Нәзір Төреқұловтің жобасы: Латын графикасы негізінде әліпби жүйесін алғаш түзген қазақтың дарынды дипломаты Нәзір Төреқұлов. 1924 жылы Мәскеу қаласында «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында өзінің жобасын көрсетеді. Осы жөнінде Е.Д. Поливанов былай дейді:
Жобада 28 дыбысқа 28 әріп арнаған. Дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарын автор дәйекше арқылы айыруға болатындығын көрсетеді. Мысалы, «on (он) — on' (өн)», «un (ұн) – un' (үн)» т.б.
Кірме сөздер арқылы енген «ф», «ч» дыбыстарына әріп арнайды. Мысалы, «fylosofya» (философия), «cempyon» (чемпион).
Реті
Әріп
Аталуы
1
А а
А а
2
В в
Б б
3
C c
Ч ч
4
Çç
Ш ш
5
P p
П п
6
T t
Т т
7
D d
Д д
8
R r
Р р
9
Z z
З з
10
S s
С с
11
R r
Р р
12
Z z
З з
13
J j
Ж ж
14
Q q
Қ қ
15
K k
К к
Реті
Әріп
Аталуы
16
G g
Г г
17
Ğ ğ
Ғ ғ
18
L l
Л л
19
M m
М м
20
N n
Н н
21
Ŋ
ң
22
О о
О о
23
u
Ұ ұ
24
W v
У у
25
Y y
И и
26
Ә ә
Ы ы
27
E e
Е е
28
F f
Ф ф
29
X x
Х х
30
H h
һ
Алдыңғы жобасынан екі әріпті қысқарта отырып, Нәзір Төреқұлов осы жылы 25 әріптен тұратын жоба ұсынады. Жобада «ч», «ш» әріптерінің мәні өзгертілген және «ғ», «ө» таңбалары қысқартылған.
Реті
Әріп
Аталуы
1
А а
А а
2
В в
Б б
3
Р р
П п
4
T t
Т т
5
D d
Д д
6
R r
Р р
7
S s
С с
8
Ç ç
Ч ч
9
С с
Ш ш
10
J j
Ж ж
11
Q q
Қ қ
12
K k
К к
13
G g
Г г
14
L l
Л л
Реті
Әріп
Аталуы
15
M m
М м
16
N n
Н н
17
Ņ ŋ
Ң ң
18
O o
О о
19
U u
Ө ө
20
Wwv
У у
21
Ііy
И и
22
E e
Е е
23
Ә ә
Ы ы
24
Х х
Х х
25
F f
Ф ф
26
H h
Һ һ
27
Z z
З з
28
’
дәйекше
Халел Досмұхамедұлының жобасы
1924 жылдың басында Халел Досмұхамедұлы бір дәйекшеден құрылған жоба ұсынады. Ғалымның бұл жобасы «Ақ жол» газетінде жарияланған.
Реті
Әріп
Аталуы
1
А а
А а
2
В в
Б б
3
D d
Д д
4
E e
Е е
5
G g
Г г
6
I i
И и
7
J j
Ж ж
8
K k
К к
9
L l
Л л
10
M m
М м
11
N n
Н н
12
Ņ ŋ
Ң ң
13
O o
О о
14
Ө ө
Ө ө
Реті
Әріп
Аталуы
15
P p
П п
16
R r
Р р
17
S s
С с
18
Sh
Щ щ
19
T t
Т т
20
U u
Ұ ұ
21
Y y
І і
22
Z z
З з
23
H h
Һ һ
24
ch
Х х
25
tsh
Ч ч
26
F f
Ф ф
27
'
дәйекше
Халел Досмұхамедұлы тілдегі дыбыстарды таңбалау үшін еуропа үлгісін негізге ала отырып, латын графикасынан өзгеріссіз 14 таңба алады. Олар: а, b, d, g, k, l, m, n, o, p, r, s, t, z.
Мұхтар Мырзаұлының жобасы
1924 жылы Мұхтар Мырзаұлы үйренуге жеңіл, қолдануға қолайлы болуы үшін қазақ тілі дыбыстарының жуан-жіңішке болып жұп құрауын негізгі критерийлердің бірі ретінде алу қажеттілігін айта отырып, латын әліпбиіненегізделген жоба ұсынады.
Ә. Байділдаұлының жобасы
1927 жылы Ә. Байділдаұлы «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында Мәскеу қаласындағы «латыншылдар» ұйымының ұсынған жобасын көрсетеді. Бұл жоба 27 әріп, бір дәйекшеден құрылған.
Мәскеу ұйымының тарапынан ұсынылған бұл жобада қазақ тілінің дауысты дыбыстары, олардың жіңішке варианттары дәйекше арқылы ажыратылды. Мысалы: ана — «аna»; ән — «’аn». Ұсынылған әліпби жобасында /ә/ таңбасы <ы> және <і> фонемаларын белгілеу үшін, мысалы «ыдыс» сөзі «әdәs, sabәrmen bayqa» (сабырмен байқа) түрінде таңбаланды. Әліпбиде орыс тілінің «ч», «ф» әріптеріне таңба арналды.
Телжан Шонанұлының жобасы
1927 жылы «Тілші» газетінде Телжан Шонанұлының әліпби жобасы ұсынылады. Телжан Шонанұлы әріптердің бас түрін алмайды. Аталған әліпби жобасы 15-16 түркі тілдес халықтардың әліпбиімен салыстырыла түзілді деп баяндай отырып, ғалым әліпби түзудегі негізгі принциптерді көрсетеді
1928 жылы Жоғарғы Орталық Комитеттің (ВЦКНТА) ұйымдастыруымен Баку қаласында бүкіл түркі тілдес халықтардың әліпби жобаларын сараптауға жиналады. Әл елден келген өкілдер өз елдерінде болып жатқан жағдайды баяндай отырып, әліпби жобаларымен таныстырады.
Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлдарының бірлесіп жасаған жобасы
Конференцияға (Баку қаласына) Қазақстан атынан барған О. Жандосов 1928 жылға дейін қабылданған жобалардың авторларымен бірлесіп жасалған әліпби жүйесімен таныстырады (Жоба Ә. Байділдаұлы, Т. Шонанұлы, І. Қабылұлы, І. Жансүгірұлы, Ш. Тоқжігітұлдарының қатысуымен жасалған): а /a/, в /б/, c /ш/, ς /ж/, d /д/, e /e/, g /г/, q /ғ/, һ /х/, i /і/, k /к/, q /қ/, l /л/, m /м/, n /н/, ŋ /ң/, o /o/, ө /ө/, j /й/, p /п/, r /р/, s /с/, t /т/, u /ұ/, u /у/, у /и/, z /з/, ь /ы/.
Жобада дауыссыз «қ», «к»; «ғ», «г» дыбыстарына, дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарына жеке-жеке таңба арналады, ал дауысты, жіңішке «ә» дыбысы арнайы таңба арқылы белгіленбейді. Сондықтан «ә» фонемасын да арнайы жеке таңбамен белгілеу қазақ зиялы топ өкілдерінің арасында талқылатып, көпшілігі еуропа стандартына сай келетін «ä» таңбасын ұсынады. Бірақ бұл таңба бүкіл түркі халықтары үшін унификацияланған әліпби жүйесіне сәйкес келмейтіндіктен «ә» таңбасы алынады. Сонымен әліпби жүйелерін салыстыра келе, қазақ тілінің төл дыбыстарын бейнелейтін 29 таңба алынады.
Осыдан кейін ресми түрде барлық мерзімді басылым беттерінде қазақтың жаңа әліпби жүйесі жарияланады. Жалпы бұл әліпби ұлттық жазу негізінде құрылды. Ал ұлттық жазу дегеніміз — ана тілдің дыбыстық жүйесінен ауытқымайтын, ережесі де, әліпбиі де ұлттық дыбыстардың негізінде болатын жазу түрі.
Әдебиеттер 1..Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
2.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
3.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
4.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
5. Сыздықова Р. Емле және тыныс белгiлерi. -Алматы, «Рауан», 1996.
6. Қыдырниязова А. Орфография және тыныс белгілері. Алматы, 2008.
7. Күдеринова Қ. Бөлек және бірге таңбаланатын сөздердің орфограммасы. -Алматы, «Арыс», 2001. -240 б.
Тақырыбы:13. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі, олардың қалыптасуы Сағат саны: Тақырыптың негізгі сұрақтары: 1.М. Балақаевтың 1948 ж. оқушыларына арналған қысқаша "Емле сөздігі". 2.1995 ж. мектеп мұғалімдері мен баспа қызметкерлеріне арналған "Қазақ орфографиясы жайында анықтағыш" (Р. Сыздықова). 3.Мектеп оқушыларына арналған орфографиялық сөздік 1960 ж., біршама толық түрі 1972 ж., ал қазақ тілінің үлкен "орфографиялық сөздігі" 1963 ж. жарық көрді. Осы сөздіктің толықтырылып, өңделген 2-басылымы 1978 ж. шықты. 4. 1957 ж. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы бекіткен "Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері" . Осы аталған Негізгі ережелерінің жаңа редакциясына (1983) сәйкес ҚР ҒА-ның Тіл білімі институтының әзірлеуімен "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі 1988 жылы жарық көрді.
Әдістемелік нұсқау: Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мемлекеттеріне қарай араб, латын, кирилица таңбаларына негізделген әліпбиді қолдануда. Осы тұрғыдан келгенде ортақ әліпбидің болуы халқымыздың бір-бірін түсінісуіне оң ықпал етпек. Жазу өте ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму барысында жетілуімен бірге оның принциптері де өзгеріп отырды. Оның себебі қай кез болмасын, жазуда сөздің дыбыстық жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа алынады, соған талпынады. Тілдегі дыбыстар өте күрделі құбылыс. Оның айтылуындай етіп ешбір графика дәл бере алмайды. Сондықтан айту мен жазу арасында алшақтықтар туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің зерттеулерінің нәтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай келе жатқан табиғатын сақтауға, одан әрі қарай дамуына оң әсер етуіне жағдай жасайтын дұрыс жазылуын қамтамасыз ететін емле ережелері мен нұсқаулар талқыланып, келісіледі. Соның нәтижесінде емле ережелері енгізіледі. Сондықтан да әлемдегі бірнеше ғасырлық тарихы бар жазу жүйелерінің ең жетілген түрінің өзіне де үнемі өзгертулер енгізіліп отырылған. Осының өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің арасында алшақтықтар кездеседі.
Қазақ тілінің жазылуы мен айтылуы арасындағы алшақтықтар графиканың пайда болуымен тығыз байланысты. Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ тілі ХХ ғасырда қоғамдық қажеттіліктен туындаған жазбаша формасының дүниеге келуімен ауызша және жазбаша формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі қай графиканы алсақ та, оның басты мақсаты тілдің табиғатын жазбаша формада дәл беру болып табылады. Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, жұрттың бәріне ортақ оның жазу ережелері болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін емле деп те атайды.
Орфографиялық сөздік (емле сөздік) — тілдегі сөздердің жазылу нормасын көрсететін сөздік. Қазақ тілінің тұңғыш орфографиялық сөздігі қазақ жазуының орыс графикасына көшуіне байланысты қабылданған емле ережелеріне сәйкес 1941 жылы түзілді. 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: А.Байтұрсынұлы түзген қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы араб таңбаларын, одан кейін он шақты жыл (1929-1940) қолданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап қабылданған кириллицаны пайдалануға мәжбүр болған қазақ халқының әр жазудың емлесінде дәстүрі қалыптасып, орнығып үлгермеді, сондықтан әркім бұрынғы жазудың тәртібін сақтап, алақұлалық туғызуы мүмкін болғандықтан, 1941 жылы жаңа графикаға көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан арнаулы қаулымен бекітілген болатын. Осының нәтижесінде қазіргі жазуға ие болдық. Алғашында алфавитте 41 әріп болды. Алфавиттік қатар алдымен орыс тіліндегі бар әріптерден тұрды, содан кейін орыс графикасында жоқ, қазақ тіліне төл дыбыстарды таңбалайтын әріптерден тұрды. Бұл тәртіп 1957 жылы өзгеріп, алфавиттік құрамға ә әрпі қосылып, 42 әріп болып қазіргідей күйге келді. Бұдан 42 әріптік әліпби ең алдымен орыс сөзінің дұрыс жазылуы талабынан туындаған, сондықтан 33+9 принципімен құрылған. Мұндағы 33 әріп орыс әліпбиіне сәйкес келсе, қалған тоғыз әріп қазақ тіліне тән дыбыстарға сай келеді. Бұл әдіс Кеңес үкіметінің кезіндегі саясат бойынша жүздеген ұлттардың әліпбиі 33+N принципімен жасалған болатын. М. Балақаев 1948 ж. оқушыларына арналған қысқаша "Емле сөздігін" құрастырды. 1995 ж. мектеп мұғалімдері мен баспа қызметкерлеріне арналған "Қазақ орфографиясы жайында анықтағыш" (Р. Сыздықова) жарыққа шықты. Мектеп оқушыларына арналған орфографиялық сөздік 1960 ж., біршама толық түрі 1972 ж., ал қазақ тілінің үлкен "орфографиялық сөздігі" 1963 ж. жарық көрді. Осы сөздіктің толықтырылып, өңделген 2-басылымы 1978 ж. шықты. Орфографиялық сөздіктердің бұл басылымдарында жеке сөздермен қатар сөз тіркестерінің орфограммасы едәуір толық қамтылды. Қазақ лексикографиясында сөздердің кейбір топтарының жазылуын көрсететін емле сөздіктер де бар. Мысалы, "Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігі" (Г. Жәркешова). Бұл сөздіктер 1957 ж. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы бекіткен "Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне" сәйкес түзілді. Осы аталған Негізгі ережелерінің жаңа редакциясына (1983) сәйкес ҚР ҒА-ның Тіл білімі институтының әзірлеуімен "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі 1988 жылы жарық көрді. Ол Қазақ тілі емле сөздігінің 1988 жылғы 3-басылымы едәуір түзетулермен ұсынылып отырғаны оның «Алғы сөзінде» кеңінен көрсетілген болатын, атап айтқанда, сөздік құрамының толықтырылғаны; сұрыпталып, жүйелі тәртіпке келтірілгені; материалды ұсыну ретінің едәуір түзетілгені; ұядағы материалдардың жүйеленгендігі; бірге және бөлек жазылатын сөздердің едәуір іріктелгендігі айтылып, әрқайсысы нақты мысалдармен кеңінен көрсетілген еді.
2001 жылы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» 4-басылымын 48 баспа табақ көлемінде 1500 данамен басып шығарды. 2007жылы 6- басылымы 30 баспа табақ көлемінде 100 000 данамен жарыққа шығады. Бұл сөздікке бұрын сөзтізбеге енбеген сөздер мен тіркестер, бірқатар жаңа ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси терминдерді, бірге және бөлек жазылатын сөздер тобы жинақталған.