24. Асан қайғының “Әй, хан мен айтпасам білмейсің” толғауының әлеуметтік мәні
Фольклор және жазба әдебиетімен қатар Жәнібек хан турасында ақын-жырау поэзисында, негізінен оның бейнесі Асан толғауларында жырланған. Асан Қайғы Сәбитұлы «ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басы аралығында өмір сүрген қоғам қайраткері, ақын, жырау, би». Асан Қайғы қазақ халқының басын құрап, іргелі ел етпек болған Керей, Жәнібек сұлтандарды қолдап,
солардың ақылшысы болған. Жәнібек ханның тұсында Асан әбден қартайып, тоқсаннан асса да жырау туралы деректер мен халық әңгімелерінің бәрінде оны осы Жәнібек құрған жас хандықтың мұңын мұңдап, сол хандыққа қараған қазақ елінің жоғын жоқтаған жырау ретінде көрсетіледі.
Асанның «Жәнібекке айтқаны» деп аталатын 33 жолдан тұратын толғауы Әлкей Марғұлан материалдарынан алынып, Х.Сүйіншәлиев әзірлеуімен алғаш «Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты 1967 жылы жарық көрген жинаққа енгізілген. Кейін 1989 жылы М.Мағауин мен М.Байділдаев құрастыруымен шыққан «Бес ғасыр жырлайды» жинағының бірінші томына бұл толғаудың он бір жолы қысқартылып, жаңадан он алты жол қосылып, барлығы 39 жол болып, бұрынғы атауы алынып тасталғандықтан шартты түрде «Ай, хан, мен айтпасам білмейсің...» деген алғашқы жолының атауымен жаңа нұсқасы енгізілді. Асан Қайғының бұл көлемді толғауында жалпы алғанда халық пен хан арасындағы қарым-қатынас, мемлекеттік, елдік мәселелер, ханның іс-әрекеттері негізінен жыраудың осы мәселелерге жеке көзқарасы арқылы сөз болады. Сондықтан жырда бір жақты көзқарас, субъективизм едәуір орын алатыны аңғарылады. Жоғарыда айтылғандай, Асан Жәнібектің Әбілқайырдан бөлініп дербес қазақ хандығын құру стратегиясына қарсы емес сияқты, бірақ осы үлкен мақсатты орындауда Жәнібек пен Асан арасында келіспеушіліктер, соған байланысты Асан толғауларында ханға бағытталған сын көп.
Сонымен Асан Қайғы поэзиясындағы Жәнібек хан бейнесі туралы ой-пікірлер мен пайымдауларды жүйелеп, мынадай кейбір қорытындылар жасауға болады:
Біріншіден, Асан толғауларында бір қарағанда хан мен жыраудың арасы тым қашық, бір-бірімен түсініспестіктері көп көрінгенмен екеуін жақындастыратын түпкі мақсат бір – жас мемлекетті нығайту, айнала қаптаған жаудан сақтау, ал жолдары әр басқа.
Екіншіден, толғаулардағы кейбір эпизодтардан, сөз саптауларынан Жәнібек ханның хандықты көршілес елдермен терезесі тең дәрежеге жеткізердей өзіндік жолы, тіпті алғашқы қадамдары жасалған бағдарламалық жоспары да бар деуге болады. Олар: қала, қорған, сарайлар салу, шеберлер шақыртып көрші елдермен қарым-қатынас жасау, отырықшылықа ойысу. Жыр мәтінінен осы келтірілген жанама деректер, уәждер, хан мен жырау қатынасынан суыртпақталатын ой-тұжырымдардың бәрі ханның өз заманының жаңаша ойлауға бағыт алған, істерінде реформаторлық әрекеттердің нышаны бар билеушісі екендігін дәлелдейді.
Үшіншіден, Жәнібек хан заманының ұлы жырауы, абызы, данышпаны Асан бабадан жерін, елін сүю, ел басқару, халықпен қатынасу, адамгершілікті қастерлеу сияқты мәселелер бойынша тәлім алған, көзі жетіп, діттеген ойын жүзеге асыруда, кейде Асан пікіріне қарамай, табандылық көрсетуі, оның ұлы жырау шәкірті екендігін нықтай түседі. Сондықтан жыр жолдарынан оның басты қасиеті ойшылдығын, үнемі ізденіс үстінде жүретін жаңашылдығын атауға болады. Талдау кезінде оның қарадан шыққан қызға үйленіп, адамгершілігін, жай халықтай аңшылық, құсбегілік құмарлығы, тіпті «қымыз ішіп қызаруы» оның халыққа жақындығын, қарапайымдылығын байқатады.
Төртіншіден, Жәнібек ханның жеке басы қасиеттері ішінен оның батырлығы мен ерлігіне бөлек тоқталып өту керек. Себебі жырда ханды қайта-қайта сынай отырып, жырау оны «Өзің – Жәнібек, елден асқан батырсың!» – деп, бұл қасиетін ерекше атайды. Сол кездегі абырой атағы кімді де болса имендіретін Асан атадан бастап, ханды қоршаған айналасы, тіпті барша ел бағытының атам заманнан қалыптасқан жолмен жүруін қалағап отырса да, Жәнібек жалғыз өзі жаңа прогрессивтік, реформаторлық жолды таңдап, нағыз ерлік жасап отыр.
Бесіншіден, жоғарыдағы талдаулардағы тұжырымдарды жинақтай келе Асан Қайғы поэзиясындағы Жәнібек хан бейнесі, біздің пайымдауымыз бойынша, толғаулардың жанрлық ерекшелігі бейне жасауға онша бара бермейтінін ескере отырып, Қорқыттан басталатын сегіз ғасыр ішіндегі жыраулар поэзиясындағы, ханның алғашқы біршама толық тұлғалық кейпі суреттелетін бейне деп ұйғаруға болады.
“Асан Қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді”,- деп жазған еді Б.Кенжебаев. [1 34б.]
Асанның “Жәнібекке айтқаны” деп аталатын 33 жолдан тұратын толғауы Ә.Марғұлан материалдарынан алынып, “Ертедегі әдебиет нұсқалары” атты 1967 жылы жарық көрген жинаққа енгізілген. Кейін 1989 жылы шыққан “Бес ғасыр жырлайды” жинағының 1-томына бұл толғаудың 11 жолы қысқартылып, жаңадан 16 жол қосылып, барлығы 39 жол болып, бұрынғы атауы алынып тасталғандықтан шартты түрде “Ай, хан, мен айтпасам білмейсің” деген алғашқы жолының атауымен жаңа нұсқасы енгізілді. 1993 жылғы ЖОО-на арналған “Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет” деп аталатын хрестоматиялық оқу құралында бұл жыр алғашқы нұсқаларынан 3 жол қосылып, жаңадан 6 жолмен толықтырылып, 49 жолдан тұратын жаңа нұсқасы шықты. Жырдың шыққан уақыты туралы пікір әр алуан.[4 194б. ]
Бірінші тирада
Шындығында жаңадан ғана шаңырақ көтеріп отырған мем лекеттің шаш етектен шешілмеген істері, жырда көрсетілгендей айнала аңдыған жауы, “Шабылып жатқан халқы...” тұрғанда оларды “көздеп көрмей сауық-сайранға салынып, “қымыз ішіп, қызаруы” сияқты бейқам жүріске барып, уақытын бос өткізуі, әрине, елбасының үлкен кемшілігі.
Екінші тирада
Жәнібек ханның қорған, қала салуға байланысты айтқан Жәнібектің орыс шеберлерін алдырып, кәуірге қала салдырғанын жырау айтады.
Үшінші тирада
Көшпенділер мемлекетінің тек көшпенділер емес, басқа да монархия мемлекеттерде, ең консервативті , тіпті кейбір батыс –шығыс елдерінде бүгінгі күндерге шейін сақталған жеткен дәстүрін – бұл текті сақтау төре тұқымынан шыққан хан-сұлтандарды ң қара халықтан шыққан әйелге үйленбеу тәртібі сол тәртіпті Жәнібек хан “Қарадан қатын алып” тағы бұзады.
Төртінші тирада
Сол кездің өлшеміне, дәстүріне келмейтін ханның тағы бір ерекше ісінен хабар береді. Аң аулайтын құстардың ішіндегі нашары, жыраудың айтуынша “Құладын құстың құлы еді”, оның белгісі “Тышқан жеп, жүнін түледі” осы құладынға хан анау-мынау емес, “құстың төресі аққуды” алдырады.
Бесінші тирада
“Желмая мініп, жер шалатын” сол “Тапқан жерге ел көшір” деп, Жәнібек ханнан қатаң талап етеді.
Алтыншы тирада
Сол көші-қон мәселесін әрі қарай сабақтай түсіп, Асан жырау айт қаныма құлақ аспай “ Бұл ардан көшпесең”, - деп қатқылдан сөйлеп, келе жатқан “Кәуір алар қалаңды, Шулатар қатын-балаңды” сияқты күтіп тұрған қателерді айтады
Жетінші тирада
Бірінен-бірі туындап жатқан бөліктеріндей емес, оқшаулау. “Зам ан азып”,- деп қазіргі ата дәстүрі сақталатын , көшпелі тіршілікке үйлескен сайын даладағы еркін тұрмыстың орнына астарлаап айтылған “Суда жүрген ақ шортан Қарағай басын шалмай ма!?” заманға , яғни қалыпты дәстүрлі ұғым, түсініктердің орны алмасып, дүниенің көшпелілер көзқарасы бойынша астан-кестені шығып, аспан айналып жерге түскен төңкеріс заманы келетінін айтып отыр.
Соңғы тирада
Асанның айтып-айтып келіп, шығарманың қорытынды есебінде “Хош аман бол, Жәнібек, Енді мені көрмейсің!”,-деп, ашуланып, қолды бір сілтеп, сірә, беснші тирадасында айтқанын істеуге “Желмая мініп, жер шалуға кетті деп, жорамалдауға болады. [4 194-198б.б.]
« Асан Қайғының шығармалары өз тұсының айнасы, ол өз дәуіріндегі қазақ халқының мұңын, тілегін көрсетеді», – деп жазған еді Б.Кенжебаев.
Достарыңызбен бөлісу: |