Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Ақтамберді жыраудың «Уа, қарт , Бөгембай «деп басталатын толғауының шығу тарихы



бет16/56
Дата06.01.2022
өлшемі266,21 Kb.
#12658
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
Байланысты:
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары

17. Ақтамберді жыраудың «Уа, қарт , Бөгембай «деп басталатын толғауының шығу тарихы

Жыраудың «Уа, қарт Бөгембай!» деп басталатын толғауы Наймандарға көрсеткен Арғындар өктемдігіне қарсы дау ретінде айтылады. Даугерден сөзді əуелі Ақтамберді бастап [3; 68, 69]:


Уа, қарт Бөгембай!
Құяр жауын аспаннан
Қара бұлт торласа,
Пəлекет елде көбейер
Жігітті жігіт қорласа,
Ақбөкен келіп жығылар
Алдын қазып орласа,
Пенденің бағы ашылмас,
Маңдайы қалың сорласа,
Дұшпан қорлап не қылмақ
Бақыт басқа орнаса.
Қынаптан қылыш суырмай,
Қарысқан жау бүлк етпес,
Жуылмай қастың қанымен,
Намысқа тиген кір кетпес.
Шабыссаң, қане, шығып көр,
Жау емессің күш жетпес,
Дарабоздай қолбасы
Абыройын кірлетпес!
Ұрын келген күйеу қайда,
Жесір қайда тіл өтпес?
Жендетті көрсет көзіме,
Желіккен басты кім кеспес!
Еліңді жүндей түткізіп,
Қанды көбік жұтқызып,
Жайратамыз осы кеш!.. —деп тапжылмай тұрып алады.
Бөгембайға айтқан бұл сөздері тек арына шапқан қайсар батырдың тегеуірінді сөзін ғана танытып қоймайды. Соған қоса ел бастаған төре мен қол бастаған батырдың мақсаты өзара дауды қоздыру емес, ел тыныштығын сақтай білу, қорлық-зомбылық көргендерге қамқор болу, əділет жолымен адал қызмет ету деп біледі [6; 339].
Арғын тайпасына жататын Қанжығалы руының атынан (Бөгембай батыр Қанжығалы руынан шыққан) атақты Үмбетей жырау буырқанып, тебірене тоқтау айтады. Екі жақ пəтуаласады.

Ел арасындағы дау-дамайды қоздырып, күшіне сеніп, өктемдік көрсеткен Абылайды да, Бөгенбайдай батырды да ақын бір түйреп өтеді. Бұлардың сырт жауларды жеңіп алып, енді өздеріне жақпаған руларға тізе батырмақ әрекеттеріне қарсы шығады. Мысалы: «Уа, қарт Бөгенбай!»- деп басталатын толғауы наймандарға көрсеткен арғындар өктемдігіне қарсы дау ретінде айтылады. Желігіп жесір әкеткен, күнәсіз қан төккен арғын бұзықтарын ұстап берудің орнына, Бөгембайлардың оларды тығып отырғанын айтып күш көрсетеді. «Жендетті көрсет көзіме, Желіккен басты кім кеспес!»- деп тапжылмай тұрып алады.Бөгенбайға айтқан бұл сөздер тек арына шапқан қайсар батырдың тегеурінді сөзін ғана танытып қоймайды, соған қоса ел бастаған төрелерге ел тыныштығын сақтай білу, корлық-зомбылық көргендерге көмек беру, әділет жолында адал қызмет ету деп біледі. Ақтамберді толғаулары берер ақылының шегі жоқ, бәрінде де адамгершіл пікірлер ұсынылып, жат мінездер сыналады. Адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезде, ақылы мен білімінде - деп атап көрсетеді. Асыл ару, аылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өз-өзіне сын көзбен қарай алатын, дандайсымайтын кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза әдІл азаматты ардақтайды.


Жоғарыда айтылғандарды жинақтай келе, шығаратын қорытындымыз [3; 62]:


Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалынды жүрек қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап, —деген жалынды жырымен халықты рухтандырған Ақтамберді Сарыұлы қазақ халқының тыныштығы үшін жанын таразыға салған айтулы тұлға. Ақтамберді жыраудың бейіті Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданына қарасты Құндызды ауылы жанындағы Жүрек Жота атты төбенің басында орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет