Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет63/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   100
3 ҚАЗАҚ ЖӘНЕ
ТҮРІК 
МЕДИАБЕЙНЕСІНДЕГІ 
ЖАҢА 
АТАУЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ
-
ПРАГМАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 
 
3.1 Танымдық-ақпараттық құрал ретіндегі жаңа қолданыстардың 
қазақ баспасөзіндегі көріністері
Жаңа атаулардың қалыптасуындағы танымдық тетіктің маңызды болуы 
тілдің тек ақпаратты жаңғыртушы және жеткізуші ғана емес, келесі замандағы 
жаңа ұғымдар аталымын жасайтын өміршең коммуникативтік құрал екендігімен 
байланысты. Яғни, жаңа қолданыстар түріндегі тілдік құрал арқылы қазіргі 
қоғамда өмір сүріп, әрекет істеп жатқан адам санасында шындық өмірдің ерекше 
концептуалды-ақпараттық бейнесі жасалады.
Соның негізінде адам өзінің таным-тәжірибесі арқылы қабылдаған, 
тұжырымдаған дүниесін тілдік таңба (жаңа атау) ретінде бекітуге немесе 
кодтауға, бір адамнан екінші адамға жеткізуге мүмкіндік алады. Бір тілде 
сөйлейтін адамдардың танымдық тәжірибесін, танымдық ақпаратын арқау еткен 
тілдік таңба (жаңа сөз), қоршаған шындық өмір туралы жаңа ақпаратты 
қабылдап, сақтап және қайта жаңғырту арқылы жаңа сөздің коммуникативтік 
қызметін қалыптастырады. Осыған байланысты жаңа қолданыстардың белсенді 
қолданылу аясы ретінде бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде газет-
журналдардың орны ерекше [269, Б. 48-50].
Бұл ағымдағы бүгінгі күнгі қоғамдық өмірдің түрлі саласында (өндіріс, 
шаруашылық, ғылым, мәдениет, өнер, саясат т.б.) болып жатқан жаңалықтар мен 
оқиғаларға қатысты газет мәтіндерінде жаңа ұғымдардың атаулары, жаңа 
терминологиялық лексиканың қолданылуы қысқа мерзімде, жылдам көрініс 
табуымен байланысты. 
Қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтарға қатысты қазақ 
лексикасының жаңару үдерісін сипаттайтын осындай үрдіске сай көптеген жаңа 
ұғымдар туып, оларды белгілеу үшін жаңа атаулар пайда болуы туралы ХХ ғасыр 
басындағы қазақ баспасөзі мен әдеби тіл тарихына қатысты зерттеулерден бастап 
айтылып келеді.
 
Танымдық-ақпараттық құрал ретіндегі жаңа қолданыстардың қазақ 
баспасөзіндегі көріністері «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің лексикалық 
құрамынан, сондай-ақ сол кездегі жалпы сөз қолданыс жүйесінде болған жаңа 
сөздер мен жаңа тіркестерден байқалатыны Б. Әбілқасымов [270], Б. Момынова 
[271], Ш. Мәжітаева [272] т.б. ғалымдардың арнайы зерттеулерінде дәлелденген.
 
«Айқап», «Дала уалаяты», «Қазақ» сияқты мерзімдік, әдеби басылымдарда 
сөздерді осылайша түрлендіре қолдану істері қағазға түсіп, жаңа қарқынмен 
дами бастауы кейінірек А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының түрлі 
оқулықтар жазуы барысында пән сөздерін жасауына, ізденістеріне негіз болды.
 
Олардың бұл бағыттағы қызметі шетел сөздерін аудармай, көшіріп ала 
салмай, тілдің өз бойындағы әлеуетін пайдаланатын сөз тудыру құбылысы 
негізінде жүргізілді және олардың халықаралық терминдерді қазақшалау 
үрдісіне ана тілінің рухын сезінген болмысы, жоғары біліктілігі мен алдына 
қойған айқын мақсат-мүдделері, сол кезеңдегі әлеуметтік жағдай ықпал етті.


112 
Соның барысында халқының оқу-ағарту, өнер-білім деңгейін көтеруге бар 
күш-жігерін жұмсаған ұлт тұлғалары алғашқы қазақ баспасөзі бетінде айнала 
қоршаған шындық болмысты қазақ танымына сай байланыстыра танытып, оны
қазақ түсінігіне жақындатуды мақсат етті, тілдің бұзылмай, түзелуін, әлеуметтік 
қызметін ұлттық таным бірлестігінде қарады. Себебі олар – қазақ ауыз 
әдебиетін, мәдени, саяси тарихын, жыр-қиссаларды терең игерген, шешен 
сөйлеп, көркем жаза алатын, оның грамматикалық құрылымдарын маман 
деңгейінде меңгеріп, мәнерлі сөйлеп, көркем жаза алатын ұлттық тілдік тұлғалар 
еді. Осылайша қазақ зиялылары мен алаш көсемдері қоғам өміріне, саяси-
әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, өз ойларын қазақ тілінде шебер 
жазып жеткізе алатын публицистер ретінде тілдің әлеуметтік мәні, қолданылу 
аясы, бұзылуы, тілдік реформа, әлемдегі тіл саясаты туралы мәселелердің оң 
шешім табуына белсенді араласып, баспасөзде тұрақты түрде мақалалар 
жариялап тұрды.
Сонымен қатар осы арада баспасөз тілінде қазақшаланған терминдердің 
басым көпшілігі және қолданысы белсендісі сол кезеңдегі қоғамдық-әлеуметтік 
атаулар ретінде қазақ тіл білімінде арнайы зерттелгенін де атап өткен жөн [273].
Осы еңбектердегі тілдік жаңалықтарға қатысты ерекше көңіл аударатын 
маңызды мәселенің бірі – газет бетіндегі жаңа қолданыстар, жаңа сөз жасаудағы 
ізденістер мен белсенділік, прагматикалық сипат.
Көпшілікке жеткізуде баспасөздің атқарар қызметін жақсы түсінген 
қазақтың сол кездегі оқыған зиялылары, ағартушылары редакцияға хат жазып, 
газет-журналдарға мақала жазып, өз пікір-ұсыныстарын айтып, тіл тазалығына, 
тіл мәдениетіне көп көңіл аудару керектігіне назар аударған. Соның 
нәтижесінде әрбір жаңа сөз, жаңа қолданыс мерзімді баспасөз беттерінде 
қолданылып, талқыланып, көңілге қонымдысы, танымға жақыны сөздік құрамға 
кіріп, тілімізді сол кезеңге сай байытып отырған. 
Осымен байланысты анықталған жай – жалпы алғанда, мерзімді баспасөз 
тілінің лексикалық құрамындағы сөздердің басым көпшілігі – байырғы қазақ 
сөзі. Сол кезеңде көптеген сөздер біраз уақыттан кейін қайта жаңарып, 
баспасөзде жаңа мазмұнда қолданыс тапқан: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет