Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы



бет4/6
Дата13.02.2023
өлшемі2,09 Mb.
#67346
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
аСЫЛЗАТ ЖЕНШЕ

Тәуке хан мемлекеттік мәселелерді талқылайтын хан кеңесін құрды. Кеңеске барлық қазақ руларының билері мен әскербасылары енгізілді. Кеңеске қатысушы үш жүздің таңдаулы да беделді өкілдері жыл сайын күзде бас қосып, халықтың тыныс-тіршілігіне қатысты ойларын ортаға салатын құрылтай өткізіп отырған. Бұл туралы өз кезінде Я.П. Гавердовский былай жазып кеткен: «Тәуке ханның ақылымен ақсақалдар қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен үш атақты биді (Ұлы жүзде Төле би, Орта жүзде Қазыбек би, Кіші жүзде Әйтеке би) сайлады, оларға әр ауыл билерінің немесе төрелік етушілерінің, сот істерін қалай жүргізіп жатқанын қадағалау міндетін жүктеді. Шабындық жерлері жөнінде даулардың алдын алу үшін Тәуке ел-жұрттың келісімімен әр рудың көшуіне қыстау және жайлау қоныстарын белгілеп берді, рулар ішінде ауылбасыларды бекітіп қойды, өзінің қысқа да нұсқа жарғыларына халық жадында қалған кейбір ежелгі жол-жораларды қосып, рубасылардың дара билігін шектеді және сол заңдарын балаларға үйретіп жаттауға міндеттеді».

  • Тәуке хан мемлекеттік мәселелерді талқылайтын хан кеңесін құрды. Кеңеске барлық қазақ руларының билері мен әскербасылары енгізілді. Кеңеске қатысушы үш жүздің таңдаулы да беделді өкілдері жыл сайын күзде бас қосып, халықтың тыныс-тіршілігіне қатысты ойларын ортаға салатын құрылтай өткізіп отырған. Бұл туралы өз кезінде Я.П. Гавердовский былай жазып кеткен: «Тәуке ханның ақылымен ақсақалдар қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен үш атақты биді (Ұлы жүзде Төле би, Орта жүзде Қазыбек би, Кіші жүзде Әйтеке би) сайлады, оларға әр ауыл билерінің немесе төрелік етушілерінің, сот істерін қалай жүргізіп жатқанын қадағалау міндетін жүктеді. Шабындық жерлері жөнінде даулардың алдын алу үшін Тәуке ел-жұрттың келісімімен әр рудың көшуіне қыстау және жайлау қоныстарын белгілеп берді, рулар ішінде ауылбасыларды бекітіп қойды, өзінің қысқа да нұсқа жарғыларына халық жадында қалған кейбір ежелгі жол-жораларды қосып, рубасылардың дара билігін шектеді және сол заңдарын балаларға үйретіп жаттауға міндеттеді».
  • Ресей зерттеушісі М.И. Красовский Тәукені: «Қазақ мемлекеттілігі, халқының тұтастығы мен бірлігін сақтау үшін күрес жүргізуші әрі әділетті билеуші хан. Оған дейін де, одан кейін де далада дәл сондай билік болған емес», – деп жоғары бағалайды.
  • Тәуке Қазақ хандығының ыдырауына жол бермей, мемлекеттің абыройы мен күш-қуатын арттырды. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейін қолданылып келген құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды. «Жеті жарғы » хандық биліктің заң негізінде нығаюына зор үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет