Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі



Pdf көрінісі
бет81/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

Efsane Cuma
 her yıl 
kasım ayının bir geleneği halinde geldi 
(Hürriyet, 18.11.2015).
Türkiye'de 
Şahane 
Cuma
ismiyle indirim etkinliğine dönüştüren perakende sektörü, tek günlük satış 


130 
rekorları kırdı 
(Sabah, 25.12.2015).
Çarşı esnafı, "Black Friday"a karşı "
Bereketli 
Cuma
" kampanyası başlatarak bunu mağaza vitrinlerine astıkları renkli pankartlarla 
duyurdu
(Hürriyet, 29.11.2015). 
Публицистикада жаңа қолданыстардың жаңғыртылуы жоғары деңгейде 
болғанымен, баспасөз беттерінде кездесетін кемшіліктерді терминтанушы-
ғалым Шерубай Құрманбайұлы былай талдайды: «Қазіргі баспасөзде кездесетін 
жаңа атаулардың қолданысындағы орын алып жүрген кемшіліктің ең бастысы – 
ресми бекітілген терминдердің бірнеше нұсқасының жарыса жұмсалуы. Бүгінгі 
баспасөз беттерінен жинақталған жаңа атауларды сараптағанда мынадай 
сөздердің жарыса қолданылып жүргендігі анықталды: администратор – 
әкімші, 
әкімгер
: акимат – 
әкімдік, әкімият
: мобильный (сотовый) телефон – 
қалтателефон, ұялы телефон, қалтафон
; интернет – 
әлемтор, ғаламтор

стюардесса – 
әуесерік, аспансерік
; глобализация – 
ғаламдану, жаһандану, 
ауқымдану
; транспортная пробка – 
кептелек, кептеліс, тығын, тығырық

семья – 
отбасы, жанұя
; публицистика – 
көсемсөз, қоғамсөз, замансөз, мәндісөз

кресло – 
орынтақ, күрсі
; медсестра – 
медбике, мейірбике
; наушник – 
тыңдауыш, 
құлақкигіш, құлақілдірік
; микрорайон – 
мөлтекаудан, ықшамаудан, шағынаудан

петиция – 
арыз-тілек, құзырхат
; ремень безопасности – 
қауіпсіздік белдігі, 
қорғаныш белбеу
; прорывные проекты – 
серпінді жобалар, шепбұзар жобалар

фонтан – 
субұрқақ, бұрқақ
; казино – 
ойынхана, құмархана
; патриотизм – 
отаншылдық, отансүйгіштік, елжандылық
; огнестрельное оружие – 
атыс 
қаруы, отты қару
т.б.
Бұл келтірілген мысалдардың арасында ресми бекітілгені де, біраздан бері 
қолданылып 
жүргенімен 
бекітуге 
ұсынылмағандары 
да, 
сондай-ақ 
жұртшылыққа аса таныс емес, әлі сараптан өте қоймаған жаңа қолданыстар да 
бар. Мұның себебі не? Жалпы біздегі ресми бекітілген терминдердің бірізді 
қолданылмауының негізгі екі түрлі себебін атауға болады. Біріншісі – бекітілген 
терминдерді жұртшылыққа жеткізіп, олардың қолданысын қадағалап, үйлестіріп 
отыру жұмыстарының тиісті дәрежеде жүргізілмеуі. Екіншісі – терминдерді 
жасау, сараптау, ұсынылған нұсқалардың арасынан сәтті жасалғандарын іріктеп 
алу және бекіту жұмыстарының кәсіби тұрғыда жүзеге асырылмауы» [289].
Алдағы тарауларда көрсетілгендей, қазақ тілінің мемлекеттік қызметін 
жандандырып, кеңейту барысында, тілімізде жаңа атаулармен, жаңа 
қолданыстармен қатар жаңару өрісі жағынан әлеуетті (потенциалды) сөздер мен 
тосын (окказионалдық) сөздердің қатары артып келеді. Осыған байланысты жаңа 
лексикалық бірліктердің тілдегі орны, қызметі, стилистикалық реңкі, қолданылу 
аясы, қазақ лексикасын бұрыннан құрайтын сөздермен жүйелілік арақатынасы 
және өзара қатынастары т.б. мәселелері баспасөздегі жаңа қолданыстарға 
қатысты арнайы зерттеуді талап етеді.
Тәуелсіздік кезеңінің алғашқы онжылдығында бір зат, ұғым немесе 
құбылыс атауын білдіретін қатарға жарыспалылық сипат беріп, тілдік 
тәжірибеде көптеген өзара бәсекелес жаңа қолданыстардың туындауын көбінесе 
газет прагматикасына қатысты түсіндіруге болады.


131 
Осыған байланысты: «Мәселен, күнделікті қолданыстағы 
айлық 
(зарплата) 
сөзінің орнына сол номинативті (атауыштық) қызметінде жұмсалатын 
еңбекақы, 
жалақы 
және
 
окказионалдық
 айлықпұл
; «календарь» сөзінің орнына – 
күнтізбе
және 
күнпарақ
; «командировка» сөзінің орнына 
іссапар
және 
жолсапар

«газета» сөзінің орнына – 
үнпарақ
және 
үнқағаз
; «аэропорт» сөзінің орнына – 
әуежай
және 
аэротұрақ
; «президент» сөзінің орнына – 
Елбасы
және 
окказионалдық 
Елтөре
; «гимн» сөзінің орнына 
әнұран
және окказионалдық 
елұран
; «семья» сөзінің орнына – 
отбасы

жанұя
және окказионалдық бірлік 
үйелмен
сөздері пайда болды» деген пікірлер де бар [289, Б. 85-89]. 
Мұнымен қоса, газет тіліндегі жаңа атаулардың деректері олардың тек 
коммуникативтік емес, кумулятивтік қызметі де оқырман рейтингін көтеруде 
маңызды екенін көрсетеді. Осы орайда қазіргі қазақ газеттерінің тақырыпаттары 
мен мазмұнында көне ескіліктердің қайта жаңғыруы газеттердің ұлттық мүддеге 
сай прагматикасын көрсетсе, қазіргі заманғы тіл тұтынушылары үшін олар жаңа 
атаумен тең.
Мысалы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет