113
Ғалым Г. Жұмашева өз зерттеуінде баспасөз тіліндегі жаңа қолданыстарды
неологизм мен архаизмнің өзара қатысына, қолданылу аясына қарай
төмендегіше топтастырады:
1. сол кезеңде архаизм болып, кейін қайтадан жиі қолданылу дәрежесіне
дейін көтерілген сөздер. Бұған әсіресе, діни ұғымдарға қатысты атауларды
жатқызуға болады:
мешіт, молда, тұмар, садақа, айт, құрбан айт, Құран
т.б.
2. кезінде неологизм болып еніп, кейін сыртқы факторлар әсерінен архаизм
тобына еніп ауысқан, бүгінде қайта қолданысқа түскен «жаңа атаулар»:
кеңес,
төраға, төңкеріс, әдіс, дәріс
(лекция),
құрылтай
(съезд),
алқа
(коллегия) т.б.
3. сол кезеңде неологизм болып, кейін қоғам дамуына қарай архаизмге
айналған атаулар:
сауат ашу мектебі, кедейлер ұясы, жалшылар кәмитеті,
ересектер мектебі
т.б.» [274].
Ал, сол заманға сай жаңа ұғымдарды атап, журналда жарияланған жаңа
сөздерді қазіргі күндегі қолданысына қарай былайша топтастырған:
«1. қазақ тіліндегі баламасы осы күнге дейін тұрақты түрде өзгертілмей
қолданылып келе жатқан атаулар:
белсенділер
(активисты),
онкүндік
(декада),
жоғары мектеп
(высшая школа) т.б.;
2. орыс тілінен енген атаулар алғашқыда аударылып, кейіннен ол
баламасы әдеби тілде тұрақталмай, оның орнына бүгінгі күнге дейін орыс
тіліндегі нұсқасы норма болып қалыптасқан атаулар: кредитор
- аласылы,
конус
– шошақ,
трапеция
– бестабан,
прогрессивный –
ілгерішіл
т.б.» [274].
Сонымен қатар сол кезеңдегі осы тектес қазақ баспасөзі беттеріндегі жаңа
қолданыстарға арналған зерттеулерде терминжасам үдерісіндегі жаңа
қолданыстардың окказионалдық сипатына мән беріліп, көрсетілген нақты
деректер бұл құбылыстың қолданыстық барысындағы танымдық негізін
көрсетеді.
Шын мәнінде, 1920 жылдары тілімізде жасалған жаңа сөздердің бәрі
бірдей тұрақталып, қалыптасып кетпегені байқалады. Олардың бірқатары аз
уақыт қана қолданылып, тілден шығып қалып отырса, енді біреулері бір-ақ рет
қолданылып, окказионалдық қасиетке ие болған сөздер қатарын түзеді. Оларды
құрамына қарай бірнеше топқа жіктеп көрсетуге болады:
1. түбір тұлғадағы сөздер:
алапа
(минимум),
далда
(банкет),
бұрсат
(право) т.б.
2. жұрнақ арқылы жасалған тосын сөздер:
тақпақшы
(декламатор),
үнемші
(экономист),
мұқалымпаз
(внушительный) т.б.
3. сөздердің бірігуі арқылы жасалған сөздер:
мойынтақ
(галстук),
жеркөмбе
(подвал),
сақтауқам
(страхование),
Достарыңызбен бөлісу: