Keywords: Kazakh literature, English literature, world
literature, literary translation, literary communication
Кіріспе
Қазақ және әлем халқы ғасырлар бойы мәдени, әдеби
кеңістікте айырықша тығыз байланыста өмір сүріп келеді.
Бұл үдеріс әр дәуірде әртүрлі сипат алды, мысалы кеңестік
заманда
коммунистік
идеологияның,
социалистік
реализмнің қағидалары негізінде қалыптасты, сонымен
қатар әдеби аудармалар да гуманистік бағыттағы
шығармалардың аударылуымен сипатталды. Ал қазақ елінің
бүгінгі 30 жылдық тәуелсіздігі кезеңінде тарихи-қоғамдық
жағдайдың ауысуынан, әдебиеттің идеялық-эстетикалық
мазмұнының күрт өзгеруінен әдебиетаралық қарым-қатынас
мәселесі жаңаша шешім таба бастады. Осыған сәйкес әлем
әдебиетінің қазақ тіліне аударылуы, сонымен қатар қазақ
әдебиетінің әлем тілдеріне аударылуы – қазақ және әлем
әдебиетінің байланыстарын көрсетеді.
Қазақ Және Әлем Әдебиетінің Байланыстары
89
Әр ұлттың әдебиеті даму өзге ел әдебиеттерімен
қарым-қатынасқа түседі. Олардың арасында мазмұндық,
пішіндік ауыс-түйістер болып жатады. Көп жағдайда бұл
факторлар әдебиеттің дамуына оң әсер етеді. Сондықтан бір
әдебиеттің басқа әдебиеттермен араласуға ынтықтығын,
құлшынысын әдебиетшілер қолдап, қолпаштап отырған.
XX ғасырдың соңғы ширегінде қазақ және әлемдік
әдеби байланыстарда күрделі құбылыстар, сапалық
өзгерістер мол болды. Бұл қазақ әдеби байланыстарының
ішінара жоспарлы, белгілі бір дәрежеде жүйелі түрде
ұйымдастырылған кезеңі болды. Әдебиеттер арасындағы
көркемдік-эстетикалық ортақ мәселелермен қоса, ұлттық
әдебиет төңірегіндегі жалқы мәселелер көріне бастады.
Қазақ-орыс әдеби байланыстары түрлі формаларда жүзеге
асып, қос ұлттық әдебиеттердің арасында байланыстар ішкі
де сыртқы да факторлар арқасында қарқынды жүрді. Қазақ
және ағылшын әдеби байланыстары ХХ ғасырда тікелей
байланыс болмады деп айтуымызға негіз бар. Себебі бұл
кезеңдегі ағылшын тіліндегі көркем туындылар ағылшын
тілінен қазақ тіліне тікелей аударылмады. Орыс тіліне
аударылған ағылшын әдеби шығармалары қазақ тіліне
аударып барып, оқырман қауымға ұсынылды. Осы себептен
орыс
тіліндегі
аудармасы
негізінде
қазақ
тіліне
аударылғандықтан, орыс тілін транстілдік қызмет атқарды
дей келіп, тек қазақ-ағылшын екітілдік аудармалар емес,
үштілдік аударма ретінде қарастырып отырмыз. Сондықтан
ағылшын тіліндегі шығармаларды орыс тілі арқылы қазақ
тіліне аударғандықтан, орыс-қазақ әдееби байланыстары
туралы айтамыз.
Қазақ әдебиетінің Мәскеудегі, орыс әдебиетінің
Алматыдағы күндерін ұйымдастыру үрдісі ХХ ғасыр
басынан басталып, ортасына дейін жалғасып жатты. Соңғы
ширегінде мұндай байланыстар аймақтық деңгейдегі
күндерге ауысты, яғни Қазақстан облыс орталықтарында
орыс әдебиетінің күндері өте бастады. Ал ХХІ ғасырдың
басында Қазақстан тәуелсіздігінің алған соң жеке мемлекет
ретінде әдеби байланыстарды нығайтуға бағытталған
жұмыстар жүргізілді. Бүгінде қазақ және әлем әдебиетінің
байланысы күштірек. Тек орыс әдебиетімен ғана
TÜDAD - Cilt 5 - Sayı 1 - Ocak 2022 - Қарылғаш АБИЛДАЕВА
90
байланысты емес, түркі халықтары әдебиетімен, француз,
итальян, ағылшын әдебиеттерімен тікелей байланыста
жұмыстар жүргізілуде.
Қазақстанда орыс әдебиетінің тарихы мен жекелеген
ақын-жазушылардың шығармашылығы арнайы зерттеліп,
Ресей
ғылыми
орталықтарында
қазақ
әдебиетінің
мәселелеріне қатысты ғылыми еңбектер жазылды.
Орыс-қазақ әдеби қатынастарының ХІХ ғасырдың
екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші онжылдығы
К.Ш. Кереева-Канафиева зерттеуіне арқау болды (Кереева-
Канафиева, 1980: 280).
Қазақ-орыс әдеби байланыстарын зерттеген Е.
Солтанаева қазақ және орыс әдебиетінің байланыстарына
арналған еңбектерді талдай отырып, бұл саланы зерттеудің
әдебиеттануымызда тұрақталған дәстүрлері бар екендігін
баса айтқан жөн дей келіп, «1) қазақ-орыс әдеби
байланыстарының белгілі кезең шеңберіндегі әдеби
процеспен бірлікте арнайы зерттелуі; 2) қазақ және орыс
әдебиетінің кейбір мәселелерінің әдеби байланыстар
контекстінде зерттелуі; 3) Қазақстанда орыс әдебиетінің
зерттелуі. Яғни бұл саланы зерттеудің әдебиеттануда
осындай дәстүрлері орныққан» деген пікір білдіреді
(Солтанаева, 2015: 219-224).
Орыс
ғалымдары
мен
жазушылары
қазақ
қаламгерлерінің
шығармашылық
лабораториясына
қызығушылық танытып, олардың шығармаларын әлем
әдебиеті
мәселелерімен
тұтастыра
қарастырған
монографиялық еңбектері арқылы ғылыми байланыстарды
нығайтып жатты. Мұндай тығыз ымыраластық екі елдің
түрлі ресми, бейресми ұйымдары арасында, ғылыми
орталарда, білім ордаларында, жеке тұлғалар деңгейінде
жүзеге асты.
Әлем әдебиетін байланыстыратын көркем аударма
деуімізге болады. Қазақ тіліне аударылған көркем аударма
сол халықтың менталитетін білуге, кейде сіңіруге де алып
келеді. Сондықтан, оны зерттеп, қандай шығармалар
аударылу керектігін саралап, адамзатқа, оқырман қауымға
сұранып тұрған шығармаларды аударып, әдеби байланысты
күшейту керек деп ойлаймыз. Бұл ретте аударманы, оның
|