Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет23/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

anayol
(көлік желісі, 
торап), 
armağan 
(сыйлық),
 aydın 
(зиялы),
 katıksız 
(таза),
 kavram 
(түсінік),
 olağan 
(кәдімгі, әдеттегі),
olgun 
(жетілген),
onarmak 
(жөндеу),
örnek 
(мысал, үлгі),
 
pekişmek 
(нығаю),
 sayı (
сан
), tüketmek
(тұтыну), 
ağ 
(жүйе), 
alkış
(қол шапалақтау), 
amaç
(мақсат), 
bardak
(стақан), 
cankurtaran
(құтқарушы), 
cüce
(қортық), 
dönek
(суайт), 
ertelemek
(кейінге қалдыру), 
gider
(шығын), 
kayıtlı
(тіркелген), 
kılık
(сырт 
пішін), 
konaklamak
(қону), 
konuşmak
(сөйлеу), 
ortaç
(есімше), 
oy vermek
(дауыс 
беру), 
öğrenmek 
(білім алу), 
önermek
(ұсыну), 
sağlamak
(қамтамасыз ету), 
saldırmak
(шабуылдау), 
sav
(дауа),
soygun
(тонау), 
şen
(шаттық), 
tabanca
(тапанша), 
tapulamak
(иелік қағазын алу), 
terlik 
(тәпішке),
 tutkun 
(құмар), 
zevzek
(өсекші), 
fıstık
(сұлу әйел), 
gıcık
(қырсық), 
göç
(көші-қон) т.б.
Ататүрік бастамасын жалғастырған Ұлттық білім беру министрлігі «Түрік 
тілі қоғамымен» тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, 1937 ж. алғаш рет 
филологиялық бағыттағы терминологиялық сөздік жарық көрді. Сонымен бірге 
осы кезеңде түрік тілінде математика, физика, химия, биология секілді ғылым 
салаларына қатысты қазіргі мектеп жүйесінің оқыту тәжірибесінде белсенді 
қолданылатын терминдер жасалды.
Осылайша 40-шы жылдардың басында сөз тудыру тәсілдерін кеңінен 
қолдану нәтижесінде түрік тілі лексикасын толықтырып, жаңартқан ауқымды 


37 
жаңа сөздер қоры жинақталды. Олар «Түрік тілі қоғамы» тарапынан алғаш рет 
1945 жылы шығарылған, кейін 10 рет (1955, 1959, 1966, 1969, 1974, 1983, 1988, 
1998, 2005 жж.) қайта өңделіп, түзетіліп, толықтырылып басылған «Türkçe
sözlük» (Түрік тілі сөздігіне) кірді. Сол арқылы оған жүйелі түрде жаңа сөздер 
мен терминдер енгізіліп, тілге сіңбеген жаңа қолданыстар мен диалектизмдер 
шығарылып отырды. Сөздіктің соңғы, 11-ші саны 2011 жылы жарық көрді. 
Соңғы сөздікке жалпы саны 122423 сөз кірді [77, Б. 11-22].
Жоғарыда көрсетілген «Түрік тілі сөздігінен» басқа да Түркияда көптеген 
терминологиялық, фразеологиялық, диалектологиялық, әмбебап т.б. арнайы 
сөздіктер басылып шықты
[78, Б. 140-174]. Жалпы, Түркияда, 1937-1959 жж. 
арасында түрлі салаға қатысты 42 терминологиялық сөздік жарық көрді [79, Б. 
41-57].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет