Қазақ КҮресіндегі күрескерлердің сайыс қызметін талдау


Спорт және еркін күрес тәрбиесі арқылы жасөспірімдердің патриоттық қасиеттерін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысының әдістемесі



бет20/23
Дата12.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#34083
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Спорт және еркін күрес тәрбиесі арқылы жасөспірімдердің патриоттық қасиеттерін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперимент жұмысының әдістемесі

Жас спортшылардың патриоттық қасиеттерін спорт және еркін күрес тәрбиесі құралдарымен қалыптастыру әдістемесінің негізінде әрекет теориясы алынған. Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерде әрекетті талдауға мынадай ыңғайлар қолданылады: психологиялық және методологиялық.

Психологиялық ыңғай А.НЛеонтьев [190] ғылыми мектебінің жұмыстарына және оған жақын психологиялық мектептердің еңбектеріне негізделген , онда әрекет психикалық шағылысумен байланысты тіршілік бірлігі ретінде қарастырылады, оның шынайы қызметі-оның заттар әлемінде субъектіні бағыттайтындығында. Әрекет индивидтің әрекетіне редукцияланады, оның атрибуты ретінде түсіндіріледі (субъект әрекетті жүзеге асырады), ал білім беру психологияда бір-бірін алмастырушы әрекеттердің жүйесі ретінде қарастырылады.

Методологиялық ыңғайда әрекет өзі өздігінен субстанционарлы, ол « жеке индивидтерді қамтиды және осылайша қайта туындайды» [18].

Бұл еңбектердің авторлары өнімді әрекеттің психологиялық- методолгтялық аспектісін былайша қаратырады:

-Индивидуалды білім өнімін жасауға бағытталған оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті ретінде;

-Әрекеттегі және пәндік жалпы азаматтық білімдердің құрылымы мен генезисіндегі оқушылық білім өнімінің орны мен ролі бойынша оқушы мен мұғалімнің әрекеті.

Бұл ғалымдар өнімдік білім беру әрекетінің мазмұны мен құрылымын әрекеттің теориялық және эмпирикалық түрлерінің талдануының негізінде қарастырады. Авторлар өнімді білім беру әректі үшін келесі белгілер тән болады деген қорытынды жасайды:


  1. Әрекеттің субъектісімен оның жеке білімдік әлеуетінің, индивидуалды қабілеттерінің, мотивтері мен мақсаттарының негізінде жүзеге асырылады;

  2. Субъектінің әрекетінде оны жүзеге асыруға қажетті әдістермен, құралдармен және басқа шарттарды жеткілікті шамада игермеумен байланысты субъективті қиындықтар мен проблемаларды тудырады;

  3. Субъект үшін жаңа жүзеге асырылатын әрекеттің түріне сәйкес болатын білім берудің өнімін құруға әкеледі.

Дене тәрбиесінің барысында оқушылар әрекеттің келесідей негізгі түрлеріне қатысады. (Барышева – Сүлеймен)

  • Дене шынықтыру әрекеті;

  • Спорт әрекеті;

  • Ойын әрекеті;

  • Еркін күрес-спорт әрекеті;

  • Еркін күрес-ойын әрекеті;

  • Спорттық-ойындық әрекет.

Біздің зерттеуіміздің проблемасына сәйкес, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдаудың негізінде мынадай қорытындылар жасауға болады:

А) Әрекеттің түрлері мен нысандардың алуан түрлілігі дене тәрбиесі процесін байыта түседі, оның барлық қызметтерінің жүзеге асырылуына септігін тигізеді,бұл жағдайда оның патриоттық тәрбиемен өзара байланыстылығын жүзеге асыруға септігін тигізеді;

Б) Дене тәрбиесі бойынша оқу – тәрбие процесіне енгізілген алуан түрлі, жан-жақты әрекет оқушыға өзін табуға, оның неге қабілетті екендігін көрсетуге көмектеседі.

В)Жан-жақты әрекет мұғалімінің өзін байыта түседі, оны оқушылардың шығармашылығын пайдалануға ынталандырады, оқытудың жаңа технологияларын іздеуде оны қаруландырады, оның әрекет стереотипін бұзады.

Г) Дене тәрбиесі бойынша оқу-тәрбие процесінде пәндік әрекеттердің түрлі жиындықтарын қолдану қажет: танымдық, еңбек, практикалық, шығармашылық, ойындық және т.б., оларды еркін таңдауда оқушы өз қабілеттері мен икемдіктерін көрсете алады.

Д) Әрекеттің әртүрлі түрлерінің өзара байланысы келесі талаптардың негізінде жүзеге асырылуы тиіс:

- мұғалім мен оқушылардың әрекетінің бірлігі;

-еңбектің, танымның, қарым-қатынастың бірлігі, оны байытуға пәндік-практикалық, көркем, ойындық, қоғамдық, дене шынықтыру – спорттық және басқа әрекет түрлерінің функциялары себін тигізеді;

- қарым-қатынас әрекет түрлерінің кез келген үйлесімінің өзара байланысы үшін негіздеме болып табылады.

Дене тәрбиесі процесі оқытушы және дамытушы секілді әрекет түрлерінің міндетті түрде болуын көздейді, олардың біріншісі адамзат жинақталған тәжірибені табыстауға қатысады, ал екіншісі қоғамдық тәжірибеге қол жеткізуге , оны оқушылардың жеке жетістігіне трансформациялануына бағытталған. Әрекеттің екі түрі де оқу процесінің жалпы мәнін, және атап айтқандағы – дене тәрбиесінің мәнісін құрайды.

Әрекетті қарастыра келе, оның неғұрлым маңызды сипаттамалары деп келесілерін бөліп қарастыруға болады:

-кез келген әрекет түрінің негізі-қимылдар: бұлшық еттік және сөйлеу аппаратының қимылдары;

- қимылдар әрекеттерден тұрады: дене (сыртқы, моторлық) және ой (ішкі, психикалық), ой әрекеттері психикалық әрекеттердің негізінде қалыптасады;

- кез келген әрекет түрлі әдістермен жүзеге асырыла алады;

- дағдылар мен икемдіктер әрекет әдістері ретінде қашанда әрекеттің нақты түрлеріне жатқызылады;

- қимылдық дағдылар дене еңбегінің, спортпен айналысу процесінде, оқу процесінде қалыптасады;

- әрекет түрлерінің өзара әсерлесуінде эмоционалды-интеллектуалдық процестер көрініс табады, әрекеттің реттеуші механизмдері процестер көрініс табады, әрекеттің реттеуші механизмдері активизацияланады, қимыл саласы, ұсақ бұлшық еттердің жұмысы дамиды;

- шығармашылық, алуан түрлі, жан-жақты әрекетті жүзеге асыруға қажеттілік дамиды;

- тұлғаның патриоттық, еріктік қасиеттері спорттың командалық түрлерінде айрықша тиімді қалыптасады,оқушылардың біріккен әрекеті өзара көмек, ұжымшылдыққа, команда мүдделерін өзінің жеке мүдделерінен жоғары қоя білуге мақсатталған команданың барлық мүшелерінің ынтымағы болған жағдайда ғана нәтижелі болады.

Шаралардың бүкіл кешенінің бірінші құрамдаушысы ретінде біз дене шынықтыру және спортпен айналысу процесіндегі жасөспірімдердің патриоттық қасиеттерін қалыптастырудың мотивациялық-құндылықтық компонентін қарастырамыз. Әлі күнге дейін спорт және еркін күреспен айналысуға, қимылдық белсенділікке қажеттіліктерді қалыптастырудың механизмі жеткілікті шамада зерттелмеген болып отыр [19]

Еркін күрестің тәжірибесінен көретініміздей, спортпен, дене тәрбиесімен тек оған дайындыққа ие болатын балалар ғана айналыспайды.

Т.А.Шанина атап өткендей, тұлғаның кез келген тұрпаттағы әрекетке дайындығы адамның үш қалыптасқан жүйешелерінің бірлігі болып табылады,олар: мотивациялық (бағдарлар), ақпараттық (білімдер), біздің жағдайда-интеллектуалды-процессуалды компоненті, операциялық (икемдіктер). Осы үш жүйешелердің барлығы дене белсенділігімен қатар дамуды және біз қарастырып отырған жасөспірімдердің тұлғасының патриоттық қасиеттерін қалыптастыруды талап ететін дене тәрбиесінің барысында қалыптасады. Еркін күрес процесін осылайша шартты түрде үш аспектіге бөлу бізге жас спортшылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру процесін тиімдірек құруға, қазіргі кезеңде жалпы білім беру мектебінде еркін күреске қатыстышешілуі тиіс міндеттердің шеңберін анықтау мүмкіндігін береді. Сол себепті мектептегі дене шынықтыру пәнін үшбірлікті процесс ретінде қарастыру қажет.

Жас спортшылардың спорттағы шынайы өмірі мен дене жаттығулары, жаттығу жүктемелері, жарыстар – бұл тек қана өз денесін жетілдірудің күрделі өмірлік міндетін шешетін шығармашылық тұрғыдан сезінілетін күрделі дене еңбегі ғана емес, сондай-ақ бір жағынан – қоғамдағы өз орны үшін тіршілік күресінің әлеуметтік модельдерімен өте тығыз байланысты болатын түрлі интеллектуалды қызмет те.

Біз үшін еркін күрес тәрбиесінің жалпы жүйесінде жасөспірімдер тұлғасының патриоттық қасиеттерінің қалыптасу процесі маңызға ие.

Патриоттық тәрбие беру процесі-сырттан, мақсатты түрде ықпал етуден, сондай-ақ алынған білімдердің, икемдіктер мен дағдылардың негізіндегі өз-өзін тәрбиелеуден тұратын тұлғаның қалыптасу және даму процесі екендігі белгілі.

Қазіргі заманғы концепцияларға сәйкес, тәрбие процесі қазіргі таңда әрқайсысы алдыңғыларының нәтижелерін ескеумен құрылатын дамытушы тәрбиелік жағдайлардың өзара байланысқан тізбегі ретінде анықталады.

Тәрбиелеу процесі – бұл өз бетімен дамитын жүйе, оның өлшем бірлігі –дамытушы тәрбиелік жағдай.

Белгілі бір қасиеттерді, біздің жағдайымызда – патриоттық қасиеттерді тәрбиелеу басқарылатын, бақыланатын сипатқа ие болуы тиіс. Оқушылар саналы ниеттерді басшылыққа алған,кездейсоқ түрде емес, алға қойылған міндеттерге сәйкес алдын-ала жазылған жоспар бойынша әрекет ететін жерде берілген қасиеттерді тәрбиелеу жүзеге асырылады.

Тәрбие процесінің ерекшелігі бұл процесті басқаратын жаттықтырушының қызметі тек объективті заңдылықтарға байланысты болмайтындығынан көрінеді. Еркін күрес мұғалімі, еркін күрес үйірмесінің жаттықтырушысы тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның индивидуалдықтары, мінезі, оның жас спортшыларға қатынасынан көрініс табады.

Жас спортшылардың өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлқының мазмұндық сипатына жататын төрт категория бар. Олардың ішіндегі алғашқы үшеуі өзара әрекеттесуге қатысушылардың интеллектуалды, еріктік және эмоцианалды саласындағы психикалық әрекеттің ерекшеліктерін сипаттайды. Төртінші категория табысты және табыссыз әрекеттер бойынша әрекеттің нәтижелілігін сипаттайды.

Қарым-қатынастың бағыттаушы, ынталандырушы, бағалау экспрессивтік (жағымды) категорияларын шартты түрде қатынастардың өнімді түріне жатқызуға болады, ол ынтымақтастық пен өзара көмек, біріккен келісілген әрекеттерге бағыттылық, топ ішіндегі дау-дамайлар болмайтын жағдайға тән.

Мұғалім жұмысында алға қойылған мақсатқа қарай қозғала отырып, жас спортшылардың санасы мен мінез-құлқына мақсатқа лайық ықпал ете білу аз маңызға ие емес, ол үшін жас спортшылармен әңгіме жүргізудің психологиялық техникаларын игеру қажет. Біз әңгіме үшін бірнеше нұсқаны ұсындық:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет