Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет61/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   100
таза табыс, ыстық нүктелер, түнгі көбелек, ақ жағалылар, көк 
жағалылар 
т.б.;
- түрікше: 
trafik canavarı 
(жол тәртібін бұзушы),
 kaldırım çiçeği 
(жезөкше), 
mavi yaka 
(көк жағалы),
 beyaz yaka 
(ақ жағалы),
 beyin göçü 
(утечка мозгов), 
söz 
güreşi
(пікірталас) т.б.
Демек осыған байланысты әлемнің тілдік бейнесі дегеніміз –
сол ұлт 
өкілдеріне ортақ, ұжымдық тәжірибе негізінде жасалған білімдер жүйесінің
белгілі бір тілде көрініс табуы. Басқаша айтқанда, ол – тіл арқылы қоршаған 
шындықты (әлемді) тану. Ал, танылған әлемнің тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа 
беріліп отыруы тілдің мұрагерлік (кумулятивтік) қызметімен байланысты. Тілдің 
танымдық-коммуникативтік қызметінің бәрі тіл тұтынушысының бүкіл халыққа 
тән ойлау қабілетіне, сонымен қатар, олардың өмір сүру салты мен біліміне, 
тәжірибесіне негізделеді. Сондықтан әлемнің тілдік бейнесін жасаудағы басты 
ұстанымдардың бірі – антропоөзектік ұстаным. Бұл арада антропоөзек ұғымы тіл 
арқылы бейнеленген дүниені, тілді адами тұрғыдан, адам болмысы арқылы 
түсіндіретін үрдісті білдіреді.
Тілді зерттеудің теориялық-танымдық үдерісіне сай жаңа бағыттары 
адам~тіл
мәселесіне тілдегі адам факторы тұрғысынан жаңаша келудің ғылыми-
теориялық ұстанымдарын айқындап, зерттеудің жалпы мазмұнына кешендік 
сипат дарытуды міндеттейді. Осы орайда 
тіл~ұлт
сабақтастығындағы тілдің 
танымдық, табиғи болмысын этностың күллі әлем туралы білімі бекитін әлемнің 
тілдік бейнесімен ұштастыра зерттеу – бүгінгі таңдағы антропоөзектік парадигма 
аясында өрістеп отырған тілтанымдық зерттеулердің өзекті мәселесі.
Қазіргі тіл білімінде «әлемнің тілдік бейне-көріністері Ю.М. Караулов, 
Е.С. Кубрякова, А.А. Уфимцева, В.Н. Телия т.б. еңбектерінде әр тілдің өзіне ғана 
тән ерекшеліктеріне, әр халықтың дүние-ғаламның түрлі түсін өзінше мүшелей 
тануына, ол фрагменттерді өзінше бейнелеп атауына байланысты тіл-тілде 
өзгеше болып өріледі» деп қарастырылады.
Ал В.И. Карасик әлемнің этнолингвистикалық сипатының онтологиялық 
сипаттамаларын тұтастырып (концептуалдап) қарайды. Сонымен бірге тиісті 
этнос өмірінің маңыздылығы мен әртүрлі дискурстық кеңістіктегі басым 


109 
коммуникативтік 
позициялардың 
қалыптасуын 
қамтамасыз 
ететін 
тұжырымдамалық қасиеттердің нақты комбинаторларына да назар аударады. 
Соның нәтижесінде шындықтың түрлі үзіктерінің концептуалдануының біркелкі 
емес екенін де көрсетеді [266].
Олай болса, әлемнің тілдік бейнесінің жаңа қосымша түсіндірмесі 
заманауи қоғам мүшелерінің мінез-құлық үлгілерін реттейтін құндылықтарды да 
анықтайтын антропоөзектік сипатқа ие. 
Когнитивтік зерттеу бағытындағы ғалымдардың лингво-шығармашылық 
белсенділік тудыратын жаңа сөздер, факторлар мен уәждемелерді 
қалыптастырудың негізгі үдерісін жиі зерттеп отырғанын атап өткен жөн. 
Мысалы, прагматикалық факторлар жаңа атауды іздеу сатысында қосылады. 
Әрине, әлемнің тілдік бейнесіндегі таным үдерістерін зерттеу тек қана танымдық 
және прагматикалық факторларға ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени, 
психологиялық т.б. деңгейлерге де сүйеніп, жаңа сөзді неғұрлым ауқымды және 
жан-жақты зерттейтін болса, соғұрлым ол сенімді болады. 
Дүниетанымның философиялық анықтамасы бойынша: «... адамның 
дүниеге (әлемге) деген рухани қатынастарының негізі болатын және солардың 
бәрін жалпылама түрде қамтитын, адам мен әлемнің сан алуан ара қатынасын 
білдіретін ұғым» [267, б. 81]. Демек, «дүние» (әлем) ұғымы әр этностың рухани 
және әрекет болмысымен тығыз байланысты. Соның негізінде қалыптасқан әлем 
туралы тұтас көзқарас тілде айқын көрініс табады.
Шындықтың әрі қарай адам санасында қабылданып, ой елегінен өтіп, сөз 
болып қалыптасып, айтылу үрдісі нәтижесінде әлем бейнесі тілде екінші рет тың 
көрініске ие болып, әлемнің тілдік бейнесі түзіледі. Әрине, бұл арада «таным», 
«сана», «ойлау» т.с.с. феномендер лингвистикалық зерттеу назарынан тыс 
қалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет