1-тақырып. Этикалық шешім қабылдау.Қамқорлық этикасы



бет1/9
Дата08.02.2023
өлшемі63,83 Kb.
#66322
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-6 дәріс


1-тақырып. Этикалық шешім қабылдау.Қамқорлық этикасы.

Дәріс мақсаты: утилитаризм мен Дж.М. Милльдің пайдалылық қағидатын, Росс бұйрығы және оның нақты міндеттерін, Джон Роулдың надандық пердесі теориясын, Сиссела Боктың жариялылық тестін сипаттау, этикалық шешім қабылдау және дін туралы баяндау.


Дәрістің негізгі терминдері
Утилитаризм доктринасы – (лат. utilitas – пайда) өнегелі іс-әрекеттің пайдалығының мойындайтын этикалық теория. Утилитаризмнің негізін қалаған және негізгі принциптерін анықтаған И. Бентам болды. Милль теориясы – Джон Стюарт Милль утилитаризмге сүйеніштің сапалық жағын бағалау, ақыл-ой рақатын жоғары қою принципін енгізді. «Пайда принципін» таным теориясына ойыстыру прагматизмнің пайда болуына ықпал етті. Жарнама – (франц. reclame, лат. reclamo – жар саламын) тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Баспасөз-хабарламасы – баспасөзде мүмкін болатын жариялау үшін дайындалған ақпарат. Дилемма – (гр. δί-λημμα) екі мүмкіндіктен таңдау қажеттілігі. Қамқорлық этикасы – феминистік теорияға негізделген. Ол басқаларға да, адамның өзіне де бағытталған. Бұл идея этикалық шешім қабылдау үшін өзара қарым-қатынастарды негізге алады.
Утилитаризм мен Дж.С. Милдің пайдалылық қағидаты
Негізгі утилитаризм доктринасы әрекеттің ең жақсы әдісі – барлық жапа шеккендерге пайда әкелетіндігін айтады. Ұзақ жыл бойы бұл доктрина кеңейтіліп, бүгінде бірнеше нұсқада қолданылып жүр. Утилитаризм өзінің жеке қажеттіліктерін немесе экономикалық шарттарын қанағаттандыратын кемшілік немесе артықшылық ретінде сипатталады. Адамдардың көпшілігі мораль өз әрекеттерінің пайдалы және зиянды салдарын тепе-теңдікте ұстауға байланысты екеніне сенеді.
Росс бұйрығы және оның нақты міндеттері
Енді ежелгі ғалымдардың ойын негізге алған ХХ ғасыр философтарына тоқталсақ. Шотландиядан шыққан Уильям Дэвид Росс (1877–1971) Аристотель еңбектерін зерттеген және аударған. Ол этикалық шешім қабылдау туралы өз идеяларын 1930 жылы жазған «Құқық және жақсылық» («The Right and the Good») еңбегінде баяндаған. Ол утилитаризмнің орнына ақылға немесе түйсікке сүйенуге шақырған. Росс адам түсініп, маңызды шешім ретінде қабылдай алатын алғашқы әсерге негізделген (prima facie) міндеттерге сенді.
Джон Роулдың надандық пердесі туралы теориясы
Джон Роул (1921–2002) – қазіргі заман философы және Гарвард университетінің профессоры. Ол этикалық шешім қабылдау кезінде көптеген студенттер маңызды санайтын әділдік тұжырымдамасын жасаған. 1971 жылы жеке құқықтар туралы «Әділдік теориясы» («A Theory of Justice») атты кітап жазған. Роул этикалық дилеммаларға тап болған кезде шешім қабылдау үшін қоғамдағы өз орның туралы ойлаудың керегі жоқ деп есептейді. Оның орнына сол жағдайға өзіңді қойып көргенді жөн санайды. Ол «надандық пердесі» ұғымын енгізді. Ол перденің артында тұрғанда адам барлығын ұмытады. Тіпті, өзінің кім екенін ұмытқанда ғана адам осы дилеммаға қатысы бар адамдармен байланыс орната алады.
Сиссела Боктың жариялылық тесті
Қазіргі заман философы, «Өтірік: қоғамдық және жеке өмірдегі моральдық таңдау» (Lying: Moral Choices in Public and Private Life) кітабының авторы Сиссела Бок басқалардың алдында өз әрекеттерімізді ақтап алудың маңыздылығына сенеді, яғни сіз өз әрекеттеріңіз туралы ойлап қана қоймай, шешім қабылдау процесін жариялы етуіңіз керек. Оның «Жариялылық тесті» (the test of publicity) «Қай кезде өтірік айтуға болады?» деген сұраққа жауап іздейді. Оны медиа мамандар басқа да этикалық дилеммалармен қатар қолдана алады. Өтірік қоғамды адастырады, ал егер бұқаралық ақпарат құралдарында істейтін маман осындай жағдайға тап болса, яғни қоғамды алдау дұрыс деп шешсе, ол этикалық дилеммалар арқылы шешім қабылдауы керек. Роулдың пікірі этикалық шешім қабылдаған кезде біздің қоғамдық санамызды көтеруге көмектеседі. Боктың этикалық шешім қабылдау моделі: біріншіден, этикалық шешімге қатысушы адамдарға жанашырлық таныту, екіншіден, әлеуметтік сенімді қолдау керек деген екі принципке негізделген.
Қамқорлық этикасы
Этиканың тағы бір саласы – «қамқорлық этикасы» феминистік теорияға негізделген. Ол басқаларға да, адамның өзіне де бағытталған. Басқаша айтсақ, бұл идея этикалық шешім қабылдау үшін өзара қарым-қатынастарды негізге алады. Біз «қамқорлық этикасын» жақтаушы екі адам туралы айтамыз. Кэрол Гиллиганның «Өзгенің дауысымен» («In a Different Voice») атты кітабы ең алғаш 1982 жылы жарияланған. Онда әйелдердің дискуссия кезінде басқаларға қамқорлық танытуға бейім екені айтылады. Гиллиган әйелдердің ерекше моралі бар екеніне сенеді: олар еркектерге қарағанда басқаша сөйлейді, себебі кішкентай кезінен қамқорлық пен жауапкершілікті бойына сіңіріп өседі. Қамқорлық сезімін дамытқан адамдар тек өзін ғана емес, басқаларды да ойлап, ешкімнің зардап шекпегенін қалайды. 1984 жылы шыққан «Қамқорлық: этика мен моральдық тәрбиедегі әйелдердің тәсілдері» («Caring: A Feminine Approach to Ethics and Moral Education») атты кітаптың авторы, педагог Нель Ноддингс утилитаризм мен қызметтік этика әйелдердің этикалық дилеммалардағы әдістерін түсіндіре алмайтынын айтады. Оның айтуынша, әйелдер үшін этика қарым-қатынастан басталады. Шынайы қамқорлық адамдармен шынайы қатынасты талап етеді. Оған тек адал ниетпен ғана жетуге болмайды.
Этикалық шешім қабылдау және дін
Мұсылмандар, христиандар, үнділер және еврейлер немесе басқа дінді ұстанушылар өз діндеріне сай этикалық ұстанымдарға берік болады. Әрине, дін моральдық мағынада да қолданыла алады, бірақ ғалымдар кейде сол арқылы көпшілікті адастырып жіберуі мүмкін. Ағылшын философы Энтони Гаррад Ньютон Флей жасөспірім кезінде дінге қарсы көтеріліс жасаған. Әкесі дін қызметкері, өзі атеист болған философ 2010 жылы 87 жасында дүниеден өтуіне бірнеше жыл қалғанда Құдайдың бар екеніне сенетіндігін айтқан. Оған дейін де «Құдайдың әмірімен әрекет ету немесе Құдайға көзсіз сену дұрыс па?» деген сауалға жауап іздеуге тырысқан. Бұл сауалға жұрттың бәрін қанағаттандыратын жауап табу қиын. Барлық дінде махаббат ұғымы бар. Мысалы, исламның негізін қалаған Мұхаммед пайғамбар риясыз қарым-қатынасты насихаттаған. Мұсылмандар Құранның Құдай сөзі екеніне сенсе де, кітапта Мұхаммед пайғамбардың әрекеттері мен сөздері кездеседі. Мұсылмандар Құран бағыштаған сайын оның есімін қосады. Исламның этикалық көзқарастары Құранда жатқанымен, этикалық сипаттың үлгісі Мұхаммед пайғамбар саналады. Олар қарапайым өмір сүрген, рухани дамуға мән берген. Бірақ жылдар өте Құранды бұрмалаушы секталар пайда бола бастады. «Muhammad: Honor-Centered Morality» кітабының авторы Мұхаммед А. Сыдық (Mohammad A. Siddiqi) Мұхаммед пайғамбар коммуникаторлар басшылыққа алуы керек әмбебап этикалық кодексті жасап кеткенін айтады.
Өзіндік жұмыстар тапсырмалары
1. Утилитаризм ұғымына сипаттама беріңіз. 2. Дж.С. Милдің пайдалылық қағидаты туралы не айтасыз? 3. Росс бұйрығы және оның нақты міндеттері туралы не білесіз? 4. Этикалық шешім қабылдау туралы қандай идеялар айтасыз? 5. Этикалық дилеммаларға тап болған кезде шешім қабылдау туралы не айтасыз? 6. «Жариялылық тесті» медиамамандары үшін қандай мүмкіндіктер береді? 7. «Қамқорлық этикасы» туралы не айтасыз? 8. Нель Ноддингстің әйелдердің этикалық дилеммалардағы әдістері туралы пікіріне қосыласыз ба? 9. Этикалық шешім қабылдау және дін туралы не айтасыз?
Бақылау жұмыстары
1. Джон Стюард Милльдің «Утилитаризм» еңбегінің басты қағидаларын сипаттаңыз. 2. Бентам ұсынған математикалық саналатын ерік-қалау туралы сипаттаңыз. 3. Ақылға немесе түйсікке сүйену туралы Росстың пікірін талдаңыз. 4. Джон Роулдың надандық пердесі туралы теориясын сипаттаңыз. 5. Сиссела Боктың жариялылық тестіне сипаттама беріңіз. 6. Кэрол Гиллиганның «Өзгенің дауысымен» атты кітабына шолу жасаңыз. 7. Исламдағы этикалық көзқарастарға сипаттама жасаңыз. 8. Қазақ халқының моральдық-этикалық тәрбиесіне шолу жасаңыз.
2-тақырып.Журналистік этиканың кодекстері. Журналистиканың басты құқықтық-этикалық міндеттері. Журналистік кәсіби этиканың жауапкершілігі. Журналистің кәсіптік этикасының негізгі міндеттері
3-тақырып. Кәсіби және жеке стандарттарды қорғау.Интернеттегі ақпараттарды тексеру. Интернет арқылы алдау, әлеуметтік медиа, осал адамдарды қорғау. Объективті болу, оқиғаның мән-жайын анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет