Литература:
1.Закон Республики Казахстан от 24 апреля 1995 года № 2235 «О налогах и других обязательных платежах в
бюджет»
2.
Попова, Людмила Владимировна Налоговые системы зарубежных стран: учебно-методическое пособие /Л.В.
Попова, И.А. Дрожжина, Б.Г. Маслов.- М.: Дело и Сервис, 2008.
3.
К.А. Сержантов «Налоги и налоговое планирование во внешнеэкономической деятельности» Алматы, 1999 г.
Бейсембаев М.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты
Кайкен Ж.Б.
э.ғ.к., Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің профессоры
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЛАСТЕРЛІК ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Аннотация: Создание зоны кластеров и обеспечения конкурентоспособности промышленности разных стран
занимает важное место, в результате возрастает взаимном сотрудничестве между выход на международный рынок.
Через развитие инновационной активности малого и среднего бизнеса, повышению конкурентоспособности
кластерный экономики зоны, ростом занятости населения, предпринимательства и научных объединений,
направленных на совершенствование взаимосвязь между обеспечение и уровень доходов росту, государства.
На создание зон может обеспечить конкурентоспособности в потенциал высокого научного, просвещения и
кадровым запасам, но кластеров бензин-энергетический сырья на инновации.
Summary: Formation of clusters has special value for ensuring competitiveness of the region and access to
international markets, as it stimulates mutual cooperation between enterprises of the different countries. The cluster
economy is aimed at increasing the competitiveness of the region through development of small and medium business,
growth of innovative activity, employment rate and population income, interaction stimulation between the state, business
and scientific community. Creation of the clusters focused on the innovations, will allow to provide competitiveness of
regions, which do not have large reserves of energy resources, but have sufficient scientific, educational and personnel
potential..
The aim of the research is a complex analysis of the status and opportunities of increasing the economic
competitiveness of the region (on the example of East-Kazakhstan Province), development of scientific and practical
recommendations.
Кластерлерді құру аймақтың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мен халықаралық нарыққа шығуда
маңызды орын алады, нәтижесінде әртүрлі елдердің өнеркәсіптері арасындағы өзара ынтымақтастық арта
түседі. Кластерлік экономика аймақтың бәсекеге қабілеттілігін кіші және орта бизнесті дамыту арқылы
арттыруға, инновациялық белсенділіктің артуына, тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етілуі мен кіріс
деңгейінің өсуіне, мемлекет, кәсіпкерлік пен ғылыми бірлестіктер арасындағы өзара байланысты жетілдіруге
бағытталған. Инновацияға бағдарланған кластерлерді құру жанармай-энергетикалық шикізаты қоры аз, бірақ
жоғары ғылыми, ағарту мен кадрлік потенциалға аймақтардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады.
116
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
Аймақтың бәсекеге қабілеттілігінің артуы ондағы шикізат қорын тиімді пайдалану мен
тұрғындардың әл-ауқатының артуына тура байланысты. Осыған байланысты,бәсекеге қабілеттілік
аймақтың Қазақстандағы алатын орнын анықтайды. Өз тарапынан, жеке аймақтардың бәсекеге
қабілеттілігі ,көп жағдайда, Қазақстанның халықаралық нарықтағы бәсекелік жағдайын қамтамасыз
етеді. Сондықтан кластерлік қадам аймақтың, тіпті бүкіл елдің экономикалық дамуын ынталандырудың
тиімді құралы бола алады.
Осылайша, аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кластерлерлер потенциалын қолдану
мәселелері мен олардың өзектілігі осы ғылыми зерттеу тақырыбын таңдауда басты анықтаушы орын алды.
Зерттеудің мақсаты кластерлік қадамды қолданып ғылыми-практикалық ұсыныстар дайындау.
Басты мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:
-
аймақтың клстерлік экономиканы құрудың теориялық аспектілерін қарастыру;
-
аймақ экономикасының бәсекеге қабілеттілігі ұғымының мағынасын ашу, нақты алынған аймақтағы
жергілікті өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау;
-
Шығыс Қазақстан облысы экономикасының бәсекеге қабілеттілік жағдайы мен динамикасы анықтау;
-
Шығыс Қазақстан облысының бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз ететін факторларды сараптау;
-
нәтижесінде қарқынды өндіріс салалалары анықталған аймақ салаларын бағалау жүргізу;
-
кластерлерді құру негізінде тамақ өнеркәсібінің даму стратегиясының концептуалды жағдайларды
қарастыру;
-
кластерлік тұрғыдан тамақ өнеркәсібін басқару жүйесін жетілдіру мәселелерін анықтау;
Кластер қосылған құн тармағының (шикізаттан бастап дайын өнімге дейін) қандай да саланың
барлық қатысушыларын, сондай-ақ осы салаға қатысы бар басқа да институттарды біріктіреді.
Кластерлік қадам материал, еңбек және қаржы қорларын, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы
өндірістің ең басты құралы – жер қорларын тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ауыл шаруашылық
дақылдарын және мал азықтылығын, сонымен қатар ауыл шаруашылық шикізататын жоғары сапалы
өңдеуді жоғарлатуды, тұтынушыларға дейін өнімді жеткізудің және сақтаудың қажетті жағдайларын
қамтамыз етеді.
Ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу салалары дамуының келесідей артықшылықтары бар:
жаңа жұмыс орындардың құрылуы;
терең өндіріс бұйымдарының (мысалы тері) экспорты ауыл шаруашылық шикізат (мысалы былғары)
экспортына қарағанда валюталық түсімдердің үлкен көлемін алуға мүмкіндік береді;
ауыл шаруашылық шикізатының терең өндірісі шығынсыз технологияларды қолдануға мүмкіндік
береді;
дайын өнімді тасымалдау шикізатты тасымалдауға қарағанда үнемді.
Кластердің маңызды элементі дайындау және қабылдау пункттері болып табылады, олар ауыл
шаруашылық шикізатті жеткізушілерінің және оны қайта өндірушілерінің шоғырлану орталығы болуы
мүмкін. Бір жағынан, дайындау және қабылдау пункттері ауыл шаруашылық шикізат өндірушілерді
біріктіреді, басқа жағынан ауыл шаруашылық шикізатты жүзеге асыру, сонымен қатар қайта өндіру
өнеркәсібі үшін пункттері болып табылады. Ақыры, олар ауыл шаруашылық шикізаттың сапасын
қалыптастыру процессінің соңғы кезеңі болып табылады.
Кластерлік қадам қайта өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтарды қайта
өңдеу өнеркәсіп кәсіпорындары үшін ауыл шаруашылық техника мен жабдықтарды шығаратын
кәсіпорындармен органикалық байланысты қарастырады. Отандық қондырғылардың, арнайы
жабдықтардың жоқ болуынан ауыл шаруашылық тауар өндірушілер импорттық техниканы сатып алуға
мәжбүрлі, ол күрделі салымдарды қажет етеді және Қазақстанда шығарылған ауыл шаруашылық
шикізатты өңдеу үшін қолайлы емес. Сонымен қатар, импорттық жабдықтардың қосалқы бөлшектерінің
жоқ болуы оны тиімді пайдалануына кері әсеін тигізеді.
Кластердің келесі буыны болып қаржылық құрылымдар болуы мүкін: ірі банктердің,
сақтандыру, инвестициялық және зейнетақы компаниялардың аймақтық бөлімшелері, өзара
несиелендіру қорлары және т.б. Бұл құрылымдар қаржылық ағымдарды тиімді басқаруды, уақытша бос
қаржылық ресурстарды тиімді қолдануды, кластер мөлшерінде капиталдың бос ағылуын қамтамасыз
етуге бағытталған.
Жоғарғы оқу орындардың кадрлық және ғылыми потенциалды еліктіруімен ғылыми-қолданбалы
зерттеулердің, тәжірибелі-конструкторлық зерттемелердің тәжірибелік маңыздылығы өседі. Берілген
кластерлік сызба қазіргі заманға сай жоғары технологиялық тері-былғары өндірісін құру және бәсекеге
қабілетті өнім шығару үшін бағытталған. Кластер қатысушыларының арасындағы қарым-қатынастарды
оңтайландыру және тері-былғары өндірісін тиімді жүзеге асыруын жоғарлату - кластердің мәні болып
табылады.
117
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
Кластерді қалыптастыру процессі екі кезеңде жүзеге асыруы ұсынылады. Бірінші кезеңде
берілген салада мамандармен үлкен көлемді маркетингтік зерттеулер жүргізіледі. Зерттеу нәтижелер
негізінде тері-былғары өнімдерінің бар болатын және потенциалды бәсекелестік қабілеттілігі туралы,
сондай-ақ сәйкесінше шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейту қажеттігі туралы қорытындылар
жасалады.
Екінші этапта мамандар мен ғалымдардан тұратын топ құралады, олар келесілерге анализ
жасайды: динамикадағы берілген кластерге кіретін аймақтағы барлық жинақталған кәсіпорындардың
статистикалық мәліметтерге; жеке сегменттердің даму динамикасын бөліп көрсетуіне; жеке
сегменттердің және кластердің жалпы жинақталған кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық
қызметінің көрсеткіштеріне; аймақтың экспорт-импорттық балансына; таңдалған сегменттердің
кәсіпорындар топтарының территориялық бөлінуіне; қарқынды дамыған салалардың өнімдеріне, соның
ішінде: ет-мал шаруашылығы, ауыл шаруашылық шикізатты қайта өңдеу кәсіпорындары, экспорттық
бағытталу, өнімді шығаруға қатысатын шектес салаларды анықтауына.
Мемлекет берілген кластердің ең маңызды субъектілерінің бірі болып табылады, себебі
аймақтың АӨК тұрақты жүзеге асуы тек қана барабар мемелекеттік саясаттың болуымен ғана мүмкін.
Мемлекет өзінің әр түрлі деңгейдегі аймақтың өнеркәсіп-өндіріс қауіпсіздік факторларды жұмылдыру
бойынша экономикалық саясатты жүргізеді.
Кластер субъектілерінің мақсатты бағыттарының матрицасында, кластер субъектілерінің әрбір
келесі топтарынының жетістігі нәтижесінде, ең соңында аймақтың тамақ және өнеркәсіп тауарлары мен
олардың өндіріс компоненттерін импорттауға тәуелсіздікке жетуіне әкелетін мемлекеттің өзара
байланысқан мақсаттары мен бағыттары көрсетілген.
Кластердің мақсаттары мемлекет мақсаттары сияқты мақсаттардың иерархиялық құрылымында
маңызы бойынша ерекше орын алады, себебі, аймақаралық қазақстандық және халықаралық нарықтарда
кластерлер негізгі бәсекеге қабілетті бірлік ретінде көрінеді.
Осылайша, кластерлерді құру саладағы кәсіпорындарға өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға,
өзіндік бағасын төмендетуге, ассортиментті кеңейтуге және әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Импортты алмастыратын өнімдерді шығару Қазақстан нарығында орын алған Қытай, Ресей және
Туркиядан келетін тері мен ешкі-тон үлесін біршама азайтуға ықпалын тигізеді. Кластер әдісін жүзеге
асыру кезіндегі қосымша нәтижесіне ауылшаруашылық өндірісті, женіл өнеркәсіпті жетілдіруге
ынталандыруды және тұрақты еңбек пен жағымды еңбек шарттарымен қамтылған жана жұмыс
орындарды жатқызуға болады.
Формирование кластеров имеет особое значение для обеспечения конкурентоспособности региона и
выхода на международные рынки, поскольку стимулирует взаимное сотрудничество между
предприятиями разных стран. Кластерная экономика направлена на повышения конкурентоспособности
региона через развитие малого и среднего бизнеса, рост инновационной активности, уровня занятости и
доходов населения, стимулирование взаимодействия между государством, предпринимательством и
научным сообществом. Создание кластеров, ориентированных на инновации, позволит обеспечить
конкурентоспособность регионов, которые не обладают большими запасами топливно-энергетических
ресурсов, но имеют достаточный научный, образовательный и кадровый потенциал.
Бейсембаев М.
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты
Кайкен Ж.Б.
э.ғ.к., Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің профессоры
КЛАСТЕРДІ ҚҰРУ - АЙМАҚТЫҢ ДАМУЫНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК
МОДЕЛІНІҢ НЕГІЗІ
Аймақтың бәсекелестікке қабілеттілігің анықтауда кластерлер басты роль атқарады. Кластерлер
белгілі бір салалардағы бәсекелестік жетістіктерге қажетті критикалық массаны құрайды. Кластерлік
сараптама процесстер мен заңдылықтарды зерттеулердің заманауи әдісі болып табылады.
Оның негізін қалаушы М. Портер. Оның ойы бойынша «кластер немесе өндірістік топ - бұл бір-бірін
толықтырушы өзара географиялық көршілес орналасқан топтар».
Сондай-ақ, М. Портер кластердің географиялық масштабы бір қала немесе елдің бір штаты, тіпті
бірнеше көршілес елдер болуы мүмкін. Кластерге бөлудіоның өндірістік ядросынын анықтаудан бастау
керек, содан соң барып таңдап алынған кластерге қажетті өндірістер немесе өндіріс тауарлары мен
қызмет көрсету инфраструктуралық сегменттер анықталады. Кластердің пайда болуы критериі
118
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
өндірістің және оны құраушылардың эффективтігінің артуынан көрінеді.
Өндірістің эффектілігінің индикаторы ретінде кластердің негізгі ядросы мен оған қатысты өндіріс
товарларына қатысты әртүрлі көрсеткіштер болуы мүмкін. Айта кету керек, осы кластерге қатысты
өндіріс өнімдері мен қызмет көрсетуге маман кадрлерді дайындайтын, жаңа технологиялар жасаушы,
информациялық және басқа қызмет көрсетуші әртүрлі салалы мекемелер мен ұйымдар кіреді.
Кластерлер өзінің тереңдігі мен күрделілігіне байланысты әртүрлі формаға ие болады, бірақ, көбінесе
дайын өнімдер немесе сервистің компаниялар, мамандандырылған өндіріс жеткізушілері мен қызмет
көрсету, нарық институттары, сәйкес салада жұмыс істейтін фирмалар кіреді. Сондай-ақ, кластерге
қосымша өнімдер өндірушілер,инфраструктуралардың мамандандырылған провайдерлері, арнаулы
оқуларды жүзеге асыратын, білім, информацияның түсуі, зерттеулерді жүргізу мен техникалық қолдау
жасаушы мемлекеттік және басқа мекемелер, сондай ақ, стандарттарды тағайындайтын агенттіктер
кіреді. Бірақ осылардың ішінде, М. Портердің анықтамасы бойынша, ең бастысы кластерге
қатысушыларға байыпты ықпал жасай алатын мемлекеттік немесе басқа заңнамалық құрылым болуы
керек.Бұл кластердің құрылып болуын бағалайтын негізгі сұрақ: мемлекеттік тарапынан көмексіз бір-де
бір кластер табысты жұмысістей алмайды, нәтижесінде, өз мақсатына жете алмайды . Соңында,
көптеген кластерлерге сауда ассоциациялары мен жеке секторлардың бірлескен структуралары кіреді.
Қазақсанның өндірістік территориясының алшақтығы, минералдық-шикізатқа байлығы,
ауылшаруашылық жері ауданының үлкен болуы және негізгі халықтың урбанизациялануының төмен
дәрежесі дамудың бірнеше аймақтық кластерлерін жасауды қажет етеді. Бұрында Қазақстанда осы
бағыта жұмыстар жүргізілген. Совет уақыты кезінде елдің жоспарлау мекемелері үлкен үш
территориялық-өндірістік комплекс жасауды қолға алған: Павлодар-Экібазтуз, Маңғыстау мен
Жамбыл-Қаратау. Қазақстанның іргелі ғылыми-зерттеу институттары олардың комплекстік дамуының
мәселелерін зерттеумен айналысқан. Қазір де елдің осы аймақтық кластерлерінің дамуы бағытында
көптеген министрліктер мен мекемелерде, сондай-ақ, оларға тәуелді зерттеу институттарында жұмыстар
жүргізілуде.
Соңғы уақытта Қазақстанның әкімшілік аймақтарының даму процессінің негізі экономика
секторларын «аймақтандыру» ұғымымен сипатталады. Өндірістің орнын анықтаумен байланысты
Қазақстан экономикасының дамуының обьективті алға шарты, ең алдымен, минералды-шикізат
ресурстарының, автомобиль мен темір жолдарының ұзақтығымен, урбанизация мен жергілікті
орнықтандыру деңгейімен, интеграция мен аймақтық экономика және қызмет көрсету
инфроструктурасы сферасы арасын жақсы компромиспен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Өнім өндіру мен қызмет көрсетудің аймақтық факторларын есепке алу процесі сол аймақтағы елдің
құрылымдық, инвистициалық және әлеуметтік саясатына байланысты, сондай ақ, өкіметтің реформаның
кейбір бағыттарын аймақтық деңгейге көшіруінде.
Жергілікті жердің экономикасының дамуы әсіресе кіші кәсіпкерліктің жұмысын жандандыруға,
аймақтағы қоршаған ортаны сақтаудың және жергілікті шикізат қорын пайдалануда қажет.
Қазақстан экономикасын аймақтық жағдайы бойынша сараптау әрбір аймақтың экономикалық және
әлеуметтік аспектілері артықшылығын ашуға мүмкіндік береді. Аймақтық экономиканы сараптау,
халықаралық тәжірибелер көрсеткендей, мынадай мақсатта жүргізіледі:
-
елдегі еңбекті аймақтық бөлуді ары қарата дамыту мен әр экономикалық аймақты
мамандыруды әрі қарата тереңдете түсі;
-
аймақ экономикасының жоғары экономикалық эффектілікке жетуі, әсіресе өндірістің өңдеуші
саласын жасап, дамыту арқылы;
-
елдің әрбір экономикалық аймағында кешенді шаруашылықтарды құру;
-
әр ел өзінің экономикалық стратегиясында «шық нүктесі» болып табылатын басты саланы
анықтайды.
Осы кезде жеке таңдап алған саланың даму стратегиясын жасау ерекше маңызға ие болады. Осыған
байланысты дамыған шет елдерде кеңінен таралған, кластерлік бағытты қолданған жөн.
Салалық сараптауда «кластер» ұғымы «шоқ» (пакет, блок) мағынасын береді, оны алғаш рет
М.Портер енгізген . Экономикалық тұрғыдан «кластер» ұғымы өзара тығыз байланысқан фирмалар
ұйымдастығы болып табылады, олар бір-бірімен бәсекеге қабілеттілігінің артуына өзара әсер етеді.
Оншақты елдің 100 тарта саласын зерттеу барысында мынадай жағдай анықталды: олардың кайсы
бірінің жетістігі осы елдегі нарықта бәсекеге қабілетті өнімді жеткізушілермен немесе олармен
байланысты салалардың болуымен байланысты.
Бәкелестікке қабілеттілік нарықта табысты фирмалардың айналасында таралатын сипаты
бар.Осындай фирманы кластердің негізін салушы деп қарастыруға болады, ол өзінің бәсекелестікке
қабілеттілігімен жеткізушілерді,тұтынушыларды және қарсыластарын белсендіреді.
119
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г.
________________________________________________________________________________
Нәтижесінде әлемдік нарықта алдыңғы орын алатын жергілікті компаниялардың сапалы өнімдерін
қолданатын халықтың жағдайы да айтарлықтай жақсы болады.
Осылай кластер пайда болады - бұл бір-бірін толықтырушы өзара географиялық көршілес орналасқан
компаниялар, олар бір-бірімен тығыз байланысып, өзара бір-бірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
мүмкіндік пайда болады. Кластерді құрастырушы негізгі элементтерге өзара тығыз байланыстары бар,
горизонталь, сондай-ақ вертикаль, барлық салалар, компаниялар жатады. Кластерлер әртүрлі мөлшерлі
өндірістер орындарынан тұруы мүмкін: ірі, орташа, кіші. Сала аралық және ішкі салалық
байланыстардың дамуына байланысты кластерлер ауқымының кеңдігі мен даму деңгейімен
ерекшеленеді.Кластерлерді географиялық бөлудің кез-келген бірлігі деңгейінде ажыратуға болады:
мемлекет, аймақ, қала, село. Бұл дамыган, сондай-ақ дамушы елдердің экономикасында да кездеседі.
Кластерлердегі бәсекелестікті арттыру былай іске асады:
-
оған кіретін салалар мен компаниялардың өнімділігін арттыру;
-
инновацияға бейімділігін арттыру;
-
жаңа бизнесті қолдау.
Кластерге қатысушылар өзінің өнімділігін арттыруға мол мүмкіндік алады. Шет жердегі көздерге
қарағанда, арнайы мамандырылған өндіріс факторларын (шикі зат құралдарын, көмекші материалдарды)
жергілікті тасымалдаушылардың болуы өндіріс шығындарының төмендеуіне әкеледі.Кластерді ішкі
қажетті қормен жабдықтау өндірісте жұмыс істеуді ұйымдастыруды жеңілдетеді, уақытылы жөндеуге
және т.б. Кластерлерде жщғары білікті мамандардың массиві құрылады. Кластер ішінде арнайы
информация (маркетинг, технология және т.б. бойынша) жинақталады, оның нәтижесінде кластерге
қатысушылардың территориялық жақындығы, тұрақты жеке байланыстың болуы, қоғамдық
байланыстың і кластерге қатысушыларға жеткілікті болады.
Өнімділік, сонымен қатар, кластерге қатысушылардың бір-бірін толықтыра түсу мүмкіндігімен,
жұмыстарын координациялау арқылы артады. Мысалы, тамақ өнімдері товарларының бәсекелестік
қабілеттілігі тек тамақ өндіруші ғана емес, сондай-ақ қаптаушы шығаратын өндірістерге, сауда
мекемелеріне және т.б. байланысты болады.
Кластерлерде инновацияға бейімділік артады, себебі компаниялар тұрақты өзара байланыс
нәтижесінде тұтынушылардың сұранысына тез жауап бере алады. Жергілікті серіктестер арасындағы
тұрақты информациялық байланыс компанияларға жаңа технологиялар жайлы, қондырғылардың түрлері
жайлы, қызметкөрсету әдістері жайлы және т.б.тез білуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кластерге
қатысушылар үшін бәсекелестік ортаның ұқсастығы басқа бәсекелеске қарағанда ерекшелігі болатын
бәсекелестік артықшылық енгізуді талап етеді.Осы қыспақ инновацияны енгізуге әкеледі.
Кластер жаңа бизнестің дамуына әкеледі, себебі нарықтың игерілмеген сегменттерінің бары жайлы
мағлұматқа ие болу дәрежесі өте жоғары болады.Ең бастысы сол, кластерге кіру барьері төмен болады,
нәтижесінде жаңа бизнесті құру кезінде қауіптілік төмендейді.
Кластерлерде информациялармен өзара алмасуға мүмкіндік беретін және кластер ішіндегі
қызығушылықты бір жолға түсіруші ерекше механизмдер бар. Біріншілерге жататындар:
-
бірге оқу мен армияда қызмет нәтижесінде жеке өзара қатынастар;
-
ғылыми орталарда немесе мамандық ассоциациаларда пайда болатын байланыстар;
-
географиялық жақындық нәтижесіндегі байланыстар;
-
кластерге қызмет етуші салалық асоциациялар;
-
ұзақ және берік өзарабайланысқа негізделген тәртіп нормалары.
Жеке меншіктікке байланысты, бұл топтың механизмдері бұрынғы совет елдері үшін жаңа және осы
уақытта даму үстінде.
Кластердің дамуында өмірлік циклдің кезеңдері байқалуымүмкін: туу, эволюция және құлдырау.
Бірақ та бұл, кластердің міндетті түрде осы үш кезеңді өтуі керек деген емес. Кейбір кластерлер
жүздеген жылдар боыйбәсекелестікке қабілеттілігін жоғалпауы мүмкін. Егер нарықты
монополизациялау нәтижесінде бәсекелестікті шектеу болатын болса, инновация баулайды, заң
шығаруда және өкіметтің саясатында икемділік болмаса, кластердің бәсекеге қабілеттілігі баяулай
бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |