Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет13/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, 
толықтауыш, пысықтауыш, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, жалаң сөйлем, 
салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс,
жақша, 
сызықша, буын 
т.б.
Демек, сәтті жаңа қолданыс болсын, терминнің сәтті табылған төл тілдік 
баламасы болсын, танымдық тірегі – ана тілінің өз мүмкіншілігін сарқа 
пайдалану, танымдық болмысына сүйену. Шын мәнінде, үлкен талғампаздық 
пен тілді шеберлікпен пайдалана білуді қажет ететін жаңа ұғымдарға ат қою, 
жаңа сөз жасау – өте күрделі жұмыс.
А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің құрылымдық жүйесіндегі сөзжасам 
тәсілдерін анықтап қана қоймай, ол тәсілдерді терминжасамда пайдаланудың 
жарқын үлгісін көрсетті. Оған қазық болған – ғалымның бойындағы ана тілінің 
төл болмысы мен тіл иесінің танымдық сабақтастығы.
А. Байтұрсыновтың 1926 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық 
түркологтардың алғашқы съезінің материалдарымен қазақ жұртшылығын 
таныстыру мақсатымен жазған «Түрікшілер құрылтайы» атты мақаласында [2], 
қазақ терминологиясын қалыптастыруда қазақ тілінің өз мүмкіншілігін толық 
пайдалану және интернационалдық терминдерді қолдану тәсілдері кеңінен сөз 
етілді.
Қазақ тіл біліміндегі алғашқы терминтанушылардың бірі, тілші-ғалым, 
профессор Қ. Жұбановтың: «Қазақ сөзінің табиғатына сәйкес келмейтін шет 
сөздер – біріншіден, олардың бойындағы біздің тілге жат дыбыстар керекті 
дыбыстармен алмастырылады; екіншіден, олардың суффикстері қазақша 
суффикстермен алмастырылады; үшіншіден, қосарлы дыбыстардың бірі алынып 
тасталады; төртіншіден, қазақ тіліне тән емес қосымшалар қазақша айтылу 
ыңғайына көшіріледі» [3, б. 48] деген қағидасынан оның А. Байтұрсынұлы 
пікірлерімен байланыстылығын көреміз.
Бұл қағида 1924 жылдың маусымында Орынбор қаласында «Қазақ ғылыми 
қызметкерлерінің 

съезінде» 
бекітілген 
ұлттық 
терминологияны 
қалыптастырудың алғашқы қағидаттарында көрініс тапқаны белгілі. 
Сонымен қатар қазіргі тілдегі салалық терминологияны қалыптастыруға 
байланысты Қ. Жұбановтың жалпы редакциясымен жарық көрген «Қазақ тілінің 
терминдері» (Қызылорда, 1936) атты сөздігінің орнын ерекше атап өткен жөн. 


14 
Сол кезең зиялыларының пән атауларын қолдануда ұлт тілінің ішкі 
заңдылықтарына көп көңіл бөлгендігін Н. Төреқұловтың «Жат сөздер туралы» 
деген мақаласындағы: «Қазақ тіліне кіретін жат сөз болса, қазақтың тымағын 
киіп, жалпақ сөзі болып кірсін» [4, б. 38] деп жазған пікірі де айқын көрсетеді. 
Осы тұжырымды қазақтың төл сөздерін медицина саласына енгізуге 
нақты үлес қосқан Х. Досмұхамедовтің журнал бетінде жарияланған 
мақалаларында айтқан: «Кірме сөздер, әсіресе, орыс тілі арқылы енген сөздерді 
қолдануда ана тілінің ішкі дыбыстық заңын сақтап айтылуы дұрыс, кірме сөздер 
тілімізге тән сингармонизм заңына лайықтап алынсын» деген қағидасы да 
дәлелдейді [5].
Ғалым көрсеткен кезеңде
заман ағымы салдарынан қазақ тіліндегі төл 
сөздерден терминденіп жасалған жаңа атаулар, кеңестік кезеңде тілдік 
қолданыстан шығып, архаизмдер қатарына ауысқан.
Сол атаулар қазіргі ана тілінің мемлекеттік қызметіне сәйкес қазіргі 
қоғамда қайта жаңғырған: 
кеңес
(совет), 
төраға
(председатель), 
таңба
(герб), 
мөр
(печать), 
құқұқ
(право), 
төңкеріс
(революция), 
сарап
(экспертиза), 
дәріс 
(лекция), 
құрылтай
(съезд), 
жарнама 
(реклама), 
бірлестік
(объединение) т.б.
[5]. 
А. Байтұрсынұлы бастаған алаш зиялылары ұсынған жаңа атаулар сол 
заманның өзінде тек қазақ тілі үшін ғана емес, басқа да түркітілдес елдермен 
ортақ терминологиялық қор құрып, сол арқылы түркі әлемінің мәдени және 
рухани байланыстарының күшейе түсуін бағдарлаған. 
Бұл ой-пікірлер 1924 жылдың маусымында Орынбор қаласында өткен 
«Қазақ ғылыми қызметкерлерінің I съезі» мен 1926 жылы Бакуде өткен 
«Түрікшілердің I-ші құрылтайында» т.б. шараларда алғаш рет айтылып, алаш 
зиялыларының биік ой-өрісі мен жан-жақты білім парасатын көрсетті. 
А. Байтұрсынұлы қазақ тіліне енген шетел кірме сөздеріне қарағанда, көп 
жағдайда, таным-түсінігі ортақ түркі халықтарының сөздік қорын пайдалану 
маңыздылығына тоқтала келіп: «Егер қазақ тілінде қажетті пән сөздері болмаса, 
оларды қазақ тіліне туысқан тілдерден алу керек. Бұл мынадай оймен жасалады: 
1) туысқан тілдердің көптеген сөздері формасы жағынан ұқсамаса да, түбірлері 
ортақ, сәйкесінше олар түсінуге де, естуге де оңай және туыс емес елдің сөзі 
секілді айтқанда бөтен болып көрінбейді; 2) түркі халықтары өзара тұрақты 
қатынаста, сол себепті ортақ түбірі болмаса да бір тілдің көптеген сөздері өзге 
тілдің өкілі үшін таныс болуы мүмкін» – деген болатын [1, б. 31].
Демек, А. Байтұрсынұлы жаңа сөзжасам үдерісінде «ана тілінің өз 
мүмкіншілігін сарқа пайдалану» қағидасын ұстануда тек қазақ тілі өрісімен ғана 
шектелмей, оның түп тамырын тереңмен ұластырып, түркітану кеңістігіне 
жалғастыруды көздеген. Жылдар бойы үзіліп қалған осы үрдіс қазіргі қоғамдық 
сана мен мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қайта жаңғыруда.
Олай болса, осындай мәдени-танымдық негізге сүйенген игі істер мен 
зерттеу үрдісінің жалғастығы қазіргі замандағы түркі тамырластығын тануға, 
өрісін әрі қарай кеңейтуге септігін тигізіп, қазақ-түрік сөзжасамын зерттеуге 
бағытталған осы тектес жұмыстардың өзектілігін анықтайды деп ойлаймыз.


15 
Сондықтан, 
«Қазақ 
терминологиясының 
негізін 
салған
А. Байтұрсынұлының термин жасаудағы өнегелік үлгісі күні бүгінге дейін 
маңызын жоғалтқан жоқ. Әсіресе, тілдің бар қатпар-қыртысын, бар амал-тәсілін 
сарқа пайдалана білуде А. Байтұрсынұлы үлгісі – таптырмайтын үлгі»
[1, б. 36]. Бұл үлгі, сайып келгенде, жаңа сөзжасам сүйенетін танымдық қазық. 
Қазіргі баспасөзде жаңа сөздер қолданысын жаңа ұғымға сай жаңғыртып, 
шеттілдік терминдердің қазақша баламасын табу ісін нақты түрде жүзеге асыру 
үшін академик Ә.Т. Қайдар бастаған тілші-ғалымдар «қазақ тілінің төл және 
бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану» деген 
қағидасын ұстанып, жалғастыруда.
Қазіргі қазақ тілінде соны нақты дәйектейтін тілдік көріністердің бірі – 
жаңа қолданыстар. Олар мемлекеттік мәртебеге ие болған кезеңнен бастап
ана 
тілінің жан-жақты қоғамдық қызметін жүзеге асыруға байланысты
өзекті мәселе 
аясында ерекше белсенді үрдіске айналды. Бұл маңызды істің негізгі өзегі қазақ 
термин жүйесін қалыптастыру мен қоғамдағы қарқынды танымдық-әлеуметтік 
ақпаратты тілде таңбалау ісімен қатар жүретін жаңа сөзжасам және терминдену 
үдерісін байланыстыруда екенін тілдің күнделікті қоғамдық-әлеуметтік 
тәжірибесі көрсетіп отыр [6, Б. 110-114].
Сондықтан академик Ә. Қайдардың «Қазақ терминологиясына жаңаша 
көзқарас» (1993) атты еңбегі – ана тілінің төл болмысы мен өзіндік ішкі әлеуетіне 
сүйенген қағидасының жаңа замандағы қазақ тілінің белсенді қолданысына сай 
ғылыми дәйектеу негізі. Олай болса, қазіргі егемен елдің мемлекеттік 
мәртебедегі тілінің кешенді қызметі рухани-әлеуметтік құрал ретінде танылса, 
төл сөздер бойындағы әлеуетті тиімді пайдалану негізінде қалыптасатын төл 
терминдер мен жаңа қолданыстардың танымдық негізін қазіргі күннің қоғамдық-
әлеуметтік жағдаятына сай ашу – аса маңызды. Қазіргі таңдағы мемлекеттік тіл 
қызметін күшейтуге қатысты маңызды бұл еңбектің мазмұнынан алаш 
зиялыларының тұжырымдамаларымен тарихи сабақтастықты көреміз.
Жоғарыда көрсеткеніміздей, «салалық терминдер мен атауларды жаңадан 
жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл және бұрыннан 
қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану» қағидасы – ана 
тілі әлеуетін тиімді пайдаланудың бүгінгі таңдағы заңды жалғастығы [7, б. 15].
Ал, «жалпыға бірдей халықаралық терминдерді де қабылдауға болады. 
Алайда мұндай термин қазақ тілінің табиғатына тән заңдылықтарды бойына 
сіңіріп, тілімізге өзгере енуі тиіс. Шетел сөздерін енгізу үшін олар тіліміздің 
дыбысталу ерекшелігін қабылдауы керек» деген жоғарыда айтылып өткен 
профессор Қ. Жұбановтың қағидасы академик Ә. Қайдардың «Қазақ 
терминологиясына жаңаша көзқарас» еңбегінде жаңғырып былайша 
тұжырымдалады:
«
Тіліміз үшін қажет, бірақ дәл баламасы жоқ, аударуға келе 
бермейтін интернационалдық терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз 
ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау» [7, б. 15]. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдің сөзжасамдық даму барысы мен 
терминжасам мәселесін зерттеуші ғалымдардың пікірінше, қазақ тілінің өз 


16 
әлеуетін тиімді пайдалану нәтижесінде тіліміздің тазалығы барынша сақталып 
қалған. 
Сайып келгенде, А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов сынды ұлт зиялыларының 
терминжасам үдерісіндегі ұстанымдарының негізгі арқауы – уәжділігі ұлттық 
танымға сүйенген, қоғамдық, кәсіби, әлеуметтік мүдде талаптарына сай, тілдің 
табиғи жүйесін бұзбайтын талаптар. Соның нәтижесінде қоғамның сан алуан 
салаларында коммуникативтік қызмет атқаратын терминдерде де халықтың 
ақыл-ойы, рухы, білім аясын жаңа сапада өсіру мұраты да іске аспақ.
Осымен байланысты оның тіл, дін табиғатын анықтаудың негізі ретінде 
тілді тұтынушы танымымен тығыз байланысты когнитивтік аспектіде зерттеудің 
мәні ерекше. Қазақ тіл білімінде бұл бағыттағы: Қ. Айдарбек, С. Ақаев пен
М. Қожаеваның еңбектері атап өтерлік .
Осы зерттеулерде терминжасамның когнитивтік негізі, біріншіден, тіл 
туралы фондық мәліметтерге негізделген білім аясына, екіншіден, тілдің 
коммуникативтік болмысы мен ономасиологиялық сипатына сай тіл 
тұтынушының қолдану (сөйлеу), қабылдау әрекетінің көрінісі. Себебі адамның 
бұрын өзі қолданбай, естімеген сөздерін түсінуі, тілдік санаға әсер етуінің сырт 
көзге байқалмайтын, бірақ терең танымдық, құрылымдық деңгейлерде 
жаңғыруымен байланысты. Демек, жаңа сөзжасам (терминжасам) – сөз тудыру 
үдерісінде тіл мен тіл иесі арасындағы байланыстың іске қосылып, жаңа сөздің 
бұрынғы сөздермен жалғасуының нәтижесі.
Байқап отырғанымыздай, терминжасам және жаңа сөзжасам мәселелерінің 
тектестігі дау туғызбайды. Бірақ олардың өзіндік ерекшелігін жоққа шығаруға 
болмайды. Нақты айтқанда, терминология қазақ тіл білімінде өзіндік зерттеу 
нысанын айқындап, өрісін кеңейтіп, негізінен, пән атаулары ретінде қалыптасқан 
тілдік деректерді зерттейтін жеке салаға айналғаны белгілі.
Ал, жаңа қолданыстар мәселесінің, біздің ойымызша, тіл біліміндегі 
сөзжасам саласы шегінен тыс айқындалатын тұстары да бар. Біріншіден, қазіргі 
шындыққа сай қоғамдағы жаңа ұғымдар мен қоғамдық-әлеуметтік өзгерістерге 
сай қалыптасқан рухани-танымдық ақпарат атаулары, жаңа ұғымның тілдік 
бейнесін таңбалауға деген қоғам талабы мен мемлекеттік мүддеден туындайды.
Екіншіден, қазіргі таңдағы «рухани жаңғыру» бағдарына сай жаңа 
қолданыстар жасалымы таза лингвистикалық сөзжасамдық тәсілдерге емес, 
негізінен, қазақ сөзінің танымдық тамырына сүйенеді.
Ал, қазіргі таңдағы қазақ қоғамының барлық саласында сөздік қазынаның 
жанданып, жаңғыруына ықпал еткен өзекті фактор – тәуелсіз еліміздегі ана 
тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы. Осыған байланысты туындайтын 
қоғамдағы жаңа тың саяси-идеологиялық ұстанымдар, заманауи экономикалық 
қатынастар, жаңа әкімшілік құрылымдық жаңа ұғым атауларын қажет етуі де 
заңды құбылыс. Ал, «тіл – өмірдің айнасы, шындықтың көрсеткіші» десек, 
лексика – тілдің ең өзгерімпаз саласы әрі қоғамдағы танымдық-ақпараттық 
өзгерістердің «тіркеушісі» деп анықталады. Осы қызметті жүзеге асыру 
барысында тиімді қолданылатын төл тілдік қазынаны зерделеу қоғамда ұлттық 


17 
сана тұғырын тіл арқылы күшейтіп, мемлекетіміздің мәдени-рухани 
тәуелсіздігін нығайтуды қамтамасыз ететіні сөзсіз.
Сондықтан қазіргі қоғамның саяси-әлеуметтік қарым-қатынас аясында 
адресатқа ықпал ететін жаңа қолданыстарды, окказионализмдерді т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет