреден тағы бір байқайтынымыз, ең толық ататекесімдерін Құрбанғали Халидтыңжазбаларынан табамыз. Мұнда Шыңғыстың өзінің руын негіздеген түп атасы Қият хан 11-ші ретпен белгіленген. ҚиятШыңғыстың түп атасы болғандықтан, қалған шежірешілер Шыңғыстың ата-бабасын осыкісіден бастап таратады. Алайда Қият деген кісі Әбілғазыда Буданшар деп берілсе, Қазыбек бек Тауасарұлында Бөгде, Зардыхан Қинаятұлы келтірген моңғолшежіресінде Боданшар (бұл моңғолтілінде де Бөтен, Бөгде деген мағынабереді екен, аталған автордың Шыңғыс хан туралы монографиясын қараңыз). Әрине,есімдерінің бір мағына беретінінен көрініп тұрғандай, бұлардың бәрі бір адам. Қалай десек те, бұл тарихи дерек Шыңғыстың өзінің ататек шежіресінің Қият Боданшар (Бөгде) деген адамнан бастау алатынын растап тұр. Қорытакелгенде айтарымыз, көшпелілердің ортақ, ұлы тұлғасы Шыңғыс ханның ататегітуралы кесімді пікір айтпас бұрын, кез келген зерттеуші алғаш ол туралы тарихидеректерді өзара салыстырып, асықпай қорытынды жасауы керек.

Талас ОМАРБЕКОВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Орталық Азиядағыөркениеттер тарихын зерделеу орталығының директоры, профессор


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет