Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Жыраулар поэзиясының даму кезеңдері



бет31/56
Дата06.01.2022
өлшемі266,21 Kb.
#12658
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56
Байланысты:
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары

31. Жыраулар поэзиясының даму кезеңдері

Жыраулар поэзиясыньщ даму кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастыру:

         I кезең. (ХІ-ХІҮ ғасырлар) жыраулық дәстүрдің негізі қаланған ілкі
кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан тайшының бізге жеткен
мұралары.

          II кезең. (ХҮ-ХҮІ ғасырлар) жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі.
Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы.

          III кезең. (ХҮІІ-ХҮШ ғасырлар) жыраулық поэзияның неғұрлым
кемелденген кезеңі. Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар
шығармашылығы.

           Жыраулар   поэзиясының   жариялану,   зерттелу  жайы. Хандық   дәуір әдебиетінің   жиналуы,   жариялануы   XIX   ғасырдың екінші жартысынан басталады.  Қазақ   хандығы  дәуіріндегі  әдебиеттің жиналып,   жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыру.Бірінші кезең. XIX ғасырдын екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары. Ш.Уәлихановтың, В.В.Радловтың жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар мұрасының «Ноғай уа құмық шығырлары». М.Османов, «Жақсы үгіт» М.Бекмұхамедов, «Шайыр», «Көксілдер», Ғ.Мұштақ «Тауарих хамса»,Қ.Халидұғлы «Ақын» А. Берқалиұғлы құрастырған жинақтарға енуі.

Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы жиналып жариялануы, зерттелуі.

Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. XX ғасырдың 60-90 жылдар аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі: Б.Кенжебаев, Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин зерттеулерінің маңызы.

Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясында туған жер, қоныс, сыртқы жаулармен болған, азаттық күрес, жаугершілік заман көрінісі, өз дәуірінің шындығы, моральдық, этикалық қағидалар, ерлік, ел бірлігі тақырыптарының жырлануы.

ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы - сол дәуірдің түрлі көріністерін қазақ тілінде көркем жырланған төл мұрасы. Жыраулар поэзиясында қолданылған көркемдік кестелер, суреттеу тәсілдері, образдар жүйесі.



Қазақ жырауларының сан ғасырлық шығармашылығын негізінен үш кезеңге бөліп қарастырған жөн сияқты. Бірінші топқа жыраулық дәстүрдің негізін қалаған алғашқы өкілдері: Қорқыт, Аталық, (Кетбұға), Сыпыра жыраулар жатады. Бұл дәуір XI-XIV ғасырларды қамтиды.
Жыраулықтың қалыптасу кезеңін белгілейтін екінші топқа Асан қайғы, Қазтуған, Шәлгез, Доспамбет шығармалары кіреді. Мұның кезеңі XV-XVI ғасырлар. Үшінші топты жыраулықтың әбден толысып, кемелденген кезеңіндегі өкілдері: Үмбетей, Жиембет, Тәтіқара, Ақтамберді, Бұқар жыраулар құрайды.
Бұған XVII-XVIII ғасырлар жатады. Сондықтан бұл кезеңдердіңерекшеліктерінашып әңгімелеуді, ең алдымен, жыраулық поэзияның бірден-бір көрінісі –толғау жанрының қалыптасуынан бастау қажет.
«Жырау» деген термин өзіміздегі «жырлау», «жыр айту», «жырламақ» сөзінен келіп шыққан. Мұның түп төркіні байырғы «жыр», «жыршы» деген ұғымдармен өзара астасып жатыр. Бұл пікірді ұлы ойшыл ғалым Ш.Уәлиханов және В.В.Радлов, Л.З.Будагов еңбектерімен қатар, бүгінгі әдебиет зерттеушілері де бірауыздан қуаттайды. Осыған ұқсас тұжырымдар өзге туыстас елдер әдебиетшілерінде де бар.
Сөз болып отырған біз білетін екінші кезеңдегі жыраулар тобынан Қазтуған мен Доспамбет шығармаларын алып қарасақ, бұларда кір жуып, кіндік кескен атамекен мен туған елге деген махаббат, отаншылдық, сезімдер үлкен серпінмен сипатталады. Жыраулар, көбінесе, кешегі мен бүгінгі өмірді, өз басынан кешкен әр алуан ерлік пен қиыншылық сәттерді өзара салыстыру арқылы ой екшегенде, олардың ел мен жерге деген әлгіндей сүйіспеншілігі де нақтылық мәнге ие болып отырады. Айталық, Қазтуған өзінің «Алаң да алаң, алаң жұрт» атты белгілі толғауында атасы Сүйініш пен анасы Бозтуғанның бірі күйеу, бірі келін болып түскен құтты қонысы – айдынды Еділін еске алып тебірене толғайды. Бұл – өз елін, өз жерін беріле сүюдің әдемі үлгісі деуге тұрарлықтай асқақ жыр.
Ал, Доспамбет толғауларында осы сүйіспендік сарын бастан кешкен өз өмірін еске түсіру түрінде келіп, өскен ел, туған жерге деген ыстық махаббатпен өріледі. Жырау өзі есейіп, ер жеткен оттай ыстық ата-мекенін сыртқы жаудан қорғаудан артық мақсат жоқ деп санап, бүкіл күреске толы өмір жолын еске ала жырлайды.
Доспамбет толғауларындағы секілді асқақ әуен, айқын мұратты сипаттау кейде жыраудың өз бейнесін өзі жасау талабымен ұштасып отырады. Мұндай құбылыс біздің әдебиетімізде бұрын-соңды ұшыраса қоймаған жәйт. Айталық, Қазтуған жырау «мұздай үлкен көбелі екі шекесін» айтумен шектеліп қалмай, өзінің «сұлтандайын жүрісті», «айдаса қойдың көсемі, сөйлесе қызыл тілдің шешені», «қашағанның ұзын құрығы, қалайылаған қасты орданың сырығы», «буыршынның бұта шайнар азуы, бидайықтың көл жайқаған жалғызы» екеніне дейін қалдырмай тәптіштеп суреттейді. Мұндай өзінің елден ерек қасиеттерін кейде көтеріп, кейде бәсендете айту ара-тұра Шәлгез (Шалкиіз) жырларынан да ұшырасады. Ол – әдебиетімізде енді ғана туып, орныға бастаған толғау жанрының өркендеп дамуына ерекше үлес қосқан жырау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет