Көшпенділер мәдениеті орманхан. А. Шакизат Жаннұр, Турсуналы Айгерім, Тұрлан Жайнар Ежелгі түркілер



Дата05.05.2023
өлшемі1,41 Mb.
#90706

КӨШПЕНДІЛЕР МӘДЕНИЕТІ

  • Орманхан.А. Шакизат Жаннұр, Турсуналы Айгерім, Тұрлан Жайнар

Ежелгі түркілер

  • Ежелгі түркілер туралы мәлімет тұңғыш рет б.з.-дың 542 жылындағы қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай жазбаларының айтуынша, түркілер ғұндардың ұрпақтары болып табылады. Ал көне аңызға сәйкес, түркілер касқырдан тараған ұрпақ деп есептеліп, «Ашина» (қасқыр) әулеті атанған. Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына дейін жужандардың қол астында болады. VI ғасырдың ортасынан бастап билікті қолына алған Бумын түркілердің басын біріктіріп, Түрік қағандығын (552 - 745 жж. өмір сүрген) құрады. Түрік мемлекетінің алғашқы билеушісі Бумын қаған болып есептелінеді, оның мұрагерлері, яғни балалары Қара Ыссық (Қараессе) пен Мұқан қағандар жужандарды талқандауды аяқтайды.

ЕЖЕЛГІ ТҮРКІЛЕРДІҢ НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ

  • Түркілердің ежелгі тіршілік ету салттары – кең даласы мен шаруашылығы, өмір сүру дағдылары, дүниетанымдық бағдары олардың ұлт ретінде сақталып, өзін-өзі әлемде танытуға, әлемдік аренадағы алатын орнын байыптауға мүмкіндіктер береді. Бұл терең философиялық үдеріс болғандықтан, ғарыш пен тұтас дүние, ондағы күрделі жүйені, жеке адамның әлемдегі орны сияқты мәселелерді тұтастай қамтып отырады. Осындай өмір сүрудің дәстүрлері өте көне замандардан бастау алып, бүгінгі күнге дейін сабақтасып келе жатқан құбылыс екендігі шындық. Түркілік дәуірлерден бастау алған кең жазық далада өмір сүру өзіндік бір дала сахарасына бейімделген тұрмыс кешу салттарын қалыптастырды. Тарихта осы қазіргі Қазақстан аумағы және оның кеңірек алғандағы жерлерін мекен еткен ата-бабаларымыз өзіндік бір айрықша ғұмыр кешу жүйесін қалыптастырды.

Ежелгі түркілердің Космогония және мифологиясы

  • Миф – әлемдік дүниетанымды өте әдемі қылып суреттейтін, адамдардың табиғат пен қоғамды өздігінен зерттеп тану құбылысы болып табылады. Түркі мифологиясына тоқталатын болсақ, Түркі мифологиясына тән басты сипат – табиғатты тірі рух түрінде қабылдап, құрметтеу. Табиғатты құрмет тұту түркі халықтары мифтерінде ерекше орын алады. Ш.Уәлиханов амандық туралы айта келіп, оның дүниеге келуі табиғатқа жалпылай және жекелей сыйынумен байланысты дейді (Уәлиханов 2010b: 53). Табиғаттағы зат пен құбылыс атаулы адам сияқты түйсінеді, тіршілік етеді деген түсініктің өзі табиғат пен рухты тең деп түсіну сенімімен туындаған.

СИҚЫР 

  • Сиқыр мен магия: қастерлілілік пен қорқу, үрей мен қорқыныш, сыйластық пен алдамшылық т.б. діни сакральдылық сезімді береді. Халқымыздағы салттар кей жағдайда мистикалық сипат алады. Шығу тегінің түсініксіздігі маңызды болмай шығады да, оның сакральдылық жағы артады. Сондықтан, алғашқы діни сенімдердің қалдықтары бейне бір үрей мен қорқыныш арқылы да сақталады. Бұны кейбір ырым-тиымдардан анық байқауға болады. Бұның себебі, мыңдаған жылдар бойғы халқымыздың сана-сезімінің біздің таным түсінігімізде сақталып қалуы болып табылады. Бұл сәйкесінше архетиптер ілімімен келіп тоғысады. Шығу тегі белгісіз архетиптер: біз үшін үрейлі қорқынышты ашады және белгісіз бағдарды бере салады. К.Г. Юнг ұжымдық бейсаналылық пен архетиптер ілімін таразылай келе, оны былайшы анықтап көрсетеді.

РУНА ЖАЗУЛАРЫ

  • Түрік әлеміне рухани қажеттілік керек, біз оны сактардың, ғұндардың материалдық мәдениетінен іздейміз. Ал, жазба деректері түріктердің тек тарихы ғана емес, сонымен қатар мәдениетін толықтай зерттеуге мүмкіншілік береді. Түрік елдерін ерте орта ғасырларда әлемге танытқан олардың ерлікке толы мәрт мінезі, батырлық әфсаналары мен жырлары, жазу мәдениеті, тәңіршілдік дүниетанымы, балбал тастары болды. Қашанда ұлы дала тұрғындарына тән берік және жасампаз рух бұл дәуірде өзге елдерге үлгі шашты болды. Рухани мәдениет түрік тілінің, әдебиеттің, дүниетанымының, салт-ғұрпының Еуразиялық әлемге тарауына жол ашты. Екінші жағынан Еуразиялық құрылықтың негізгі бөлігін біріктірген алып түрік мемлекеттері, олардың берік шаруашылық-әлеуметтік негізі рухани мәдениеттің серпілісін туғызды. Оның ішінде көне түріктердің жазу мәдениетінің алатын орны ерекше. Түріктердің жазуы туралы ең алғашқы мәліменттерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түрік жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет