Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет24/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   100
1.5 
Түрік 
лексикасының 
жаңаруына 
ықпал 
еткен 
экстралингвистикалық факторлар
Қазіргі қазақ тіліндегідей, түрік тіліндегі жаңа қолданыстардың қалыптасу
тарихы мен табиғатын жалпы түрік тілінің даму тарихымен тығыз байланыста 
қарастыру қазіргі заманға сай даму бағытын қажет етеді.
Түрік зерттеушісі М. Кахраман түрік тілі лексикасының терминдену 
үдерістерін «Түрік терминологиясы және классикалық кезең» атты мақаласында 
5 кезеңге бөліп қарастырады.
Бұл жерде түрік тілі терминологиясының тарихи 
даму үрдісі былайша көрініс табады: 
1. 1100 – 1839 жж.: Классикалық кезең; 
2. 1839 – 1876 жж.: Taнзимат кезеңі; 
3. 1878 – 1908 жж.: I Конституциялық басқару кезеңі; 
4. 1908 – 1927 жж.: II Конституциялық басқару кезеңі; 
5. 1923 – 2000 жж.: Ұлттық терминология кезеңі [80, б. 146].
Классикалық кезең
. Бұл кезең қазіргі түрік тілі оғыз-селжұқ тайпалары 
тілдерінің ұзақ ғасырлық даму үдерісі негізінде қалыптасқан селжұқ және Осман 
мемлекеттері кезеңіндегі терминологияны сипаттайды.
XIV ғасырда империяға айналған Осман мемлекетінің X-XI ғасырларда 
Орта Азиядан Анатолия түбегіне келген оғыз-селжұқ тайпаларынан құралғаны 
тарихтан белгілі. XV-XVI ғасырларда өз дамуының шыңына жеткен Осман түрік 
империясының айқын белгісі – осы мемлекетте қалыптасқан түрік халқы мен 
түрік тілінің қалыптаса бастауы.
Тарихи-генетикалық жағынан агглютинативті түрік тіліне өз дамуының 
ұзақ тарихында ерекше ықпал еткен: флективті араб тілі мен аналитикалық 
парсы тілі.
Орта ғасырлық Еуропадағы латын тілі секілді мұсылман халықтары үшін 
дін, ғылым және мәдениет тілі ретінде қызмет еткен араб тілі VIII-X ғасырларда 
Африка мен Азияның үлкен бөлігіне шапқыншылық жасап, жаулап алған 
елдерінің тілдеріне өз ықпалын тигізді [81, б. 367].
Соның нақты бір көрінісі оғыз-селжұқ тайпаларының IX-X ғасырларда 
ислам дінін қабылдауынан басталады. Ал XI ғасырда Иран жерлеріне селжұқ 


38 
тайпалары кіріп, XII ғасырда Анатолияда селжұқтар мемлекетін құрғаннан кейін 
түрік тіліне парсы тілінің ықпалы күшейді. Парсы тілі селжұқ сұлтандары 
сарайындағы ресми және әдеби тіл ретінде қызмет ете бастады. Әлемдік 
өркениет тарихында көптеген шығыс халықтарының поэзиясы мен прозасының 
дамуына әсер еткен, аса бай мәдениетке ие Иран халқының тілі болып табылатын 
парсы тілінің ерекше ықпалы көрсетілген
[82, б. 20].
Бірақ осы кезеңдегі түрік мемлекетіндегі мұсылмандық-діни лексика, 
әлеуметтік атаулар, ғылыми және арнайы терминологияда араб және парсы 
тілдерінің қызметі арқылы жіктелу жүйесі жүзеге асқан.
Бұл кезеңдегі түрік тілінің жағдайын қазақ даласындағы тілдік жағдаятпен 
салыстыруға болады. Тарихи деректерге сүйенсек, IX-X ғасырлардан бастап, 
діни және дерексіз ұғымдардың аталымына қатысты қазақ тіліне де көптеген 
араб сөздері енді. Бірақ қазақ даласындағы кейінгі қоғамдық-әлеуметтік даму 
бағытына сай бірте-бірте қазақ тіліндегі арабизмдерді көбінесе орыс тілінен 
енген жаңа сөздер ығыстыра бастағаны белгілі.
Парсы тілі арқылы
тілге енген арабизмдер мен араб лексикасы, парсы 
лексикасы түрік көркем әдебиетінде, әсіресе поэзия тілінде (Divan edebiyatı) 
кеңінен пайдаланылды. Қазіргі түрік тілінде осы кезге дейін сақталған, түрік 
тілінің түрлі функционалдық стиліне енген араб және парсы лексикасының 
кейбір нұсқалары (көбінесе стильдік)
да осыны дәлелдейді: түрікше 
göz
, арабша 
ayn
, парсыша 
çeşm
; түрікше 
ak
, арабша 
beyaz
; түрікше 
su
, парсыша 
ab
; түрікше 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет