Қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдерд



Дата13.10.2022
өлшемі17,35 Kb.
#42766
Байланысты:
Қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени және танымдық сипаты


Қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің лингвомәдени және танымдық сипаты 
Sümeyya Gökbudak, Nığde Üniversite öğrencisi, 
Алдабергенова Ләззат, ҚазМемҚызПУ 3-курс студенті 
Ғылыми жетекші: г.ғ.м., оқытушы Н.А.Жаңабаева
Тіл құпиясы адамзат құпиясымен байланысты болғандықтан, олардың сырын ашу, ғасырлар қойнауындағы жұмбақтар сырын ашуға жол ашады. Тіл – мифтердің сақталуының негізгі қайнар көзі болғандықтан, осы деректер тілдің бейнелі тіркестері, халық мәдениеті мен менталитетінің қайнар бұлағы болып табылатын аңыздар мен дәстүрлер уәждерінің фразеологизмдермен байланысын талдау өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Әрбір тілдік элементтер бір-бірімен тығыз байланыста, өзара қатынаста болып, тұтас жүйе құрайды. Тілде жекелеген сөздермен қатар ерекше лингвистикалық бірлік болып табылатын фразеологиялық бірліктер немесе тұрақты тіркестер деп аталатын күрделі оралымдар қолданылады. 
Кез келген тілдік бірлікке коммуникативтік қызмет тән. Фразеологизмдердің бойында, олардың семантикалық құрылымында сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде жеткен қоғамдық тәжірибенің, халықтық, ұлттық рухтың және материалдық мәдениеттің көріністері сақталып, бейнеленген. Ұлттық мәдениеттегі символдық, бейнелік-метафоралық мәнге ие және мифтерде, аңыздарда, салт-дәстүрде, халықтық және діни шығармаларда, поэтикалық және прозалық мәтіндердефразеологизмдер мен метафораларда, символдар мен мақал-мәтелдерде сақталып қалған адамның архетиптік және прототиптік танымының нәтижелерін біріктіретін тіл бірліктері лингвомәдени бағыттағы зерттеулердің пәні болып табылады[1; 36].
«Тілдің фразеологиялық қоры – халықтың, ұлттың ділі мен мәдениетінің қайнар көзі, ұлттың өзіндік ерекшелігі мен рухы, қайталанбастай бейнеленетін кез келген ұлттық тілдің ұлттың ұлттығын сақтауда аса маңызды екендігін атап көрсетеді [2; 82].
Тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, қайталанбас қасиетін танып білуге мүмкіндік береді. Осындай зерттеулер халықтардың бір-бірімен түсінісу барысын жүзеге асыруға кеңінен атсалысады. Зерттеу жұмысын жүргізу барысында қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдерді салыстыра отырып, олардағы әр халықтың дүниетанымы мен өмірлік тәжірибеде қалыптасқан түсініктердің көріністерін ашып, ұлттық және мәденитанымдық сипатын ашуға талпыныс жасалды. 
Екі тілдегі фразеологизмдерді салыстыру кезінде сөзбе-сөз қайталанатындарын, түрлі сөздермен берілсе де, мағыналары ұқсас болып келетіндерін екшеп, талдадық.
Сөзге қатысты тұрақты тіркестер екі тілдеде форма жағынан да, мағына жағынан да ұқсайды. Мысалы: Söz vermek [3] – сөз беру, уәде беру болса; Söz almak – сөз алу, ал sözünü gerı almak – сөзін қайтып алу. Бұл жерде түркі тектес халықтардың сөзге қалай мән беретіндігі, сөз қасиетін қастерлейтіні көрініп тұр.
Ал жүрекке қатысты фразеологизмдер yüregı acımac – жүрегі сыздады; (sızlamak) yüreğı ağzına gelıyor – жүрегі аузына тығылды деп келеді.
Екі тілде де көзге қатысты тіл оралымдары мол кездеседі. Göze batar gıbı – көзге шыққан сүйелдей; göze çarpmak – көзге ұрып тұр; şıpşak kaşla-goz arasında – қас пен көздің арасында, шапшаң деген сөзбен сәйкес келеді; göz boyamak – көз бояушылық. Бұл оралымдарды ешбір қиындықсыз-ақ түсіне беруге болады. 
Араларынан кыл өтпестей тату деген қазақ тіліндегі тұрақты тіркес түрік тілінде aralarından su sızmamak деп қолданылады екен.
Қазақ халқы мен түркі жұртына ортақ тағы бір жайт жылқыға деген құмарлық. Оны ат әбзелдеріне байланысты тұрақты тіркестерінен байқауға болады. Мысалы , басшылыққа ебі бар адамға қатысты тізгінді қолынан бермеу тіркесі – түрікше де dızgınlerını elınde tatmak.
Жердің шалғайлығына қатысты Dünyanın öbür ucunda; Kaf dağının artıda – ит өлген жер, жердің түбі десе, жақын жерді - ıkı adımlık немесе yanı başında яғни, біздің тіліміздегі екі аттам жер тіркесімен ұқсас. 
Асығу, алақ-жұлақ ету – affallamok, ışı başından asıyor – ісі басынан асу, көп жұмысқа тап болу екі тілде де дәл осы мағынада қолданылады. 
Akılı başına gelmek – ақылға келу, basını alıp gıtmek; çekıp gıtmek – басын тауға да ұрды тасқа да ұрды, yüzünden kan damlıyor - жүзінде қан ойнады немесе жүзіне қан жүгірді .
Yenıden doğmus gıbı olmak – анадан жаңа туғандай болса; мәселенің мәнін түсінбей тұрған кезде айтылатын аспаннан түскендей немесе айдан түскендей деген тіркес aydan gelmıs gıbı деп қолданылады.
Екі тілдің фразеологизмдерін салыстыра талдау арқылы әлемнің тілдік бейнесінің әр халықтағы көріністері, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары көрсетілді. Осы зерттеуді жүргізу барысында фразеологизмдерді лингвомәдени аспектіде қарастыру арқылы олардың бойында көрініс табатын ұғым-түсініктерде халықтың танымдық білімдері жинақталғанын білеміз. Халықтың танымынан ақпарат беретін ең көне кодтар есебінде фразеологизмдерді тіл білімінің жаңа бағыттарының нысанында жан-жақты қарастыру арқылы сол халықтың ұлттық және мәденитанымдық әлемін танып-білуге көп мүмкіндіктерге жол ашылары сөзсіз. 


Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Г.Смағұлова. Фразеологизмдердің варианттылығы. – Алматы: Санат, 1996. – 8-10б. 

  2. Кунин А.В. Английская фразеология. М., 1970. – 13б.Маслова В.А. Лингвокультурология. Москва, 2001. 36-б. 

  3. Türkçe-Rusça değımler sözlugu. Istanbul. 2010 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет