Қалқаманұлы Бұқар жырау - қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Павлодар облысының Баянауыл ауданында ғұмыр кешкен, атақты Абылай ханның тұстасы. Әкесі аты аңызға айналған Қалқаман батыр. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Бұқар жырау Қалқаманұлы жасынан елке танылып, алғыр жырау ретінде атақ- даңқы ялты алашқа жайылғанға ұқсайды. Кейін оның хан сарайы маңында да беделді ақын, ақылшы би саналуы тегін емс еді. Ел өміріндегі ірі мәселелерді шешуде ерекше роль атқарған данышпан. Бұқар Жыpay арабша сауатты адам болған. Жыраудан қалған мол мұрадан бізге жеткені 1200 жол шамасында. Олар ХІХ- ХХ ғасырларда ел аузынан жиналған. Бұқар жырау шығармалары өткір әлеуметтік мазмұнымен суарылып отырған. Қалмақ басқыншылығы тұсында жырау шашырында елдің басын біріктіріп, қанқұйлы жауға тойтарыс беретін басшының қажеттігін түсіне білді. Ол Абылай ханға үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы саясаты мен жорықтарын қолдады.