2-аралық бақылау сұрақтары: 1. Латын әліпбиінің маңызы
2. «Бұрынғы латынның» тағылымы жəне оның қазіргі кездегі латын графикасына негізделген жаңа əліпбимен сабақтастығы
3. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі, олардың қалыптасуы
4. Қазақ орфографиясының негiзгi ережелерi
5. Қазiргi қазақ орфографиясының қайшылықты мәселелерi жайында
6. Бөлек және бiрге жазылатын сөздер, оларды ажыратудың критерийлерi
7. Сөздердiң жарыспалы нүсқалары /вариант сөздер/, олардың жазылу емлесi туралы
8. Басқа тiлден енген сөздердiң қазақ тiлiндегi жазылу емлесi
9. Қазақ жазуы қазірге дейін қай жылы қабылданған ережені пайдаланып келді?
10. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі қай жылдары шықты?
11. Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері қандай бөлімдерден тұрады?
12. Ә дыбысының әріптік таңбасының жазылуында қандай ерекшеліктер бар?
13. 1957 жылғы қазақ тiлiнiң орфографиялық ережелер кодексiне қай жылы толықтырулар мен түзетулер енгiзілді?
14. Ұ, ү әріптерінің емлесі туралы не білесіз?
15. Ы, І әіптерінің жазылуында қандай ерекшеліктер бар?
16. Ю әрпінің емлесі туралы қандай ережелер бар?
17. У әрпі қандай қызмет атқарады?
18. И әрпі қандай дыбыстарды таңбалайды?
19. Ф,х,ч,ц дыбыстарының жазылу емлесі
20. Қазақ тіліндегі түбір сөздердің жазылу емлесі
21. Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, кс, нк, рк, нкт дыбыстар тізбегіне біткен сөздерге қазақ тілінің қосымшалары қалай жалғанады?
22. –ев (-ева) қосымшасы сөзге қалай жалғанады?
23. нд, мп, кт, нг, нк, мб, ск, фт тәрізді дыбыс тіркесіне біткен орыс сөздеріне қосымша қалай жалғанады?
24. Қандай сөз түрлері бірге жазылады?
25. ақ, ау, мыс, ды, ді шылаулары сөйлемде қалай жазылады?
26. Бас әріп қандай орындарда қолданылады?
27. Сөздер қандай жағдайда тасымалданбайды?
28. 1978 жылғы сөздік пен 1963 жылғы сөздіктің қандай айырмашылығы бар?
29. Соңғы сөздіктерге (90 жылдардан бергі) қандай толықтырулар енгізілді?
30. Клубқа, уставқа, педагогке сөздеріндегі қосымшалардың жалғануында қазақ тілінің төл табиғатына үйлеспейтін қайшылық бар ма, болса қандай ?
31. И және у әріптерінің жазылу емлесінде кездесетін қиындықтар немен байланысты?
32. А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов арасындағы и және у әріптеріне қатысты негізгі пікір алшақтықтары
33. Қазіргі қазақ орфографиясындағы төл дыбыстардың жазылуына байланысты қандай қиындықтар бар?
34. Сөздердің бірге жазылуының тұлғалық факторына не себеп болады?
35. Күрделі сөздердің жазылуындағы аффиксоид құрастырушы қосымшалар
36. Вариант сөздердің қолданылуы, тілде қалыптасуы қандай бағытта болады?
37. Вариант сөздердің қалыптасуына қандай фактор себеп болады?
38. Вариант сөздер сөздікте қалай беріледі?
39. Орфография нені айқындайды?
40. Берілген сөздерде қосымшалардың жіңішке жалғануы немен байланысты: рульге, осьтің, ролі 41. ль дыбысына аяқталған кірме сөздерге қазақ тілінің 3-жақ тәуелдік жалғауы қалай жалғанады
42. Кінә, күнә, Күләш, Іңкәр сөздеріне қай қосымшалар сәйкес келеді?
43. Қандай дауыссыздар тізбегіне біткен сөздерге соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан қосымша жіңішке жалғанады?
44. Қандай дауыссыздар тізбегіне біткен орыс тілі сөздеріне қазақ тілінің қосымшалары ы, і дәнекері арқылы жалғанады?
45. Қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда сөздің соңындағы қандай дауыссыздар тізбегінің соңғы дыбыстары түсіріліп жазылады?
46. Қай сөз қатарларына қазақ тілі қосымшалары ешқандай дәнекерсіз буын үндестігі бойынша тікелей жалғанады?
47. Дауыстыдан басталатын қосымша жалғанғанда соңғы қатаң дыбысы ұяңдамайтын сөздер қатары
48. Орыс тілінен енген к, г дыбыстарына біткен сөздерге қазақ тілінің қосымшалары қалай жалғанады?
49. Сөздің соңғы дыбысы қатаң не в,б,г,д ұяңдарының біріне бітсе қосымша қандай дыбыстан басталады
50. Қазақша айтылуынша жазылатын кірме сөздер қатары
51. Сөздің жуан-жіңішкелігіне қарамастан й және ш дыбыстарына аяқталған жалқы есімдерге жалғанатын қосымшалар
52. Сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанатын қосымшалар