Қазақ Және Әлем Әдебиетінің Байланыстары
91
ішінде көркем аударманың сапасына баға беру, көлемін,
ауданын, даму динамикасын, оны оқыту мәселелері арнайы
қарастыруды қажет етіп отыр.
Қазақ-ағылшын
әдеби
байланыстары
рухани
сұқбаттың табысты өрістеуіне де жол ашады. Қос
әдебиеттегі
рухани
идеялар,
гуманистік
идеялар,
адамгершілік төңірегіндегі сұқбаттар, шығармашлық
бәсекелестік маселелері де әдеби байланыстың қозғаушы
күшіне жатады. Аталған мәселелер төңірегіндегі үндестік те
әлі күнге дейін сөз бола қойған жоқ.
Бүгінгі
күні
қазақ
және
орыс
әдебиетінің
байланыстарын зерттеудің әдебиеттануымызда қалыптасқан
дәстүрлері бар. Қазақ-орыс әдеби байланыстарының
саналуан мәселелері қазақ әдебиетін зерттеуші көптеген
ғалымдардың
еңбектерінде
қарастырылды.
Мәселен,
М.Әуезов, М.Фетисов, Л.Соболев, Е.Лизунова, З.Кедрина,
И.Габдиров,
Ш.Кереева-Қанафиева,
М.Қаратаев,
Н.Смирнова,
Ш.Сәтбаева,
С.Сейітов,
З.Ахметов,
Н.Нұрмағамбетова, П.Косенко, Н.Ровенский, М.Базарбаев,
З.Қабдолов, С.Қирабаев, С.Қасқабасов, Ш.Елеукенов,
Т.Кәкішев, Н.Жуанышбеков, Б.Майтанов, В.Бадиков,
Б.Мамраев, Р.Нұрғалиев, Т.Есембеков, Н.Сағындықова,
С.Ананьева, Д.Қонаев, Р.Қайшыбаева, Р.Батырбекова,
Р.Абишева секілді ғалымдарды атауға болады.
Осы бағытта қазақ әдебиетінің орыс әдебиетімен
байланысын белгілі кезеңнің әдеби процесімен бірлікте
арнайы зерттеу еңбектер жазған М.Фетисов, Ш.Кереева-
Қанафиева,
Ш.Сәтбаева,
Б.Мамраев,
Р.Батырбекова,
С.Ананьева, Д.Қонаев секілді ғалымдарды атауға болады.
Әдеби байланыстардың теориясын, әдістемелік негізін
сараптаған В.М.Жирмунский, М.П.Алексеев, Н.И.Конрад,
Г.И.Ломидзе,
И.Г.
Неупокоева,
М.Х.Маданова,
Б.Б.Ысқақов, Ө.Күмісбаев, Б.Омаров, Р.Қайшыбаева және
т.б. ғалымдардың іргелі еңбектері жарық көрді.
Соңғы
жылдар
салыстырмалы
әдебиеттану
мамандығы бойынша қорғалған диссертацияларда қазақ-
орыс әдеби байланыстары арнайы зерттеу нысаны болған,
дегенмен, қазақ және ағылшын тілінегі аударма туралы,
яғни әдеби байланыс туралы арнайы зерттеулер аз. Біздің
TÜDAD - Cilt 5 - Sayı 1 - Ocak 2022 - Қарылғаш АБИЛДАЕВА
92
болашақтағы зерттеу жұмысымыз, осы тақырыпқа
арналмақ.
Қазақ
әдебиетіне
ағылшын
прозасы
көбірек
аударылған. Сондай аудармалардың бірі – Э. Хемингуэйдің
«Шал мен теңіз» туындысы. Р.Ж. Есбалаева «Шал мен
теңіз»туындысындағы кейіпкерлер психологизмін талдайд.
Бұл туындыны қазақ тіліне аударған – Н. Ғабдуллин.
Мақала авторы: «Қазақ әдебиетіне Н. Ғабдуллиннің
аудармасы арқылы кеңінен танымал Э. Хэмингуэйдің «Шал
мен теңіз» повесіне үңілгенімізде балықшы шалдың
психологиялық жай-күйі шығармада шебер бейнеленгенін
байқаймыз. Алғашқы абзацта-ақ, балықшы шалдың
қайығымен Гольфстримге күнде жалғыз шығып жүргені,
шалдың теңізде сексен төрт күн бойы қармағына ештеңе
іліктіре алмағаны баяндалады. Алғашқыда бір жарым айдай
жанына бір бала серік болған еді, қолға балық түспеген соң
баланың ата-анасы «жолын қырсық шалған сорлы-бейбақ»
шалдың жанында жүргенін қаламай, басқа қайыққа
ауыстырды. Сонда да, үмітін үзбеген шалдың ұшы қиыры
көрінбейтін теңізге балық аулауға жалғыз шығуы –
шығармадағы ситуациялық жағдайдан гөрі психологиялық
күйді көрсетуге бағытталған туынды екенін аңғартады»
(
https://adebiportal.kz/kz/news/view/22195
).
Жалпы адамзат баласына психологиялық ахуал ортақ
болғандықтан, мұндай кейіпкерлер, оның күй-ахуалдары да
ортақ болмақ. Қазақ прозасында да мұндай ортақтықтар
кездеседі. «Қос жазушы да психологиялық көріністі
бейнелеуде үлкен шеберлік танытқан. Э. Хемингуэйде
Террассаға келген бір топ туристердің жағалауға шығып
қалған акуланың қаңқасына қарап, «Tiburon» (теңіз
қасқыры) - деп, таңқалуы, қарт балықшының қандай күшті
бағындырғанын айқын колоритпен сипаттаған. Бұл көрініс
Ә. Кекілбаевта Еңсептің қазған құдығы жер асты теңізіне
құятын арнаны тауып, өзінен өзге ешкім білмесе де
мақсатына қол жеткізгенін байқауға болады. Сюжет
шешімінде, «Еңсеп қазғаннан» таусылмайтын тұщы судың
жаңбырсыз жылдары да тартылмастан лықылдап жатуы –
Еңсеп образын биіктете түскендей. Шығарманың шарықтау
шегінде жеңіс пен жеңілісті қатар сипаттап, антитезалық
Қазақ Және Әлем Әдебиетінің Байланыстары
93
қорытынды жасау - біз сөз еткен екі туындының да
қайталанбас
жетістігі»
(
https://adebiportal.kz/kz/news/view/22195
).
Сонымен қатар қазақ әдебиетіне тікелей аудаылған
көрем туындылар да бар. Атап айтар болсақ, Әділ
Ахметовтің
Агата
Кристидің
еңбектерін
аударды.
Түпнұсқадан тікелей аударуға А. Тәжитов, А.Ақжігітов,
С.Сүлейменов сынды авторлар тікелей адармаға өз
үлестерін қосты.
Біз өз зерттеуімізде аударманың екі түрін жіктеп
көрсеткіміз келеді. Оның біріншісі – классикалық
шығармаларды
аудару,
екіншісі
–
қазіргі
әдеби
шығармаларды аудару.
Дәурен Берікқажұлы өте өнімді түрде ағылшын
тілінен тікелей адарма жасап жүр. «Бәрі-бәрі шағылысқан
айнаға» (1830-1886); Р. Ходжсон «Есалаңдар көшесінде»
(1871-1962); К. Сэндберг «Құрыштың дұғасы» (1878-1967);
және дәл осындай 20-ға жуық көркем аудармалар жасаған.
Сонымен қатар тек ағылшын тілінен қазақ тіліне ғана
аударылмаған, қазақ тіліндегі туындылардың ағылшын
тіліне аударылу үдерісі де жүргізілген.
Соңғы жылдары бірталай қазақ жазушыларының
еңбектері ағылшын тілінде жарық көрді. 2017 жылы британ
аудармашылары Саймон Холлингсворт пен Саймон Гейган
қазақ РEN клубының өтінішімен үш қазақ классигінің:
Мұхтар Әуезов, Герольд Бельгер және Оралхан Бөкеевтің
шығармалары аударылса, америкалық аудармашы Шелли
Фэйрвезер-Вега Қазақстанның қазіргі заман қаламгерлерін
оқырмандарға онлайн әдеби журналы арқылы таныстырып,
тағы бір жобаны іске асырды. Қазақ аудармашысы Зәуре
Батаева британ және америкалық әріптестерінен «Мәдениет
порталы» үшін арнайы сұқбат алған еді.
Саймон Гейган: «Әуезовтің әңгімелері арқылы
ағылшын тілді оқырмандар осы бір назардан тыс қалған
алып аймақтың мәдениеті мен ландшафты, тарихы жайлы
аса қызықты да терең түсінік алары анық. Ең бастысы, бұл
жазушылар өздерінің әдеби ерекшеліктерінің арқасында
заманауи және өткен заманның ең белгілі Батыс Еуропалық
TÜDAD - Cilt 5 - Sayı 1 - Ocak 2022 - Қарылғаш АБИЛДАЕВА
94
жазушыларының қатарынан орын ала алады деп ойлаймын»
дейді сұқбатында (
http://madeniportal.kz/article/1094
).
Шелли Фэйрвезер-Вега: Соңғы бірнеше жылда тек
қана Орталық Азия әдебиетіне үңілу мүмкіндігіне ие
болдым. Қазақстан, Өзбекстан және бүкіл осы аймақ жайлы
ақпарат ағылшын тілінде сөйлейтін әлемде аз тараған.
Менің елімдегі көптеген адамдардың санасында ежелгі
өркениеттер туралы түсінік шектеулі. Шыңғыс хан, кеңестік
ядролық сынақтар туралы бұлыңғыр түсініктері болуы
мүмкін, бірақ одан басқа ештеңе жоқ деуге болады.
Сондықтан, бір жағынан, біздің осы аймақтан аударған кез
келген жобамыз сәттілік болып табылады және ол біздің
аймақ туралы ақпараттық білімімізге үлкен үлес қосады»
дейді.
Бұл
пікір
біздің
де
көкейімізге
қонады
(
http://madeniportal.kz/article/1094
).
Сонымен қатар қазақ авторларын аударуда мынадай
пікір білдіреді: «Зира Наурзбаеваның әңгімелері ғажап та
әсерлі: оның оқиғалары оқырман жүрегінде өте күшті сезім
тудырғанымен, прозасы шынайы сезім мен арзан
сентименталдық арасындағы шекті ешқашан бұзбайды. Өз
басым осы қаңтарда «Words Without Borders» журналынан
ағылшын тілінде жарық көрген Айгүл Кемелбаева мен
Зәуре Батаеваның әңгімелеріне ұқсас дүниелерді ешқашан
оқыған емеспін. Олардың әлемде әлі ешкім айта қоймаған
хикаялары бар. Мен осы жазушылардың барлығын әлі де
аудара түсуден және олардың жұмысын бүкіл әлемге
таныстырудан
шаршамаспын»
(
http://madeniportal.kz/article/1094
).
Бұл
пікір
қазақ
авторларының шығармаларының әлем халқына берері бар
екенін көрсетеді. Деңгейінің төмен емес, керісінше жоғары
екенінен хабар береді. Әлем әдебиетінде орны бар екенін
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |