19
үшін әдеби норманың өлшем-межелеріне (критерийлеріне) сай келуін күту керек
болады, яғни бұларды көпшіліктің дұрыс деп тануы, нормативтік сөздіктерге
тіркелуі, жарыспалылықтан арылуы қажет» [10, б. 117].
Академик Р. Сыздықтың пікірінше: «Егер қазақ сөзі немесе жасанды жаңа
тұлға сол терминдік ұғымды толық бере алатын болса, бұл – өте дұрыс амал. Ал
бірақ шет тілдік атаулардың ішінде негізі интернационалдық қор ретінде
көптеген тілдерге ортақ, түп-тамыры латын, грек, индоевропа тілдері болып
келетін сөздерге қазақша балама іздеу әрекеті әрдайым сәтті шыға бермейді» [11,
б. 226].
Сондықтан академик Р. Сыздық, жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жаңа
атаулардың сөзжасамдық үдерісінде спонтанды емес, жүйелі сипатта, яғни
сөзжасамдық жүйенің тілдің ішкі заңдылығына сүйенудің маңыздылығына тіл
иесі танымына сай назар аударып, жаңа сөздерді жасаудың семантикалық
тәсіліне ерекше мән береді: «Бастысы, кейбір ұқсас, бірақ айқын семантикалық
дербестігі бар ұғымдарды айырып атау қажет. Әрине, бұдан қайтқан күнде де бір
сөзбен бірнеше ұғымды, тіпті терминделетін ұғымды атауға мүлде болмайды
деген қағида әзір туа қоймайды. Бірақ, қай тілде болмасын, жаңа сөздердің басқа
тілдерден енуі, немесе өз қазынасынан жасалуы осы қажеттіліктің күннен-күнге
күшейіп келе жатқанының да белгісі тәрізді»
[11, б. 228].
Біздің ойымызша, осы саланың білгірі академик Р. Сыздықтың осы күрделі
мәселенің мәнін түсінуге көмектесетін тілтанымдық тұжырымдық талдаулары
жаңа сөз жасаудың лексико-грамматикалық тәсілі мен ұғымның танымдық
тұтастығын көрсетеді: «Осы тектес мысалдар «жаңа тұлға», «жаңа сөз»
жасаудың қажеттілігі көбінесе күнделікті өмір қажеттілігінен туындайтынын
көрсетеді. Ол сөздердің қолданысқа еніп, қалыптасуы жеке, кездейсоқ емес,
тілдің белгілі бір лексика-грамматикалық тәсілдер жүйесіне сәйкес жүзеге
асатыны байқалады» [11, б. 185].
Таратып айтар болсақ, когнитивтік негіз дегеніміз қоғамдық-әлеуметтік
қажеттіліктен туған жаңа ұғымның тілдік санада бейнеленіп, бұрынғы ұғыммен
байланысы және жіктелуі. Осы әрекеттің тілдің коммуникативтік қызметіне сай
ұласуы жаңа атаулардың тиімді әлеуметтік қызметінен, түсініктілігінен көрініп,
тілдік құралдар арқылы (сөзжасамдық жүйенің таңдап, талғап жалғануы)
таңбаланады.
Академик Р. Сыздықтың жоғарыда көрсетілген әдістемелік нұсқасын,
біздің ойымызша, қазақ терминжасамының келесі, бесінші кезеңіндегі
(тәуелсіздік кезең – белсенді терминжасам), қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі жаңа
қолданыстар жүйесін түсіндіруде де үлгі етуге болады. Ғалым 90-шы жылдарда
«Ана тілі» газетінде шыққан мақалаларында «депутатты
Достарыңызбен бөлісу: