Қазақ КҮресіндегі күрескерлердің сайыс қызметін талдау


Еркін күрестің партердағы техникасы



бет14/23
Дата12.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#34083
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
1.2 Еркін күрестің партердағы техникасы

Еркін күрес техникасы дегеніміз жеңіске жетуге бағытталған белгілі бір әрекеттер жүйесі. Күрес тактикасында аса тиімді әр түрлі әрекеттер қарастырылып шықты. Оларды шабуылдау, корғану, карсы шабуылдау әрекеттері деп бөлуге болады. Осылардың ішінде палуанның техникалық шеберлігін арттыруға ең пайдалысы шабуылдау әрекеттері болып табылады. Күрес техникасына нашар палуандар әдетте, өзіне қолайсыз әрі тиімсіз амалдарды пайдаланады.[ 4].

Сөйтіп. көбінесе қарсыластарынын, бетін қайтаруға ғана күш салады. Ал мұндай амалдар шабуылдаушы жақтың күші басым болса ғана нәтиже береді. Техникасы жақсы палуандар көбінесе күші басым қарсыласын да жеңіп кетеді. Бұл үшін олар түрліше қимылдар жасап, қорғанып, қарсы шабуылға шығып, не күш жағынан, не уакыт жағынан ұтады.

Күрес техникасын анықтау үшін куресушілердің барлық негізгі қимылдарын талдаудан өткізу кажет. Мұндай талдауды ең алдымен ол қимылдарды орындауға жұмсалатын механикалық күш тұрғысынан қарау керек.

Ең карапайым қимылды орындағанның өзінде де адам денесінің бірқатар органдары өзара қимылға келіп, оны орталық нерв жүйесі реттеп тұратындығы белгілі. Сондықтан күрес техникасын талдап анықтағанда жеке бұлшық ет қызметі қарастырылмайды. Өйткені күресте онын, қысу немесе тарту күші, тарту ұзақтығы, шапшаңдығы пайдаланылады. Салмағы әуелі орнындағы аяғына түсуі, содан кейін барып аттаған аяғына түсуі тиіс. Бұдан соң арттағы аяғын ыңғайлы тұру қалпына келетіндей қашықтыкқа қоюы керек. Аяқтарын осылай қозғағанда қозғалатын бағытта орнықтылық бұрышын арттыру мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепетеңдігін тез қалпына келтіруіне болады.

Сонымен, палуандар қозғалысында әсер етуші күш ретінде мыналар ескеріледі:



  • салмақ күші;

  • бұлшық еттін, тарту күші;

  • дененің инертті (қимылсыз тұрған кездегі) қарсылығы.

Осы күштер әсер еткенде палуан денесі әр түрлі жағдайға түседі, оның, жеке бөліктерін рычаг ретінде қарастыру ыңғайлы.

Күрескен кезде палуандар көбінесе тіреу алаңын көзбен бақылайды. Мұндай жағдайда тіреу алаңы екі табаны мен табандарының арасындағы кеңістік болып табылады. Палуанныц жағдайына қарай оның аяқтарын тірейтін алаңы да өзгеріп отырады. Әрине тіреу алаңы неғұрлым үлкен болса, палуанның берік туратыи дығы да табиғи нәрсе. Жалпы ауырлы центріне түсетін тузу сызық тіреу алаңының шетіне келсе немесе одан шығып кетсе, тепе-теңдік бұзылады. Сондықтан палуан қимылдаған кезде ауырлық центрінің түзу сызығы тіреу алаңының ортасына жақын болуының маңызы зор.

Палуан денесінің белгілі бір бағыттағы орнықтылығы орнықтылық бұрышы бойынша сипатталады.

Орнықтылық бурышы дегеніміз ауырлық сызығы және дененің ауырлық центрін тіреу алаңының шетімен (дененің орнықтылық дәрежесі анықталатын жақтағы) қосатын сызық арасындағы бұрышы.

Орнықтылық бұрышы (X) дененің ауырлық центрі төмендеп, тіреу алаңы үлкейген сайын жане ауырлық сызығы тіреу алаңының шетінен қашықтауынл қарай үлкейе береді, Айқас кезінде аяқтарын алшағырақ қойып, аздап бүксе, палуан денесі орнықтырақ болады. Алайда аяқтарын тым алшақ қойып немеса көбірек бүгіп жіберсе, спортшы денесін шапшаң игере алмай қалады.

Осындай қимылдар жасау үшін ең қолайлы жағдайды куресте палуанның тұрысы деп атайды. Бұл мынадай жағдай аяқтары иығынан сәл алшақтау, бір аяғы (сол немесе оң) бір табан алға қойылған; тізелері аздап бүгілген, бұлшық еттері бос, кез келген бағытта тез қимылдауға дайын, денесі сәл ғана еңкейген, ал алға қойған аяғы жағындағы иығы да солай қарай бұрылған.

Әсіресе, жалпы ауырлық центріне ерекше көңіл аудару қажет. Ол шабуылдау кезінен басқа уақытта тіреу алаңының ортасында (аяқтарының арасында) болуы тиіс.

Орнықтылық бұрышын «қауіпті бағытта» арттағы аяқты палуан өзінің турған күйін сақтайтындай етіп, ал қауіпті бағыт қарсы жақта қалатындай етіп тағы да кейін қою арқылы арттыруға болады.

Тұрған күйінде қозғалтудың алғашқы әдісі,әдетте ауырлық центрі вертикалын тік сызығын тіреу алаңының алғы шетінен асырып, тепе-тендіктен шығумен байланысты. Алайда тепе-теңдіктен сәл айырылудың өзін қарсыласы шабуылдау үшін пайдаланып кетуге әзір турған жағдайда (яғни айқасу кезеңінде) ауырлық центрін тіреу алаңынан шығарғанда аса сақ болған дұрыс. Аяқты аттағанда (егер бұл шабуылдауға байланысты болмаса) мына ережені сақтау керек, әр уақытта әуелі қозғалу бағытына жақын тұрған аяқты аттау керек және оған салмағын бірден тусірмеуі қажет [5].

Салмағы әуелі орнындағы аяғына түсуі, содан кейін барып аттаған аяғына түсуі тиіс. Бұдан соң арттағы аяғын ыңғайлы тұру қалпына келетіндей қашықтыкқа қоюы керек. Аяқтарын осылай қозғағанда қозғалатын бағытта орнықтылық бұрышын арттыру мүмкіндігі туады. Демек спортшының тепетеңдігін тез қалпына келтіруіне болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет