Қазақ жазуы тарихы және латын әліпбиі



бет2/55
Дата20.12.2022
өлшемі287,7 Kb.
#58416
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Дәрістер.-Қазақ жазуы тарихы

Бекіту сұрақтары
1.Жазудың шығуы мен дамуы.
2.Графикалық лингвистиканың дамуы
3.Жазу жүйесіндегі таңбалар.
4.Жазудың түрлері:1). Пиктографиялық жазу. 2). Идеографиялық жазу. 3). Буын жазуы. 4). Әріп, дыбыс, жазу.
Әдебиеттер:
1.Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. –Алматы: Респ.Баспа.каб.; 1994.-288 б.
2.Аханов К. Тіл білімінің негіздері.- Алматы: Санат, 1993.-496 б.
3.Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі.- Алматы: Мектеп, 1986.-182 б.
4.Аманжолов А. Түркі филологиясы және жазу тарихы.-Алматы: Санат, 1996.-128 б.
5.Айдаров Ғ. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінің дыбыстық ерекшеліктері // «Қазақстан мектебі» журналы №5. 71-75 б. 1985.
6.Шамақайұлы Қ. Көненің көзі // «Алтын орда» газеті. 18-б. №26, 2-8 шілде,- 2004.
7.Гумилев Л.Н. Древние тюрки.-Москва, 1993.
Тақырыбы-2. Қазақ жазуы тарихы туралы. орфография терминi, орфографиялық ережелер туралы түсiнiк
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Жазу және емле. 2.Орфография, орфографиялық ережелер. 3.Орфография принциптері.4.Графика, транскрипция. 5.Графика, әріп, дыбыс, олардың ортақ, айырым белгілері;
Дәріс тезисі
Қазақ жазуы туралы зерттеулерге шолу. Жазу саласындағы терминдер. Орфография терминi, орфографиялық ережелер туралы түсiнiк. Гректiң orthographia, orthos - «дұрыс» жəне grapho – «жазамын» мағынасындағы сөзiнен шыққан орфография терминi лингвистикада «тарихи қалыптасқан жазу жүйесi» жəне «бiркелкi жазуды қамтамасыз ететiн ережелер жүйесiн жасайтын жəне зерттейтiн тiл бiлiмiнiң саласы»-деген мағынада қолданылады. Орфография тiлдiң белгiлi бiр даму кезеңiндегi жазба тiлдiң нормаларын айқындайды, оның негiзгi бөлiмi дыбыстарды /фонемаларды/ əрiппен белгiлеу мəселесiмен айналысады. Дыбыс пен əрiп тiл бiлiмiндегi бiр- бiрiмен тығыз байланысты əр екi басқа ғылымдар деуге болады. Себебi: дыбыс ауызша тiлдiң материалы, əрiп – жазба тiлдiң материалы. Ауызша тiл- алғашқы да, жазбаша тiл- кейiн қалыптасқан, адамзат ой- өрiсi, мəдениетi дамуының жемiсi. Əрбiр тiлдiң өзiнде қалыптасқан жазу емлесi бар. Емле белгiлi бiр орфографиялық ұстанымдарға бағындырылады. Қазақ орфографиясында морфологиялың - фонематикалық жəне фонетикалық, сондай- ақ дəстүрлi ұстанымдар негiзге алынады. Морфологиялық - фонематикалық ұстаным бойынша дыбыстардың сөз iшiндегi жəне сөз арасындағы бiр-бiрiне тигiзетiн əсерлерi ескерiлмей негiзгi фонемалық мəнi сақталып жазылады немесе сөз түбiрiнiң бастапқы қалпы сақталады. 1. Орфография терминi, орфографиялық ережелер туралы. 2. Орфография,оның принциптері. 3. Графика және орфография. Транскрипция мен транслитерация. Әрбiр тiлдiң өзiнде қалыптасқан жазу емлесi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет