Mr Bean:
|
Good morning, Mrs Breuer.
|
Mrs Breuer:
|
Good morning, Mr Bean. How are you?
|
Mr Bean:
|
I'm fine thanks, and you?
|
Mrs Breuer:
|
Not too bad. Mr Bean, this is my husband Michael, Michael this is Mr Bean my English teacher.
|
Mr Breuer:
|
Pleased to meet you.
|
Mr Bean:
|
Pleased to meet you too. Are you from Germany, Mr Breuer?
|
Mr Breuer:
|
Yes, East Germany, from Dresden. And you, are you from London?
|
Mr Bean:
|
No, I'm from Derby, but I live in London now».
|
Қазақ тілінде Қайырлы кеш! қолданысы бар. Бұл қолданыс көбінесе ресми орындарда, бұқаралық ақпарат құралдары тілінде қолданылады. Орыс тіліндегі Добрый вечер! қолданысы үлгісінде қалыптасқан жасанды тіркес болғандықтан болуы керек күнделікті, жалпы халық жаппай қолданатын амандасу рәсіміне айналып кеткен жоқ. Бұл қолданыстан гөрі қазақ халқы күнделікті өмірде Кеш жарық! формасын көбірек қолданады. Бұл қолданыс Қайырлы кештен гөрі тілге де жеңіл, жүрекке де жылы тиеді. Ағылшын тілінде кешкі сағат 5-6лардан кешкі сағат 10-дарға дейін Good evening! формасы қолданылады. Қолданыс аясы қазақ тіліндегі Қайырлы кеш! Кеш жарық! формаларымен бірдей. Good evening! формасын тек амандасу мақсатында ғана емес, Кешіңіз жақсы өтсін! деген тілек мағынасында және кешкі 5 пен 10-дар аралығында қоштасу мақсатында да қолдануға болады.
Тәуліктің түнгі мезгілінде қолданылатын амандасу формасының бірі – Good night. Ағылшын тілінде де қазақ тілінде де бұл форма амандасудан гөрі қоштасу, тыным, жайлы түн тілеу реңкі басым, осы мақсатта көбірек қолданылады. Ағылшын тілінде сағат 10-дардан кейін Good night формасы айтылады. Қолдану ерекшелігі жағынан қазақ тіліндегі Қайырлы түн! формасына сай. Ағылшын тілінде 3 түрлі қолданысы бар: 1) амандасу; 2) қоштасу; 3) жайлы түн тілеу. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |