үйқамаққа алынуымен өмірінің басты арманы – білім мұхитына еркін сүңгіткен барша сәттіліктің басталуын ғалым А.Омаров осылай сипаттайды (Қазақ әдебиеті,
25.08.2015).
Үйқамақ жаңа сөзінің қолданыс жиілігі аз. «Домашний арест» ұғымының
төл тіліміздегі аудармасының баламасы ретінде осы сөздің
мырзақамақ жарыспа
нұсқасы қолданылып жүргені де белгілі.
Мысалы:
Әлиханның саяси іспен айналысуына тыйым салып, күні-түні бақылауда отырады. Яғни, мырзақамақта болады (Айқын, 01.06.2015).
А.Д.Сахаровты әуелі полигоннан тайдырды, соңынан Горький қаласына жер аударып, сегіз жыл бойы «үй тұтқыны» етіп мырзақамақта ұстады (Егемен
Қазақстан, 20.01.2015).
«Домашний арест» терминінің тұрақты аудармасы ретінде аталмыш
нұсқалардың бірі бекітілгенімен, жарыспалы қолданыстар қарқыны азаймасы
анық. Себебі баспасөзде сөздің орнын ауыстыру, сөз ойнату сияқты
прагматикалық мүмкіндіктерге жол беріледі.
Дегенмен тура мағынада айтылған жағдайда
үйқамақ сөзі бекітіліп алынуы
керек те, қалған нұсқалары тек ауыспалы мағынада, теңеу ретінде ойды астарлап
айтуға жұмсалғаны дұрыс.
Қоғамдық-әлеуметтік мүддеге сай күнделікті қолданысқа еніп жатқан жаңа
сөздерді қазақ тіліне аударып, жаңа атау жасау үдерісінде ұсынылған
баламалардың бірнешеуін қатар қолдану тілдік тәжірибеде жиі кездеседі. Соның
нәтижесінде әдеби тілдік нұсқасы ретінде қайсысын бекіту керек деген сұрақ
туындайтыны да шындық.
Түрік баспасөзінде де мұндай жағдайлар көп кездеседі. Мысалы, алдыңғы
тарауларда когнитивтік жағы айтылып кеткен, діни түсінікке сәйкес қоғам
тарапынан көп сынға ұшыраған
Kara Cuma (қара жұма) жаңа қолданысының
қазіргі Түркия баспасөзінде бірнеше баламасы қатар қолданылып жүр.
Мысалы:
En fazla kullanılan mobil alışveriş sitelerinde Muhteşem Cuma indirimleri adı altında 8-11 Kasım tarihleri arasında gerçekleştirilecek (Hürriyet,
18.11.2015).
Seçili ürünlerde %80'a varan indirimlerin olacağı