Б. Аралық неғұрлым тиімді техникалар.
1.Сұрап қоймай қою – біз оқушыға сұрақтарды бірінен соң бірін қоямыз, оған өз мақсаттарымызды түсіндірместен, бір нәрсені білуге ұмтыламыз: «Жоқ, сен әйтсе де айт», «Не болды?» «Мен бәрібір білемін», «Сен неге істемейсің?» және т.б Педагогтар мен ата-аналар үшін бұл өте тән нәрсе, ал балада оны «тергегендей» сезім қалады.
2. Әңгіме барысындағы ескертулер – әңгімелесу барысында біз «Іске кіріскен жөн» және т.б. секілді репликаларды қосамыз. Бұл педагогикалық кеңес пен ата-аналар жиналысындағы талқылаулар үшін өте тән нәрсе. Оқушыға қатысты бұл оның сабақта жауап беруі (сабақта жаттығуларды орындауы) кезінде көрініс табады. Мысалы, «Ал, біз бәріміз сен қашан қисаңды қойып, жаттығу жасауды қашан бастайтыныңды күтіп отырмыз».
3. Қостау – біз оқушылардың айтқандарына «иә-иә», «дұрыс», «солай» деген секілді репликаларды айтып, костаймыз. Бұл вербалды емес деңгейде көрініс табуы мүмкін, мысалы, мұғалім немесе оқушыны тыңдау барысында басын изейді.
В.Оқушыны түсінуге көмектесетін әңгімелесу техникалары.
1.Вербализациялау, А сатысы – қайталап айту. Біз оқушының айтқандарын сөзбе-сөз қайталаймыз, сонымен қатар, бұл жағдайға «Сенің санауыңша...», «Сенің ойыңша...» және т.б.секілді кіріспе сөздер тән болады.
2.Вербализация, Б сатысы – басқаша айту. Біз оқушының айтқандарын жалпылама түрде қалпына келтіреміз, оның сөздеріндегі ең маңыздыны ғана құрастырып айтамыз. Келесі кіріспе сөздер тән: «Басқаша айтатын болсақ, сен былай деп есептейсің..», «яғни сіз былай істегіңіз келеді...» және т.б.
3.Вербализация, В сатысы – интерпретациялау және идеяны дамыту. Біз айтылғаннан логикалық нәтиже шығаруға немесе осы айтылғанға қатысты тұжырым айтуға тырысамыз. Келесідей кіріспе сөздер тән: «Сіздің айтқаныңыздан шығатыны...», «Сенің олай есептеуіңнің себебі...»
Осы жоспарға сүйене отырып, жоспар бойынша оқу жылының барысында жұмыс істедім. Кейбір шараларды тәрбие жұмысы бойынша оқу меңгерушісімен, сынып жетекшілерімен бірге отырып өткіздік. Оқу жылы аяқталғаннан кейін нәтижелер келтіріліп, тиісті қорытындылар жасалды.
Осылайша, мен жас спортшылардың патриоттық қасиеттерін қалыптастыру төмендегілерден тұрады деген қорытындыға келдік: жас спортшылар жалпы талаптарға тәуелсіз өзінің жеке пайымдауларынан шыға әрекет етеді, басқаларды бақылаушы парызды таңдайды және оны өз мінез-құлқында басшылыққа алады. Парыздың негізінде әрекет етуші жас спортшылардың көбіне бұл бағыттағы белсенділікке деген қажеттілік өндіріледі, жоғары социогендік қажеттіліктер қалыптасады. Қимылға қажеттіліктен туындаған мінез-құлық болса тұлға үшін жеңіл жүзеге асырылады.
Біз патриоттық қасиеттерді қалыптастыру үшін қажетті негізгі қасиеттер деп қарастыратын негізгі ерік қасиеттер деп қарастыратын негізгі еріктік қасиеттер-мақсаттылық пен табандылық, қайсарлық, қажырлық пен ұстамдылық, бастамшылдық, тәртіптілік. Бұл қасиеттерді спорт және дене тәрбиесі арқылы қалыптастыру процесін біз бірінші бөлімде мұқият қарастырдық. Сол себепті біз құрастырған мінездемелерді өңдеу кезінде алынға сандық материалды оқушылардағы негізгі еріктік қасиеттердің дамуының нақты сандық көрсеткіштері ретінде қарастыруға болмайды,тәжірибелік топты құраған жас спортшылар ғана бағаланды. (6 кесте)
Кесте 2 - Жас спортшылардың дамыған еріктік қасиеттерінің кешені (тәжірибенің бастапқы кезеңінде).
Еріктік қасиеттер
|
Дамыған
|
Жеткілікті дамымаған
|
Қайсарлық
Батылдық
Табандылық
Ұстамдылық (қажырлық)
Бастамашылдық
Тәртіптілік
|
51
40
25
36
24
74
|
30
41
56
45
57
8
|
Жас спортшылардың бойында қайсарлық, табандылық пен ұстамдылық спортпен айналыспайтын оқушыларға қарағанда неғұрлым жоғары дамыған. Бұл спортшы оқушылардың арасында қайсарлық, табандылық пен ұстамдылық жоқтарының саны өте аз болумен расталады.Техникасы жеткіліксіз, бірақ жақсы дене дайындығына ие жас спортшылардың арасында қайсарлық көрсеткіші жақсы дене техникалық дайындыққа ие ойыншылардың осы еріктік қасиетінің көрсеткіштеріне қарағанда анық төмендейді.
Ұстамдылық басқа еріктік қасиеттер секілді көбіне дене және техника жағынан дайындалған оқушыларда байқалады.
Осылайша, еріктік қасиеттердің дамуының ерекшеліктерін талдаудан көретініміз: оқушылардың еріктік даярлығында бастамшылдық, табандылық пен ұстамдылық неғұрлым әлсіз дамыған. Барлық еріктік қасиеттерді дамыту үшін дене және техникалық дайындық өте үлкен маңызға ие болады. Сонымен бірге, қайсарлық пен қажырлықты дамыту үшін дене дайындығы үлкен маңызға ие. Мысалында күрескенде жақсы дене дайындығынсыз, күресуші неғұрлым күштірек қарсыласпен шықса,ғни шешімсіздік көрсетуі мүмкін. Оның шаршауы тез келеді, ол төзімсіздеу, оған күрестің соңына дейін жоғары белсенділік пен жеңіске ұмтылысын сақтау қиын.
Сонымен бірге, табандылық пен қайсарлықты дамыту үшін ойыншылардың техникалық дайындығының маңызын азайтуға болмайды. Жас спортшыларды үнемі бақылап отыру керек. Сонда ғана барлық еріктік қасиеттерінің толыққанды дамуы жеткілікті қимылдық тәжірибенің болуымен және күресушілердің жан-жақты дайындығымен байланысты болады. Жинақталған ақпаратты есепке ала отырып біз дайындаған спорттық-патриоттық әрекеттің жоспарына түзетілер енгізілді және бұл әрекеттің бағыттары анықталды: жас спортшылардың дене дамуын,осы дамудың барысындағы патриоттық қасиеттердің қасиеттердің қалыптасуын кешенді түрде жүзеге асыру; Біз тәжірибемізге тікелей қатысқан оқушылардың бүкіл ұжымының мүшелерінің арасындағы жақсы қарым-қатынастарды орнатуға маңызды орын бөлдік. Жас спортшылардың әрқайсысын алға қойылған мақсатқа қарай табысты қозғалуға, сыныпты біріктіретін ортақ мүдделерді орнатуға маңызды орын бөлдік. Жас спортшылардың әрқайсысын алға қойылған мақсатқа қарай табысты қозғалуға, сыныпты біріктіретін ортақ мүдделерді орнатуға, өзара көмек пе қолғабысты тәрбиелеуге, қарым-қатынастардағы шыншылдық пен ашықтыққа бағыттадық.
Спорттық жетістіктеріндегі жарыс әдіс-әрекеттерін талдау сайыскердің техникалық-тактикалық қалыптасуын педагогикалық бақылаудың маңызды факторы болып табылады. Жарыстарда үйрену тәсілдердің орындалу сенімділігін, жіберілген әдіс-айлалық қателіктерді ғана емес, сондай-ақ күрескердің психологиялық қасиеттерін,еркін күрестің қолданбалы тәсілдері мен айла түрлерін талдап, еркін күресте жеңіске жету әдіс-тәсілдеріндегі инновацияларды зерттеу және орындалған жаттығу жұмысының өнімділігін тексеріп, осының негізінде оны болашақта түзету қажет. (3- кесте)
Кесте 3 - Еркін күрестің айрықша ерекшеліктері
№
|
Көрсеткіші
|
Еркін күрес
|
1
|
Киімі
|
Арнаулы эластикалық шолақ трико
|
2
|
Аяқ-киімі
|
Күрес аяқ-киімі
|
3
|
Киімінен ұстау
|
Тыйым салынған
|
4
|
Аяғынан ұстау
|
Рұқсат етілген
|
5
|
Аяқпен жасайтын әдіс
|
Рұқсат етілген
|
6
|
Тізе тигізе тастау
|
Бағаланады
|
7
|
Төрттағанда күресу
|
Бар
|
8
|
Ауыртпалы әдістер
|
Тыйым салынған
|
9
|
Тұншықтыру әдісі
|
Тыйым салынған
|
10
|
Әдіс әркеттерін бағалау
|
Балл (1,2 және3)
|
11
|
Жеңіс
|
Қарсыласты лақтырып немесе аударып екі жауырынын кілемге тигізу.
|
12
|
Жартылай жеңіс
|
Жоқ
|
13
|
Ширек жеңіс
|
Жоқ
|
14
|
Орташа баға
|
Жоқ
|
15
|
Төменгі баға
|
1 балл
|
16
|
Қарсыласты арқасында басып жату әдісін бағалау
|
Қауіпті күйінде арқасында 10с ұстау 1балл
|
17
|
Таза немесе толық жеңіске жетудің нұсқалары
|
Қарсыластың екі жауырынын кілемге тигізу немесе әр кезенде
6 баллмен жеңу
|
18
|
Қарсыластың жарақаттанып немесе
Ескертулермен жеңілуі
|
Таза жеңіс
|
19
|
Анық артықшылықпен жеңу
|
Әр кезеңде балл бойынша озып шығу
|
20
|
Ұпай жеңісі
|
Әр кезеңде балл бойынша озып шығу
|
21
|
Шамалы артықшылықпен жеңу
|
Үшінші кезеңде жеңу
|
22
|
Ұстасу регламенті (уақыты),мин
|
2X2
|
23
|
Қосымша кезең,мин
|
2
|
Кесте 4 - Еркін күрес бойынша жарыстарда техникалық әрекеттердің қолданылуы (орта есеппен бір ұстасу).
Тәсілдер тобы
|
Көрсеткіш
|
Б
|
Н
|
Ә/с
|
%
|
Ұ/с
|
%
|
Аяқтан ұстап, қағып құлату
Аунап аудару
Аяқты ұстауға қарсы қшә
Санды іліп асып аудару
Арқалап алып тастау
Аунап аударуға қарсы қшә
Мойын мен иықты үстінен ұстап жұлқып төрттағанға түсіру
Жамбастан асыра тастау
Кеудеден асыра тастау
Санмен қапталдан не ортадан қағып түсіру
Теріс ұстап басынан асыра аудару
Айқасқан сирақтан ұстап айналдырып аудару
Айналып лақтыру
Бас пен қолды бұрап түсіру
Қол ұстап айналдырып аудару
Еңкейіп лақтыру
Арқадан асыра тастауға қарсы қшә
Қолынан жұлқып төрттағанға түсіру
Иықтан асыра тастау
Жамбастан асыра тастауға қарсы қшә
Иық астына сүңги төрттағанға түсіру
Кеудеден асыра тастауға қарсы қшә
Атап өтілген әрекеттердің жалпы саны
Қалған әрекеттер
жинағы
|
3,70
1,7
1,27
0,78
0,27
0,27
0,24
0,22
0,19
0,17
0,16
0,15
0,15
0,123
0,10
0,07
0,10
0,09
0,08
0,08
0,08
0,07
10,1
1,03
11,1
|
33,4
15,3
11,5
7,0
2,4
2,4
2,2
2,0
1,7
1,5
1,4
1,4
1,4
1,1
0,9
0,6
0,9
0,8
0,7
0,7
0,7
0,6
90,7
9,3
100
|
0,89
1,05
0,44
0,20
0,06
0,19
0,10
0,08
0,16
0,09
0,06
0,09
0,05
0,07
0,03
0,09
0,04
0,03
0,05
0,04
0,02
0,06
3,89
0,52
4,41
|
20,2
23,8
10,0
4,1
1,2
3,2
2,1
1,6
3,3
1,9
1,2
1,9
1,0
1,4
0,6
1,9
0,8
0,6
1,0
0,4
0,4
1,2
88,2
11,8
100
|
Ескерту: Б – қолдану белсенділігі, Н – қолдану нәтижелігі, ә/с – әрекеттер саны, ұ/с – ұпай саны, қшә – қарсы шабуыл әрекеттері.
|
Түргеп тұрып орындалған барлық лақтыруларға күрескерлердің белсенді әрекеттерінің 1,52 саны (жалпы белсенділіктің 13,7% пайызы) және нәтижеліліктің 0,79 ұпайы (жалпы нәтижеліліктің 17,9% пайызы) сәйкес келеді (7 кесте, 8 кесте).
Кесте 5 - Еркін күрес бойынша жарыстарда тұрып және төрттағанда жасайтын әдістер ерекшелігі.
Тәсілдер тобы
|
Көрсеткіш
|
|
Б
|
Н
|
|
ә/с
|
%
|
ұ/с
|
%
|
|
Тұрып:
|
6,90
|
62,2
|
2,27
|
51,5
|
|
Аяқтан ұстап қағып құлату
Аяқты ұстауға қарсы қшә
Арқадан асыра тастау
Мойын мен иықты үстінен ұстап жұлқып төрттағанға түсіру
Жамбастан асыра тастау
Кеудеден асыра тастау
Санмен қапталдан не ортадан қағып түсіру
Айналып лақтыру
Бас пен қолды ұстап бұрап түсіру
Еңкейіп лақтыру
Арқадан асыра тастауға қарсы қшә
Қолынан жұлқып төрттағанға түсіру
Иықтан асыра тастау
Төрттағанда (партер):
Аунап аудару
Санды іліп асып аудару
Аунап аударуға қарсы қшә
Теріс ұстап басынан асыра аудару
Айқасқан сирақтан ұстап айналдырып аудару
Қол ұстап айналдырып аудару
Атап өтілген әркеттердің жалпы саны
Қалған әрекеттер
жинағы
|
3,70
1,27
0,27
0,24
0,22
0,19
0,17
0,15
0,12
0,07
0,1
0,09
0,071,7
1,52
3,16
1,7
0,78
0,27
0,16
0,15
0,1
10,1
1,03
11,1
|
33,4
11,5
2,4
2,2
2,0
1,7
1,5
1,4
1,1
0,6
0,9
0,8
0,6
13,7
28,5
15,3
7,0
2,4
1,4
1,4
0,9
90,7
9,3
100
|
2,27
0,89
0,44
0,06
0,1
0,08
0,16
0,09
0,05
0,07
0,09
0,04
0,03
0,79
1,62
1,05
0,2
0,19
0,06
0,09
0,03
3,89
0,52
4,41
|
20,2
10,0
1,2
2,1
1,6
3,3
1,9
1,0
1,4
1,9
0,8
0,6
17,9
36,7
23,8
4,1
3,2
1,2
1,9
0,6
88,2
11,8
100
|
|
Ескерту: Б – қолдану белсенділігі, Н – қолдану нәтижелігі, ә/с – әрекеттер саны, ұ/с – ұпай саны, қшә – қарсы шабуыл әрекеттері.
|
Сурет 5 - Түргеп тұрып және төрттағанда күресудің сипаты, еркін күрес. (орта есеппен бір ұстасу).
Жалпы алғанда, түргеп тұрып орындалған белсенді техникалық-тактикалық тәсілдерге ( күрес әдістеріне қоса оларды орындаудың нақты талпыныстарына) орта есеппен 6,9 әрекеттер саны (барлық әрекеттерден 62,2% пайызы) жатады және оларды орындау арқылы алынған орта есеппен 2,27 ұпай саны (барлық ұпайдан 51,5% пайызы) тура келеді. Партерде кілем алаңында белгілі бір кеңдігін талап ететін бірқатар амплитуалық техникалық әрекеттер бар (теріс ұстап көтере лақтыру: кеудеден асыра, жамбасқа алып не басынан асыра), бірақ мұндай әрекеттер қарсыласты кілемнен жұлып алуда ғана орындалады, сондықтан еркін күресте өте сирек кездеседі. Партерде жоғары жиілікпен қолданылатын әрекеттерге «аунап аудару» (жалпы әрекеттер санының 15,3% пайызы), «санды іліп асып аудару» (7,0%), «аунап аударуға» қарсы шабуыл әрекеттері (2,4%) «теріс ұстап басынан асыра аудару» (1,4%), «айқасқан сирақтан ұстап айналдырып аудару» (1,4%) әдіс топтары жатады. Партерде барлық есептелген ұпайдың 36,9% пайызы ұтып алынады.
Егер, осындай жарыстарды жиі ұйымдастырып отырсақ, онда жас спортшыларымыздың бойында батылдық,қайсарлық,табандылық, ұстамдылық, тәртіптіліқ өз-өзіне сенімділігі арта түсері анық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Еркін күрестің осы ұлттық спорттан мамандар дайындаудағы оқу құралы ретінде қалыптасу кезеңдерін, жаттығу үдерісінің әдіснамасын жетілдіруді, жарыстарды өткізу ережелері мен 20-ғасырда халықаралық спорт түріне дейін дамуын зерттеу, еркін күрестің спорттық күрестің басқа заманауи түрлерінен даму тарихындағы, жеңіске жетудің қолданбалы құралдардың техникасы мен әдістеріндегі, жас спортшыларды дайындау әдіснамасындағы және айналысушыларға тигізетін әсерінің тиімділігіндегі айырмашылықтарын, еркін күресті ұтымды танытып, еркін күрес бойынша оқу материалдарын жетілдіруге және жас споршыларды еркін күрес әдістеріне уйретуде, дене тәрбиесінде пайдалану қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік берді.
Оқу жоспары дәрістік, әдістемелік, семинарлык, оқу-тәжірибелік, тәжірибелік түрінде болып онда спорт түрлерінің тарихы, спорт түрлерінің әдіс-айлалары, тәсілдерін үйрету, шеберлікті шындау, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, спорттық жарыстарды ұйымдастыру өткізу, оқу-жаттығу жиындарын өткізу жолдары оқытылады. Әдістемелік сабақтарда спорттық күрес түрлерінің әдіс-айлаларын, тәсілдерін үйрету, сабак түрлерін өткізу карастырылады.
Оқу-тәжірибелік, тәжірибелік сабақтарда әдіс-тәсілдерді үйрену, шеберлікті арттыру жаттығу негізінде өтеді.Тәрбиеші жұмысы-жаттығушы оқушыларға үнемі көңіл бөлуді талап етеді. Жаттықтырушы қатал және шыншыл тәрбиеші болуы керек, сонда ғана оның еңбегінің жемісі, халыққа пайдасының тиетіні сөзсіз.
Әрбір жаттықтырушы жас спортшылардың еркін күреспен жаттыққанда ережелер мен приемдарды жақсы игеруін, қорғану мен қорғану приемдарын меңгеруін бақылайды. Сондықтан да еркін күрестің приемдарын үйренуде, оқушыларға сол приемның қалай орындалатынын көрсету қажет. Приемды көрсеткенде асықпай және тез дұрыс орындалуын көрсеткен дұрыс. Еркін күрестің приемын асықпай көрсету міндетті түрде түсіндіруді қажет етеді.
Оқу көрнекілігі еркін күрестің приемдарын жақсылап көрсету, дайындық үстінде жаттықтырушы мен үйретушінің қимылын айнытпай орындауда.
Әрбір жас спортшының денесінің сымбатты болуына, бұлшық еттің дұрыс өсуіне, күштің және мінездің қалыптасуына қозғалыс пен шапшаңдықтың қалыптасуына еркін күрес көп әсерін тигізеді. Әрбір күрескер еркін күрестің техникасымен, приемдарымен шыңдалуы керек. Жаттығып жүрген күрескердің мүмкіндігі көп, себебі, үнемі жаттығу кезінде қимыл-әрекеттерін көру арқылы кабылдайды.
Жаттықтырушы оқу-әдістемесінде, жаттығу арасында спортшылардың, танымал күрескерлердің суреттерін көрсетіп, күрес туралы кино және еркін күрес туралы видеолар көрсету арқылы өз мақсатына жетуіне болады. Бұл оқу әдістемесінің көмегі арқылы, іс-қимылдарын қайталау мен жаттығуларды жасату, жаңа приемдарын үйрену, көрсету қағидаларын ұстану қажет.
Оқу-жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізуді үйренумен қатар мектептегі дене шыныктыру сабақтарын еткізу үйретіледі. Студенттердің мамандық шеберліктері мектептегі педагогикалық және спорттық мекемелердегі жаттықтырушылық тәжірибеден өту кезінде үйретіледі.
Күрес спортымен шұғылдану процесінде жас спортшылардың бойында адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдайда талап ететін ыкпал ету әдістері: батылдық, табандылық сезімін туғызу мақсатында қолданылатын, көрнекі түрде жас спортшылардың көзін жеткізетін тәсілді,жас спортшылардың әр әрекеті арқылы іс-тәжірибе жүзінде үйретуді және табысқа жетуіне байланысты көтермелеуді, әр түрлі қылықтарды (ол қылыққа өзінің көзқарасын және барлық жас спортшылардың көзқарасын) салыстыруды, жас спортшыларға түсінікті етіп сендіре пайдаланады.
Жас спортшылардың жаттығу сабағындағы қимыл әрекеттері олардың өзін ұжымда ұстай білуге тәрбиелелуге, өзінің сезімі мен тілегін шұғылданушылардың бәрін бірдей ортақ белгілі бір ережеге бағындыруға көмектеседі. Мұның бәрі жас спортшылардың бойындағы теріс сезімдер мен қылықтарды қажетті, саналы, жедел тежеуді қалыптастырады.
Үйретудің бүкіл кезеңі күреспен шұғылданушы жас спортшылардың бойында зейін жинақтылығы мен белсенділігін туғызады: тәсілдер мен жаттығуларды жаттықтырушының тиісті түсіндіруімен көрнекі түрде көрсетуі нысаналы бақылауды, оның элементтерінің жүйелілігін ұғынуды, шұғылданушыларға таныс жаттығуларды жаттықтырушының сөзбен берген нұсқауы бойынша қайталап жасау-есте сақтау қабілетінің, қимыл елесінің, түсініп білген дербес қимылды талап етеді.
Бүкіл жаттығу элементтерінің жүйелілігін сөзбен айтып суреттеумен көрсетілген тапсырманы жас спортшылардың орындауы олардың санасына жаттығу сипатын, қимыл түсінігін және соған байланысты саналы түрде қайталап жасауды туғызады. Бұл жас спортшылардың санасында қимыл әрекетінің бүкіл жүйелігінің егжей-тегжейін нақтылауға және оны іс жүзінде дәл орындауға көмектеседі
Достарыңызбен бөлісу: |