Қазақ инновациялық



Pdf көрінісі
бет27/41
Дата15.03.2017
өлшемі3,26 Mb.
#9958
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41

Әдебиеттер 
1.
 
Қазақстан Республикасының «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы. 23 қаңтар 2001 жыл. 
2.
 
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі, 24 сәуір 2004 жыл. 
3.
 
«Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңы. –6 шілде 2007 жыл. 
4.
 
Муниципальный  менеджмент:  Учебное  пособие/  Под  редакцией  доктора  с.-х.  наук  С.К.  Курманбаева.  – 
Алматы: Экономика, 2000. – 134 с. 
5.
 
Муниципальное  управление:  Учебник/  Под  редакцией  Т.Г.  Морозовой.  –  Москва:  Издательское 
объединение «Юнити», 1997. 
6.
 
Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006.- 230 бет. 
7.
 
Мамыров  Н.К.,  Саханова  А.Н.,  Ахметова  Ш.С.,  Брузати  Л.  Государство  и  бизнес.  Отношения  между 
правительством и бизнесом. Книга 2: Учебник. – Алматы: Экономика, 2002. – 496 с. 
 
Есентаева А. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті магистранты  
 
ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ АҚСАҚАЛДАР ИНСТИТУТЫНЫҢ БИЛІК МӘСЕЛЕСІНДЕГІ 
РӨЛІ 
 
Аннотация: В статье рассматриваются основные перспективы развития кочевой культуры и ее особенности в 
контексте  исследовании  отечественных  и  зарубежных  ученных  историков  и  культурологов.  Подводится 
аналитическоерезюмирование данной проблемы как перспектива формирования политического общества. 
Summary:  The article discusses the main perspectives of the development of nomadic culture and its features in the 
context of the study of domestic and foreign scholars and historians, culture experts. Summarizing the analytical 
summarization of the problem as the prospect of forming a political society. 
155 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
 
Дәстүрлі қазақ қоғамынын қоғамдық-саяси құрылымдары жүйесіндегі әлеуметтік институттарының 
бірі ақсақалдар институты болып табылады. 
Дәстүрлі  қазақ  қоғамынын  ақсақалдар  институтынын  тағылымы  мен  тарихи  манызы  туралы 
Қазақстан Республикасынын Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Тарих толқынында» атты енбегінде «Рухани-
парасаттылық  құндылықтарын  сақтап-сабақтастырып  отыратын  ақсақалдардыћ  беделі  мен  роліне 
негізделген  патриархалды  жанұя  ұлттық  сананы  орнықтыруда  ерекше  манызды  болған.  Ұлттық 
тарихтын  әлеміне  өзімнің  жасымен  де,  басымен  де  бір  табан  жуық  тұратын  дана  көкірек  қарттардын 
беделіне шәк келтірілмеген. Бұл сияқты геронтократиялық институттардын књш- қуатын, әрине, қазіргі 
қоғаммен шендестірудін қисыны жоқ. Алайда, ұлттық рухты сақтауда ақсақалдар институтыныћ орасан 
жағымды ролінін болғанын тіпті жиырмасыншы ғасырда да қазақтардын бүтін бір ұрпағынын сезінгені 
анық», - деп атап көрсетті [1, 31 б.]. 
Дәстүрлі қоғамда ақсақалдар билігі әлеуметтік қауымды ұйымдастыру институты болып табылды. Ен 
бастысы қауымнын демографиялық даму динамикасына сай ұрпақтар мен көзі тірі адамдар арасындағы 
өзара  рухани  байланыстын  әдет-ғұрып  пен  салт  жоралардың  дәнекері  қызметін  атқарды.  Ақсақал 
термині «ру басы», «ел ағасы», сөздерімен қатар қолданыла берген. 
Алғашында қаған лауазымын ру-тайпа көсемдері иеленгендері туралы пікірлер жеткілікті. Мәселен, 
А.Н.Бернштам:  «даап,  дауап»  термині  әртүрлі  контексте  кездеседі,  бірақ  ол  белгілі  бір  румен  немесе 
тайпамен  байланысты,  -  дей  келе,  -  көсем,  ру  ақсақалын  білдіретін  термин  келе-келе  хан  лауазымын 
білдіретін терминге айналды, - деп пікір қорытады. Олай болса, қағандар да дәл қазіргі хан мағынасында 
қолданып отырғанымыздай ақсақал көсем болған [2, с. 152]. 
Ата балаларынан этникалық құрылымдарды жасы үлкен жоғары мәртебеге ие шаруашылық тетігін 
білетін ақсақалдар басқарған. Рухани қасиеттерді берік ұстанып, қастерлеп сақтаудын үлгісін көрсетуші 
ең  бірінші  адам  қауымнын  жасы  үлкен  ақсақалы  болды.  Себебі,  ол  көпті  көрген  көреген  өмірлік 
тәжірибесі  мол  данышпан  ұстаз  саналатын.  Қазақта:«Көп  жасағаннан  сұрама.  Көп  көргеннен  сұра» 
дейтін нақыл сөз осындайдан айтылса керек. 
Дәстүрлі  қазақ  қоғамында  ақсақалдарды  сыйлаудын  үш  түрлі  әлеуметтік  мәні  болған:  Біріншіден, 
ақсақал  -  асқан  ақыл  иесі,  екіншіден,  ақсақал  -  қазақ  дәстүрі  мен  салтын  сақтаушы  және  онын 
орындалуын қадағалап реттеуші, үшіншіден, ақсақал - рухтар мен ата-бабалар әлеміне жақындай түскен 
адам, сондықтан, ол ерекше құрметке ие. 
Дәстүрлі қазақ қоғамында «ру ақсақалдарының кенесі», «тайпа ақсақалдарының кенесі», «ақсақалдар соты» 
сияқты дәстүрлі билік институттарының жүйесінің болғандығы белгілі. Бұл билік жүйесінің ауыл арасындағы 
қарым-қатынастын,  жер  дауынын  шешімін  табуда  манызы  әрине  жоғары.  Ақсақалдардын  шешімі  билер 
сотында,  әдеттік  құқықта  манызды  орын  алды.  Билердің  өзі  маңызды  шешімді  ру  ақсақалдарының 
қатысуынсыз шешпеді. Ақсақалдар кеңесі елдін ішкі мәселесінен туындаған жағдайда үткізіліп отырған. 
Ру ақсақалдары шешімін таппаған мәселені өзара кеңес жасап талқылаған. Ақсақалдар ел арасындағы 
күрделі мәселелерді реттеп отырды, қауым мүшелерінің ақсақалдар кесіп айтқан сөзіне тоқтауы қазақи 
қалыптасқан  сана,  ғұрыптың  бірі  саналды.  А.И.Левшин:  «...  егер  рубасшысы  сыйлы  немесе  құрметті 
болса, барлығы оған ақыл-кеңес алуға келеді. Барымта немесе басқа бір жорыққа аттанар алдында одан 
жол, бағыт сұрай келеді. Соңғы жағдайда жылқы немесе басқа түсі ақ малды құрбандыққа шалып алып 
келіп, оның кеңесіне келісетіндігін айтады....» [3, с. 346] - деп жазған.Бұдан қауым мүшелерінің қандай да 
бір істі рубасының келісімінсіз жасамайтындығын көреміз . 
Әдебиеттер 
1. 
Крадин Н. Н. Кочевые общества. Владивосток: Дальнаука, 1992. 240 с. 
2.
Крадин Н. Н. Империя Хунну. 2-е изд. перераб. и доп. М.: Логос, 2001/2002. 312 с. 
3.
Крадин Н. Н., Скрынникова Т. Д. Империя Чингис-хана. М.: Восточная литература, 2006. 557 с. ISBN 5-02-
018521-3 
Есентаева А. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университеті магистранты  
 
КӨШПЕЛІЛЕРДЕГІ ҚОҒАМДА МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ  
 
Аннотация: В статье рассматриваются основные перспективы развития кочевой культуры и ее особенности в 
контексте  исследовании  отечественных  и  зарубежных  ученных  историков  и  культурологов.  Подводится 
аналитическоерезюмирование данной проблемы как перспектива формирования политического общества. 
Summary:  The article discusses the main perspectives of the development of nomadic culture and its features in the 
context of the study of domestic and foreign scholars and historians, culture experts. Summarizing the analytical 
summarization of the problem as the prospect of forming a political society. 
156 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
 
Еліміздің  есею  жолдары,  халқымыздың  өткен  тарихы,  отанымыз  бен  мемлекетіміздің  қалыптасу 
кезеңдері  туралы  ой  жүгіртсек,  мамандардың  түрлі  ой-тұжырымдарын  кезіктіреміз.  Солардың  ішінде 
«көшпелі  мәдениет»  (Л.Н.Гумилев),  «көшпенді  өркениет»  (Ә.  Марғұлан,Қ.  Ақышев,  К.  Байпақов), 
«көшпенділер қоғамы» (С.Толыбеков, Д. Кішібеков), «дала өркениеті» (М. Қозыбаев) джеген ұғымдар, 
ой-тұжырымдар жиі кезігеді. 
Ежелгі  замандардан  жаңа  заман  басталғанға  дейін  Қазақстан  аумағындағы  мемлекеттік 
құрылымдарды көне қытай, араб, парсы, түрік тілдерінде жазылған жазба деректер патшалық, хандық, 
қағандық,  орда  деп  атағаны  белгілі.  Ал  XVIII-XIX  ғасырларда  Еуропа  тарихи  білімдердің  ғылымға 
айналуына  байланысты  көптеген  ұғымдар  мен  түсініктер,  оның  ішінде  мемлекет  ұғымы  да  өзгеріске 
ұшырайды,  жаңаша  анықтамалар  беріледі.  Еуропалық  қоғамтанушы  ғалымдар  Еуропа  тарихын 
зерттеуде,  түсіндіруде  алға  қарай  көп  қадам  басады.  Әр  түрлі  теорияларға  негізделген  тұжырымдар 
пайда болады. Еуропаның XVIII-XIX ғасырларда дамыған елдері сол кездердегі жаңа технологияларды 
тез  игеру  арқылы  әлемнің  басқа  аймақтарын  жаулап,  ондағы  халықтар  мен  мемлекеттерді  өздерінің 
отарларына айналдырады. «Отар елдің тарихын отарлаушы елдің өкілі жазады» деген қағидаға сәйкес 
еуропалық  қоғамтанушылар,  әсіресе  тарихшылар  отарланған  елдердің  тарихын  зерттеу  барысында 
«шығыстанушылар»  атанды.  Шығыс  елдерінің  тарихымен  айналысатын  ғалымдардың  барлығы  дерлік 
бір  ғана  ртақ  ұстанымға,  құралдарға  сүйенеді.  Ол  –  еуропалық  ғалымдардың  өз  елдерінің  тарихын 
зерттеуде  өздері  қалыптастырған,  қолданған  ұстанымдары,  көзқарастары,  ұғымдары  мен  терминдері, 
заңдары  мен  заңдылықтары.  Осындай  ұстанымдардың  еуроцентризмге  алып  келгені  белгілі. 
Еуроцентризмнің  Азия  халықтарының  тарихына,  оның  мемлекеттілігіне  қатысты  негізгі  мәні, 
біріншіден,  еуропалықтардың  Азиядағы  жыртқыштық,  отарлық  саясатын  ақтау  болса,  екіншіден, 
азиялықтарда  мемлекеттіліктің  болмағандығын,  сондай  –  ақ  мемлекеттіліктің  болу  мүмкіндігінің  өзін 
жоққа  шығаруға  саяды.  Мұндай  теорияның  қазақ  тарихына,  оның  ішінде  қазақ  мемлекеттілігінің 
қалыптасуы  мен  дамуына  да  тікелей  қатысы  бар.  Бұл  туралы  В.  Бартольд  1900  жылы  өзінің 
дессертациясын  қорғау  алдында  сөз  сөйлеп  былай  деген  еді:  «Өткен  ғасырдың  ортасында  Орта  Азия 
тарихы  бойынша  бірінші  рет  көлемді  еңбек  өариялаған  Дегин  қарсыластарының  тарихы  жоқ 
халықтардың  тарихын  өз  зерттеуінің  тақырыбы  етіп  алды  деген  сынына  ұшырады.  Олардың  ойынша 
түріктер тарихы сол елдердегі жолбарыстардың тарихы секілді ешқандай қызығушылық тудырмайды...». 
Міне,  осындай  –  ақ  XVIII  ғасырда  еуропалық  қоғамтанушылардың  Азия  халықтарының,  шығыс 
елдерінің,  оның  ішінде  түрік  халықтары  мен  көшпелі  тайпалардың  тарихына  алдын–ала  қандай 
көзқарастар  мен  пікірлерде  болғанын  анық  көреміз.  Қазіргі  кезеңдегі  белгілі  тарихшы  З.  Қинаятұлы 
Азия  халықтарының  тарихына  байланысты  еуроцентристік  қозқарастардың  қалыптасуы  мен  оның 
негізін  қалаушылар  туралы  былай  деп  түсіндірді:  «Мемлекет  және  оның  сипаты  туралы  теориялық 
ілімдер» капиталдың үстемдік құрған дәуірінде қалыптасты. Мемлекет туралы ілімнің негізін көрнекті 
неміс  философтары  Имманауил  Кант  пен  Фридрих  Гегель  қалады.  Кант  көшпелілердегі 
мемлекеттіліктің  бастауын  көшпелілер  мен  отырықшылар  арасындағы  қайшылықтардан  іздесе,  ал 
Гегель  көшпелілерді  тарихқа  дейнгі  дамудың  сатысына  жатқызып,  көшпелілер  өзіндік  мемлекеттілік 
құру деңгейіне дейін пісіп – жетілген жоқ деп есептейді. Сөйтіп, неміс философтары еуропалықтардың 
мемлекет  құру  тәжірибесін  «эталон»  деп  алып,  «жабайы  азиаттар  өз  мемлекеттілігін  тек  өркениетті 
еуропалықтардың  күшті  билігімен  ғана  қалыптастыра  алады  деген  тұжырымға  келді».  Немістің 
классикалық  философиясы  өкілдерінің  ойлары  жалпы  еуропалық  философияның  даумына  қалай  әсер 
етсе,  олардың  көшпелілердің  мемлекеттілігі  жөнінде  айтқан  пікірлері  де  еуропалық  тарихшылардың 
пікірлеріне  дәл  сондай  әсер  етеді.  Осылайша,  дүниежүзілік  тарихтың  жаңа  заманының  алғашқы 
кезеңінде еуропалық ғылымның Азия халықтарының тарихына деген теріс, жеккөрінішті пікірлері XIX 
ғасырда  жинақтала  келе,  еуроцентристік  көзқарастар  мен  теориялардың  пайда  болуына  алып  келді. 
Мұндай  көзқарастар  XX  ғасырда  да  жалғасын  табады.  Ағылшын  философы  А.  Тойнби  (1889-1975) 
өзінің  өркениеттер  тарихына  арнаған  еңбегінде  көшпелілер  қоғамы  «кенже  қалған  қоғам»,  дамыған 
өркениет дей келе, олардың қоғамына «тарихы жоқ қоғам» деген тұжырым жасайды.  
Көшпелілер  тарихына,  олардың  мемлекеттілігіне  еуроцентристік  қөзқарастар  осындай  болғаннан 
кейін, сол тұстағы номадологтар өз зерттеулерінде бұл ойларды одан ары негіздеуде, дамытуға барынша 
күш  салады.  XIX  ғасырдың  соңы  мен  XX  ғасырдың  басында  номадологияда  мемлекеттіліктің  пайда 
болуы  мәселесіне  байланысты  «жаулап  алу»  пікірлер  мен  көзқарастар,  теориясы  үстем  болып,  кең 
тараладыЛ. Гумплович, П. Оппенгаймержәне тағы басқа да шетелдік зерттеушілер өз еңбектерінде бұл 
теорияны негіздеу үшін көшпелілердің отырықшы қоғамдарға жасаған жорықтары туралы мәліметтерге 
ғана сүйенеді. Осы кезеңде ресейлік авторлар да көшпелілердің мемлекеттілігі мәселесіне қозқарастар 
аударады. Н. Аристов, Н. Гродеков, Г.Потанин секілді зерттеушілер бұл жөнінде мемлекеттіліктің пайда 
157 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
болуы  мен  қалыптасуын  жеке  көсемдер  мен  жетекшілердің  жеке  басындағы  қасиеттерімен 
байланыстырады. XX ғасырдың 20 жылдарынан бастап, көшпелі қоғамдардағы мемлекеттіліктің пайда 
болу  мәселесін шеші үшін  зерттеушілердің  бар  назары  екі  мәселеге  ауады.  Оның  біріншісі  –  көшпелі 
қоғамда  таптар  болды  ма?  Ал  екіншісі  –  көшпелілерде  меншіктің  қандай  түрі  болды  деген  сұрақтар. 
Мұнда  таптар  мен  меншіктені  мәселесі  қарастырылғанымен  оның  артында  мемлекеттіліктің  пайда 
болуы,  дамуы  мәселесі  тұрғаны  белгілі.  Осыған  байланысты  номадологияда  сан  алуан  және  қарама  – 
қайшылықты пікірлер мен көзқарастар, тұжырымдар мен ғылыми ойлар қалыптасадыБіз олардың бәрін 
талдай,  саралай  келе  барлық  айтылған  тұжырымдар  мен  пікірлердің  үш  теориялық  негіздерден  астау 
алатындығына,  соған  байланысты  олардың  үш  топқа  бөлінетіндігіне  көз  жеткіздік.  Бірінші  топқа  – 
көшпелі қоғам дамудың таптық қоғамға дейінгі кезеңінде болған деген көзқарастар мен пікірлер тобы 
жатады.  
Көшпелілер  қоғамының  таптық  қоғамға  дейінгі  сатыға  да,  феодалдық  сатыға  да  жатпай,  қоғам 
дамуының  ертетаптық  сатысына  жататындығын  дәлелдейтін  пікірлер  мен  қозқарастар  көшпелі 
қоғамдардағы таптар және меншік мәселесіне байланысты үшінші топты құрайды. Бұл топқа жататын 
авторлар:  Г.Марков,  А.Хазанов,  Н.Масанов,  А.Першиц,  Н.Крадин  өз  зерттеулерінде  көшпелілердің  өз 
беттерінше  қоғамдық  дамудың  тек  ертетаптық  сатысына  ғана  жете  алатындығын,  онда  жерге  жеке 
меншіктің  жоқтығын,  малға  меншіктің  бар  екендігін  көрсетуге  тырысады.  Бұл  теорияның  негізін 
қалаушылар мен оны әлі де болса іздері қатты сақталып қалғанын көруге болады. Бұл теория – таптық 
емес  саты  теориясы  мен  феодалдық  саты  теориясы  арасындағы  теория  болса  да,  мемлекеттілік 
мәселесінде бірінші теорияға жақын. Ол теориялардың қатарында көшпелілерде мемлекет болған жоқ, 
олар өз дамуында мемлекеттілікті қалыптастыра алмайды, тек қана мемлекеттілікті көшпелілер көрші 
отырықшы-егіншілік  қоғамдарды  жаулап  алу  арқылы  ғана  қалыптастыра  алады  деген  ойлар  бұғып 
жатыр.  Ал  Қазақстан  аумағында  Қазақ  хандығына  дейін  өмір  сүрген  мемлекеттердің  болғандығы  – 
тарихи  шындық.  Оларды  мемлекеттілік  құрылым  емес  деп  бағалайтындар  жоғарыда  айтып  өткен  екі 
теорияны қолдаушылар. Сол себепті де біз ол теорияларды объективті шындықты толы көрсете алмайды 
деп есептейміз. Мысалы, осы теорияны жақтап жүрген ресейлік тарихшы Н.Крадин көшпелілердің саяси 
жүйесін  мемлекет  деп  есептеуге  болмайды  деп,  оны  жаңа  терминмен  «өте  күрделі  көсемдік» 
(суперсложное  вождество)  деген  атаумен  атайды.  Оның  көрсетуі  бойынша  қарапайым  көсемдік  – 
бірнеше  қауымның  бір  көсемге  бағындырылуы  болса,  күрделі  көсемдік  дегеніміз  бірнеше  қарапайым 
көсемдердің сатылы түрде ұйымдастырылған түрі. Ал күрделі көсемдік жай ғана механикалық түрдегі 
бірнеше күрделі көсемдіктің бірігуі емес, оның ең басты айрықша белгісіне жоғарғы көсемнің аймақтық 
құрылымдарды баасқару үшін өз атынан басқаратын адамдарды тағайындаудың пайда болуы жатады. 
Осы  күрделі  көсемдікті  Н.Крадин,  көшпелі  империя  дей  келе,  оның  құрамына  енген  тайпа  көсемдері 
ондық  әскери  жүйе  негізінде  біріктріледі,  бірақ  олар  ішкі  саясатта  өздерін  белгілі  бір  деңгейде 
орталықтан бөлек ұстайды. Этносаяси тұрғыдан алғанда күрделі көсемдіктер тайпалық бірлестіктердің 
одағынан  бастап  жоғарғы  сатыға  дейін  әкімшілік  және  іскери  билікті  көшпелі  империя  билеушісінің 
арнайы  өзі  тағайындалған  өкілі  басқарады.  Мұндай  «өте  күрделі  көсемдік»  алғашқы  мемлекеттердің 
ізішары  болып  табылады.  Көшпелі  қоғамның  дамуының  ерте  таптық  сатылы  теориясын  өте  белсенді 
түрде  қолдап  жүрген  автордың  осы  ұсынған  моделін  Қазақстанның  ежелгі  және  ортағасырлардағы 
мемлекеттілік жүйесіне қолданып көрсек, онда ғұн, үйсін, қаңлылардың мемлекеттілігі мен XV ғасырда 
құрылған Қазақ хандығы арасында ешқандай өзгеріс те, айырмашылық та жоқ. Екі мемкеттілік құрылым 
арасында 2000 жылдай уақыт жатса да, ешқандай мемлекеттік дамуды көре алмаймыз. Тек оның кейбір 
жақтарын  ғана  XIII-XV  ғғ.  аралығындағы  Қазақстан  аумағында  болған  этносаяси  дамулардан 
байқаймыз.  
Осылайша,«Көшпелі қоғамдарда мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жөніндегі теорияларға талдау» 
тақырыбындағы  мақаласында  Берекет  Кәрібаев  көшпелі  қоғамдардың  дамуы  және  соған  байланысты 
мемлекеттіліктің  қалыптасуы  жөніндегі  жоғарыда  қарастырылған  теорияларды  салыстыра  келе,  біз 
Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуына феодалдық саты теориясы негіз бола 
алады деп санаймыз деп тұжырым жасады. 
 
Әдебиеттер 
1.  Г.Уразбаева  «Қазақ  әдет-ғұрып  құқығы  мен  Орталық  Азияның  көшпелі  халықтарының  әдет-ғұрып 
құқығының эволюциясы». 
2.З.Қинаятұлы  «Дала халықтарының мемлекеттік заңдық үрдіс жалғастығы :Әдеттегі заңнан  «Жеті Жарғыға» 
дейін. 
3
.Абусеитова М.Х. Казахское ханство в первой половине ХҮІ в. Алма-Ата. 1985. 
4.Берекет Кәрібаев «Көшпелі қоғамдарда мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы жөніндегі теорияларға талдау». 
5.Ж.Молдабеков «Көшпенділік өрісі: жорық жоралғысы, ереуіл дәстүрі». 
 
158 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Жолдыбаева Р.Т. 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің магистранты 
 
АТТИЛА –ҒҰН ИМПЕРИЯСЫНЫҢ БИЛЕУШІСІ 
 
Аннотация:  Статья  описывает  выдающегося  предводителя  гуннов  Атиллу.Он  показан  как  талантливый 
военный стратег, который завоевал всю Римскую империю. 
Annotation: 
Summary:The article considers an outstanding leader of Huns-Attila. He is shown as a gifted military strategist, who 
conquered the whole Roman Empire. 
 
Тарихта әлемді дүр сілкіндірген билеушілер - Александр Македонский мен Юльий Цезарь қатарынан 
тең орын алатын Аттила тарих үшін әлі күнге дейін көп жағы жұмбақ болып келе жатқан тұлға. 
Аттила, Еділ - әйгілі Ғұн империясының билеушісі. Оны Аттила деп сол кездегі латын тілінде, яғни 
Рим  империясының  мемлекеттік  тілінде  атағандықтан  тарихта  осы  термин  қалыптасты.  Алайда  оның 
есімін әр халық әр түрлі атайды. Олар Еділ (Аттила) есімінің қай елден, қай тілден шыққанын зерттеп, 
әр түрлі болжамдар айтты.Ғұн ордасымен тығыз байланысты болған герман тайпалары тілінде оны Еңіл 
(Еtzеl),  ал  Швеция,Дания  жәнеФарер  аралдарындағы  халық  балладаларында  ғұн  көсемін  Артала, 
скандинавия  халықтарының  тілінде  -  Атли,  латын  және  көптеген  Еуропа  халықтарының  тілінде  - 
Аттила,испан тілінде Атила (Аttila), қытай тілінде Әтил, қазақ және басқа түркі халықтарында Еділ - деп 
аталады.  Әрине  Аттила  есімінің  түбірі  Еділ  (орысша  Волга)  өзені  атымен  байланысты.  Оның  өмірге 
келуі  туралы  да  деректер  нақты  емес,  солардың  біріне  тоқталатын  болсақ,З.Қинаятұлы:«Атилла  -  360 
жылдары алаңдармен болған шайқастарда ерлігімен танылған Баламир ханның бесінші ұрпағы. Баламир 
ханның  ұлы  Жұлдыз  хан,  одан  Қаратон  хан,  одан  Мәншүк  хан  туған  дейді.  Ал,  Аттила  410  жылы 
дүниеге келген Мәншүк ханның бес ұлының бірі», - дейді. 
Ғұн мен Рим империялары арасындағы достық қатынас яғни герман тайпаларына қарсы одақтастық 
қатынастарда  болған.  Римді  Ғұн  әскері  вестготтардан  бірнеше  рет  құтқарған  себепті  Рим  басшылары 
Паннония  (қазіргі  Венгрия)  провинциясын  Ғұн  ордасына  420  ж.  сыйлыққа  берген.  Сондықтан  Ғұн 
ордасы сонда көшірілді және сол қала герман тілінде Еңілбург (яғни Еділқала, Аттилабург) деп аталған. 
434 ж. Ғұн империясының атышулы королі Руғила өлгенде мемлекет билігі оның немере інілері Бледа 
мен Аттила қолына тиді. Аттила оның інісі Мыңзықтың баласы болса, Бледа Ақтар деген інісінің баласы 
еді.  Аттилла  мен  Бледа  кезінде  440  жылдары  Ғұндар  империясының  территориясына  Рейн  мен 
ГаллияданЕділ (Волги) өзеніне дейінгі жерлер кірген. Екеуі бірге 445 жылға дейін (11-12 жылдай) билік 
еткен. Атилла өзі жеке 8 жыл билік еткен(445-453жж). 
Аттила есімі бүкіл Еуропаға қорқыныш тудырған.Аттила билік жүргізген кезең тарихта еуропалық 
ғұн мемлекетінің шарықтау кезеңі болған. Жалпы оның сыртқа келбетінің қандай болғаны туралы түрлі 
деректер  бар,  дегенмен,Ғұн  ордасында  болып,  Атилланы  көзбен  көрген  грек  жазушысы  Прийск  оны 
«Сырт пішіні жөнінен кеспелтек, кең кеуделі, көзі қысық, басы қазандай, сақалы сирек әрі бурылдана 
бастаған,  мұрны  тәмпіш,  өңі  жиренішті  еді,  оның  бойынан  ататегінің  барлық белгілері  табылатын»,  – 
деп  сипаттаса,  әлемді  дүр  сілкіндіруші  Аттила  патша  жөнінде  Каталаун  соғысын  толық  сипаттаған 
жалғыз тарихшы Иордан Аттила туралы: «Аттила – Скифия даласын мекендейтін тайпалардың әлемдегі 
жалғыз  басшысы,  бүкіл  ғұндар  көсемі.  Варварлар  арасында  таңғажайып  даңқымен  танымал  тұлға 
болған», - деген мәлімет қалдырған. Ал ол мекен еткен бекінісі туралыТарихшы Приск: Керемет үлкен 
өзендерден  -  Тизия  (Тисса),  Тибизия  (Темеш)  және  Дрикка  -  кешіп  өтіп,  король  Аттила  тұрған  елді 
мекенге келдік. Бұл өзі үлкен қалаға ұқсайды: бір - біріне тығыз бекітілген жылтыр ағаштардан іргесі 
бар,  арасынан  күн  сәулесі  өтпейді.  Біршама  алысқа  созылған  құрылыстары  бар,  әшекейленген 
порталдары  көрінеді.  Король  сарайының  жағалай  қоршауы  бар,  көлемінің  өзі  патша  сарайынан  хабар 
береді. Бұл өз қоластында бүкіл варварлар әлемін  ұстаған - Аттила қонысы, осы қонысты ол жаулап 
алған қалаларынан артық көретіндігінен хабар береді», - деген болатын. Ал оның қолбасшы ретінде өзін 
– 
өзі  ұстауы  мен  өзгелерге  көрсететін  құрметі  туралы  төмендегі  деректерден  харабардар  бола 
аламыз.448  жылы  Рим  тарихшысы  Прискус  Феодосий  ІІ-нің  Аттилаға  елшілікке  жіберген  адамы 
Максиминнің  өтініші  бойынша,  олармен  бірге  жолға  шығады.  Аттила  секілді  ұлы  қолбасшының  адал 
саясаты мен дипломатиялық қызметін аса жоғары бағалаған Шығыс Рим елшілігімен келген Максимин 
мен  Прискустың  Аттила  жасаған  тойларға  қатысып,  байқағаны  -дастарқан  басында  патшаның  жақын 
адамдары мен балаларының және қонақтардың орын тәртібінің қатаң сақталуы екен. «Ол әркімнің шені 
мен дәрежесіне байланысты.Дастарқанда отырғандардың алдындағы ыдыс-аяқтар, қасық, шанышқылар - 
алтын мен күмістен жасалған хас ұсталар мен зергерлердің қолынан шыққан бұйымдар. Ал Аттиланың 
алдындағы  ыдыстар  тек  ағаштан  жасалған  екен.  Себебі,  ол  -  өнер,  ғылым,  білімді  қатты  қадірлеп, 
159 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
патшалардың патшасы болса да, жас кезіндегі қарапайым қатардағы жауынгер дағдысынан айнымаған», 

деп  сипаттайды.  Бір  Аттиланың  бұл  әрекетінен  қолбасшылық  және  жауынгерлік  дәстүрлерді  берік 
сақтайтын,  өзін  өзгелерге  әрекеті  арқылы  сыйлатып,  әділ  құрметке  ие  болып  отырғанын  анық  көре 
аламыз. 
V  ғасырдың  40  жылдарында  Аттила  басқарған  ғұн  империясы  ең  күшті  мемлекетке  айналды. 
Еуропадағы барлық мемлекеттер мен халықтар ғұндармен міндетті түрде санасуға мәжбүр еді. Сонымен 
қатар,  Еділ  батырдың  «Алтынжалдың  тұяғы  тиген  жер  көгермес»,  яғни  «Менің  атымның  тұяғы  тиген 
жерге  шөп  шықпас»  деген  сөзі  талай  халық  арасында  аңыз  болып  қалды.  Аттиланың  өте  дарынды 
қолбасшы  болғанын  оның  жауынгерлерін  басқару,  жорыққа  бағыттау  тактикасынан  анық  аңғаруға 
болады. Оған дәлел, Аттила үнемі жауға қарсы басым күшпен шайқасты және аз шығынмен шайқаста 
жеңіп отырған. Аттиланың әскери ұйымы тайпалық құрлымға негізделген. Әрбір тайпада 10000 түмен 
әскерденшығарған.  Әскер  ондықтан,  ондық  жүздіктен,жүздік  мыңдықтан  тұрған,  осындай  10  мыңнан 
түмен құралған. Түмен басы "хан" деп аталған және одан жоғары тек патша болған. Оның әр шайқасқа 
аса  жауапкершілікпен,  жоспарлы  түрде  аса  жоғары  ыждаһаттылығымен  дайындығының  арқасында 
үнемі ірі жеңістерге қол жеткізіп отырған. Оған төмендегі жорықтары дәлел бола алады. 
451  жылдың  7  сәуірінде  ғұндар  бірінші  Мец  қаласын,  сосын  Трир,  Кёльн,  Реймс,  Тонгерен,  Труа 
қалаларын бірден басып алды. Солжылдың 14 шілдесінде Римдік Галлияның орталығы Орлеан қаласын 
қоршауға алып, ұрысты бастайды. Қала қамалдарын тарандармен тесе бастаған кезде римдік әскер басы 
Флавий  Аэцийдің  және  вестготтардың  королі  І  Теодорихтың  біріктірілген  әскері  Орлеандықтарға 
көмекке келеді. Мұның аяғы тарихта бұрын болмаған үлкен қырғын, әйгілі Каталауншайқасына әкеледі. 
Тарихшылар  осы  шайқаста  майдан  даласында  165  мың  жауынгердің  өлігі  қалды  дегенді  айтады. 
Сонымен қатар, Еділ қаған әскерін Каталаундаласына Орлеан қаласынан шығыс жаққа қарай 200 км-дей 
қашықтықта,  Сена  өзенінің  оң  жағалауына  (Труа  қаласының  төңірегінде  болса  керек)  тоқтайды. 
Каталауншай  қасының  нақты  болған  күні  мен  жері  туралы  мәліметтер  сақталмаған,  бірақ 
тарихшылардың  болжамы  бойынша  ұрыс  маусымның  соңы  шілденің  басында  Труа  қаласының 
солтүстігінде, қазіргі Шампань провинциясының аймағында болған. Бұл ірі ұрыс нәтижесінде екі жақ 
бірдей  шығынға  ұшыраған.  Проспер  Тиро  жазғандай,  Каталаун  даласындағы  шайқаста  бірде-бір  жақ 
жеңіске  жеткен  жоқ.  Өлім  саны  шексізболды.  Король  І  Теодорих  шайқас  алаңында  қаза  тапты.  І 
Теодорихтың орнына келген вестготтардың жаңа королі Торисмунд өз әскерін ұрыс алаңынан Тулузаға 
бірінші  болып  алып  кетеді.  Содан  кейін  Еділ  қаған  өзінің  аман  қалған  сарбаздарын  Дунайдың  арғы 
жағына  орналастырады.  Келесі  452  жылы  ғұндар  Италияның  солтүстігіне  шабуыл  жасайды.  Римдік 
әскер басылар Атиллаға қайта шабуыл жасауға бата алмаған. 
445-
453жж. бытыраңқы көшпелілерді біріктіріп, құдіретті империяға айналдыру мақсатында көптеген 
мәдениет  пен  өркениеттің  көрінісі  болып  отырған  қалаларды  жаулаған  «әлем  жаулаушысы»  -  Аттила 
453 жылы кенеттен қайтыс болды. Оның өлімін әркім әр түрлі жорамалдап жүр. Ал шын мәнісінде, Ғұн 
империясының әйгілі билеушісінің өмірден қайтуының себебі әлі күнге дейін біз үшін жұмбақ. Герман 
тайпаларын  бағындырып  жүргенде  Аттила  бургундия  принцессасы  Идилка  атты  қызға  ғашық  болып 
қалған  еді.  Идилкаға  арнап  сарайлар  салғызды.  Ғұн  королі  оған  үйленбей  тынбайтын  болды.  Осы 
мерекеге  көп  дайындық  жасайды.  453  жылы  Идилкаға  үйленген  соң  Аттила  яғни  Еуропаны  түгелдей 
бағындырған ғұн королі кенеттен қайтыс болады. Оның қайтыс болған жылын зерттеушілер бірде 453 
жыл, бірде 454 жыл деп жазады. Оның артында жеті баласы қалған еді. Олар: Эллақ, Денгизик (Теңіз), 
Емназар,  Ұзынтұра,  Өте  Есқалма,  Ернақ  (Ирнақ).  Үлкен  баласы  Эллақ  белгілі  қолбасшы  Еділ-Жайық 
пен  Днепрге  дейінгі  үлкен  территорияны  билеген  және  Аттила  тірі  кезінде  оны  өзінің  мұрагері  етіп 
белгілеген. Оның шәкірттері ішінде тарихта аты қалғаны Одоакр Едігеұлы 476 жылдан 493 жылға дейін 
Италияны жалғыз өзі биледі. 
Әлемді  мойындатып  келген  «Тәңір  қамшысының»  ордасы  өзі  өмірден  өткеннен  кейін  ыдырайды. 
Бірақ ғұндар Еуропадан кеткен жоқ.Жаңадан құралған соңғы Ғұн мемлекеті Уархун (Арғын) қағанаты 
деп аталды. Баян хан кезінде ең күшті мемлекет болды. Бұл мемлекет VIII ғасырдың соңына дейін өмір 
сүрді. Уархун қағанатының орнындағы мемлекет әлі күнге дейін ғұндар атымен Хунгрия (Венгрия) деп 
аталады. 
Тарихшы  К.Т.  Жұмағұлов  өз  зертеулерінде  «Еуразия  тарихында  Аттила  өшпестей  із  қалдырған 
тарихи тұлға. Ол туралы тарихи шығармалар мен эпикалық туындыларда көптеп айтылады. Қолымнан 
келгенше,  неміс  батырларының  эпостық  және  скандинавия  шығармаларында  (саг)  баяндалатын 
ғұндардың ерлігі туралы 18 шығарманы анықтадым. (Ол шығармаларда Аттила «Attila, Etzel, Atzel, Atli» 
деп  аталған.)»,-дейді.Еділ  қаған  «Нибелунгтар  туралы  жыр»  атты  белгілі  германдық  эпосының  басты 
кейіпкері.Ж.Дәдебаев:  «Нибелунгтар  туралы  жырда»  Атилланың  адалдығы  мен  азаматтығы, 
ақылдылығы мен батырлығы кең көрініс тапқан…»,–дейді.Аталмыш жырда Еділдің болмысы: 
160 
 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің хабаршысы №2, 2016 г. 
________________________________________________________________________________ 
Этцел даңқын асырды,  
Сарайына ағылып бар әлемнің батыры. 
Бәріне де, қарамастан құдайына, дініне, 
Жомарт болды ол, ашық-жарқын, сыпайы…, -деп жырланады. 
Аттила  -  адамзат  тарихында  ерекше  орын  алған  ірі  тарихи  тұлға.  Бұл  туралы  француздың  белгілі 
тарих  зерттеушісі  А.Тиерри  (1797-1873)  өзінің  «Аттила  және  оның  мұрагерлерінің  тарихы»  (1856  ж. 
Париж) атты кітабында «Адамзат тарихындағы Аттила есімі А. Македонский мен Ю. Цезарь қатарынан 
орын  алды»  -  деп  жазды.  Аттиланың  өркениетке  қосқан  негізгі  үлесі  -  дүние  жүзін  құлдықтан 
босатты.Тарихта өшпестей із қалдырған тарихи тұлғалар уақыт өткен сайын алыстамай керсінше, өзінің 
сол  кездегі  әрекетімен,  мінезімен,  тактикасымен,  жүргізген  дипломатиясымен  бүгінгі  ұрпақ  үшін 
қызықты. Тануды, танытуды уақыттың өзі қажет етіп тұратындай. 
Мақалада Аттиланың осы уақытқа дейін белгісіз болып келгенжайттары шешім таппаса да, зерттеу 
бағытын  анықтап,  осыған  дейінгі  зерттеулердің  сабақтасатығы  болады  деген  ойдамыз.  Өйткені, 
Атилланы тану - өзімізді тану (тарих, мәдениет, саясат, әскер өнері), өзгелерді зерттеу. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет