Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


https://stud.kz/referat/show/1901



бет13/56
Дата06.01.2022
өлшемі266,21 Kb.
#12658
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары

https://stud.kz/referat/show/1901

14.Тәтіқара ақынның «Қамыстың басы майда,түбі сайда» өлеңінің шығу тарихы

Тәтіқара – Абылай ханның тұстасы. Қалмаққа қарсы жорыққа қатысып, сол жорықтарды жырлаған ақын. Шоқан Уалиханов Тәтіқараның кезінде ірі ақын болғандығын айта келіп, оны Абылай қолының жыршысы деп орынды ескертеді және Абылай қолының жаудан сасқан бір шағында айтқан Тәтіқара өлеңінің мазмұнын баяндап береді. Профессор Е. Ысмайылов та Бұхар мен Тәтіқараны өзі көрген жортуыл туралы жырлар шығарған эпик ақын деп санайды. «Ер Тарғын», «Қобыланды» жырларды оқиғаның куәсі болған Сыпыра жырау шығарып, ал онан соң Үмбетей, Тәтіқаралар жырлап таратуы ықтимал – дейді.

Академик Ә. Марғұланның ескертуі бойынша, Тәтіқара жырау – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жасаған қазақтың ірі ақыны, жыршы-импровизаторы. Оның өлеңдері мен жырларынан тек ауыз әдебиетінің ерекшеліктері емес, жазба әдебиетке тән сипаттар да байқалады.

Тәтіқара Бөгенбай қолымен қалмаққа қарсы шабуылдарға қатысып, өзінің жалынды жырларымен күреске аттанған. Шайқастың нақ ортасында жүріп, халықтың көңілін көтеріп, жігерін оятып отырған. Мысалы, оның бір жыры «Қамыстың басы майда» деп басталады. "Әдебиет және Искусство” журналында 1946 жылы (7–8 сандары) жарияланған, бір өлеңінің шығу тарихы осындай. Ол қазақ қолының қысылшаң жағдайға ұрынған кезінде, жауынгерлердің ерлік намысын ояту ниетінде айтылған жалынды сөз:

Бірде Абылай ханның жортуылда жолы болмапты.Өкшелеген жаудан құтылуға айналғанда алдыдан өткел бермес тасыған өзен кездеседі.Жұрт ұйлығып қалыпты.Бәріне де харап болу қаупі төнеді.Сонда Тәтіқара суырылып шығып:
"Қамыстың басы майда,түбі сайда
Жәнібек Шақшақұлы болат найза
Алдыңнан су,артыңнан жау қысқанда ,
Ер жігіттің ерлігі осындайда .
Бөкейді айт Сағыр менен дулаттағы
Дәріпсәлі,Маңдайды айт қыпшақтағы
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айт уақтағы.
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменалы керейде ер Жабайды айт",-
дегенде, аты аталған батырлар ақынның соңынан тасып жатқан өзенге түсе бастапты.Бұлардың артынан қалың қол да еріп, судан аман өтіпті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет