Қазақ КҮресіндегі күрескерлердің сайыс қызметін талдау


Әдістемелік нұсқау бойынша жас споршыларды дайындау



бет17/23
Дата12.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#34083
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Әдістемелік нұсқау бойынша жас споршыларды дайындау

Техникалық әдіс –тәсілдерді жетілдіру мақсатында, спортшыға белдесуді нақты әрекеттерді қайталай қолдану арқылы жүргізіледі. Бақылау және жарыстық белдесулер жарыс ережелеріне қарастырылған ұзақтықпен кең қолданылады. Спорттық жаттығу жасауда дене және техника – тактикалық дайындықтың түрі маңызды орын алатындығы белгілі. Дене дайындығының құрылымдық бөліктері жалпы және арнайы дайындықтар болып табылады.

Еркін күрестің техникасын оқытудың бастапқы кезеңі техника – тактикалық тәсілдердің қалыптасуының, сабақ уақытына шамамен 30% кеткен тереңдетілген мазмұнын толықтырады. Еркін күрестегі бұл дайындықтың түрлері басқа да спорт түрлеріндегі сияқты, жалпы заңдылықтар мен ерекше өзгешеліктерімен бөлінген.[ 11].

Негізгі әдістерге жарыстық және белдесу әдісі деп аталатын қарсыласының салмағы артық, күші жағынан айтарлықтай басым болатын жас спортшылардың белдесуі жатады. Жарыстық әдіс техникалық тәсілдерді жетілдіру мақсатында, жас спортшыларға белдесудің нақты әрекеттерді қайталай қолдану арқылы жүргізіледі. Бақылау және жарыстық белдесулер жарыс ережелеріне қарастырылған ұзақтықпен кең қолданылады.

Спорттық шеберлік кезеңі жас спортшыларға жоғарғы дәрежелер мен спорттық атақтарды орындауға бағытталған. Осы мақсатта мүмкіндік болғанша арнайы жарыстық сипаттағы бақылаудық белдесулердің саны өседі. Арнайы дене дайындығы еркін күрес тәсілдерінің негізгі және «сүйікті әдіс» деп аталатын өзіндік –күшті дене жаттығуларымен жетілдіріледі, яғни бұл кезеңдегі дене дайындығы қатаң және мақсатты бағытталған мазмұнға ие (оқу уақытының 30%) басты көңіл (20%) кілем үстіндегі жағдайды бағалай білетін және қарсыласқа кездейсоқ әсер ететін және жеңісті қамтамасыз ететін тиімді тәсілді, техника-тактикалық дайындыққа бөлінеді.

Спортшылардың техника – тактикалық дайындығы мен ойлауының негізгі қозғаушы күші бізге берілген үлгідегі жарыстардағы жазбаша өзіндік талдауға шығу болып табылады.


  1. Жарыстарға шығудағы өзіндік баға.

  2. Жеңісті қамтамасыз ететін қорғаушы күш.

  3. Атаулы жарыстардағы жеңіліс немесе белгілі табысқа жетпеу себептері.

  4. Келешектегі дайындыққа қандай өзгерістер енгізу керек?

Еркін күрес спортымен шұғылдану арқылы ерік-жігер қасиетіне тәрбиелеу әр түрлі кедергілер барысында жүзеге асады. Кедергілер - спорттық дайындық, жаттығу және жарыс барысында кездеседі.

«Жігерлілік - ол үлкен бақыт, үлкен мақтаныш, ол дарындылықтан да анағұрлым артық. Себебі дарындылық - жастардың өзімен бірге туып дамыған бейімдігі, ал жігерлілік - ол адамның өз сана сезімдерін жақсылыққ масаттанбай, қиындыққа езілмей, берілмей, неге болса да төзу, шыдау және осыларды қайткен күнде де жеңу» - деп сипаттаған екен.

Жігерлілік - адамдардағы асыл қасиеттердің шоқтығы, бұған барлық: батылдық, табандылық, мақсатқа талпынушылық, қажығандыққа жол бермеушілік, ойына алған асыл мақсаттарын қайткен күнде де орындаушылық секілді бастапқы қабілеттер жатады. Қыз балалардың мінезіндегі спорттың эсерінен дамып қалыптасқан осы қасиеттердің бірі - мақсатқа талпынушылық. Әрине, адамның сырт бітімі канша эдемі, тартымды болғанымен ол адамның мінез-құлқында шынайы тазалық әдемі адам деп алмаймыз.

Спорт - адамға сұлулық әкеледі делік. Бірақ біз сұлулыкты жан-жақты түсінеміз. Ал сұлулық - бұл бет жүзінің ажары, күллі дененің мінсіз болуы, сонымен бірге рухани дүниетаным тереңдігі. Алайда, адамдардың сырт бейнесі олардың үйлесімді түрде дамығанын көрсете алмайды. Сырт көзге жақсы киінген сымбатты адамды көріп сүйсініп (ол өз жұмысын да жақсы да атқаруы мүмкін), бірақ оның мәдениетсіздігін көріп сезгенде көңілге реніш әкелетін сәттер де болады.[ 12]

Спортпен шұғылдану барысында дене қабілеттері, табандылық, алғырлық қалыптасып, оқу мен еңбек етуге ынтасы оянып қана қоймайды, сонымен бірге ерік-жігер қасиеті де жылдам дамиды.

Жас спортшылардың денсаулығын нығайту, дене қабілеттерін шыңдау, тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеуде спорт түрлерінің, соның ішінде күрес спортының орны ерекше. «Құс жеткен жеріне қонады» демекші, қазақ жастарының ұлтқа тән мәдени, салт-дәстүрімен ғана шектелмей, өнерді, соның ішінде ,күрес спортын меңгеру арқылы әлі талай белеске көтерілетіндігін дэлелдеу.

Көптеген жас спортшыларымыздың жақсыға еліктеп, ұқсағысы келетін спортшылары болады. Олар еліктейтін спортшылар қиындығы мен қызығы мол жаттығулар арқылы тер төгіп, еңбек ету арқылы биік шывдарға жеткендер.

Осындай спортшы аға-апалардың көтерілген шындарына біз де көтерілсек, осы спорт түрінен жоғарғы нәтижеге қол жеткізсем деп жалындап түрған қара көз қыздарымыз қаншама.

Жас спортшылардың еркін күрес спортына шеберлігінің артуы, жоғарғы нәтиже көрсетуі жаттықтырушының спортшылар арасында тәрбие жұмысын жақсы жолға қоюына да байланысты. Жаттықтырушының міндеті спорттық мүмкіндігі мол жастарды жаттықтыру ғана емес, олардың бойына - биік адамгершілік рухты сіңіру, эстетикалық, ерік-жігер қасиеттерін арттырып, жан дүниесін байытатындай болуы керек.

Жас спортшыларымыздың ерік касиетін - оның тәртібінен, жаттығу мен жарыс тәртібіне жауапкершілікпен қарау ғана емес, оларды қатаң сақтауында, жаттықтырушының айтқанын бұлжытпай орындауына байланысты. Сонда ғана спортшы алға қойған мақсатқа, жақсы нәтижеге, биік асуларға қол жеткізе алады.

Күрес спортымен Шұғылдану барысында тек қимыл дағдылары, дене қабілеттері ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой, ізгілік, адамгершілік қасиеттері де дамиды. Эстетикалық талғамы, еңбек дағдылары да жетіледі. Жарысқа дайындық барысында қыз бала моральдық, ерік-жігер қасиеттерін көрсетуге, батыл болуға, қарсыласының шабуылына қарамастан қайсарлық танытып қас-қағым сәтте тез шешім қабылдап, күш. қуатын сарқа жұмсауға бейім тұрады. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді сан рет қайталау жас споршылардың санасында бірте-бірте қимыл-қозғалыс қажеттілігін керек етеді. Жеңіске. жеткен сәттерде жас споршылар өздерін құрметтеп бағалауды, рухани қанағат сезімін, эмоциялық өрлеу, алдағы уақытта да жеңіске деген ынтасын, мақсатын, сенімділігін күшейтеді.

Тағы да бір көңіл аударарлық жағдай, қандай да болмасын, спорт, техникалық тәсіл, жаттығу қызықты, егер шұғылданушы жас спортшылар оның қажеттілігін түсініп, шын ықыласымен орындаса. Соған байланысты қызығушылықтарын ояту арқылы тәрбиелеу тек сол спорттың сыртқы қызықтыруына ғана арналып қана қоймай, сонымен қатар белгілі адамгершілік, ерік-жігер қасиеттерін де дамытуға, бағытталуы тиіс.

Шұғылданушыларға спорттың барлық түрінің жақсы, пайдалы тұстарынан хабардар етіп және жаттығу процесінде қызықтырып үйрету керек.

Жаттығу нәтижесінде дене қабілеттерін дамытуға ғана емес, сонымен бірге ізгілік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, ерік-жігер т.б. қасиеттерін дамытуды қамтамасыз етуі керек.

Ерік-жігер адамның ақыл-ойының тәжірибелік көрінісі.

Жаттығу процесінде ерік-жігерді тәрбиелеу - спортқа берілген еңбексүйгіш жас спортшыларды тәрбиелеу.Өмірдегі ең қажетті нәрсе жастардың өз кемшіліктерін, жетіспеушіліктерін түсініп ғана қоймай, соны жеңуі.

Қыз балаларды күрес спортына жаттықтыру қиындығы мен қызығы мол жауапты жұмыс. Жаттықтыру процессі ең басынан дұрыс ұйымдастырылса, соғұрлым ол нәтижелі, сапалы болады. Қыз балалны жаттықтыру процесінде тәсілді, жаттығуды неғұрлым қызықты үйретсе, нәтижесі де жақсы болады.

Адамгершілік, ерік-жігер қасиеттерін дамыту, жаттығу кезеңінен арнайы өзгерістерді енгізуін талап етпейді. Жаттығудың өзі үлкен жұмыс, оған ықыласпен қарау, оның талаптарын бұлжытпай орындау қыз баланы тәрбиелеуде, олардан ерік-жігер ойдың кейбір қасиеттерін көрсетуді талап етеді.[13]

Күрес спортымен шұғылдану процесінде қыз балалардың бойында адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылайды және әрбір нақты жағдайда талап ететін ыкпал ету әдістері: батылдык, табандылық сезімін туғызу мақсатында қолданылатын, көрнекі түрде жастардың көзін жеткізетін тәсілді, жас спортшылардың әр әрекеті арқылы іс-тәжірибе жүзінде үйретуді жэне табысқа жетуіне байланысты көтермелеуді, әр түрлі қылықтарды (ол қылыққа өзінің көзқарасын жэне барлық

қыздардың көзқарасын) салыстыруды, қыз балаларға түсінікті етіп сендіре пайдаланады.

Жас спортшылардың жаттығу сабағындағы қимыл әрекеттері олардың өзін ұжымда ұстай білуге тәрбиелелуге, өзінің сезімі мен тілегін шұғылданушылардың бәрін бірдей ортақ белгілі бір ережеге бағындыруға көмектеседі. Мұның бәрі қыз баланың бойындағы теріс сезімдер мен қылықтарды қажетті, саналы, жедел тежеуді қалыптастырады.

Үйретудің бүкіл кезеңі күреспен шұғылданушы жас спортшылардың бойында зейін жинақтылығы мен белсенділігін туғызады: тәсілдер мен жаттығуларды жаттықтырушының тиісті түсіндіруімен көрнекі түрде көрсетуі нысаналы бақылауды, оның элементтерінің жүйелілігін ұғынуды, шұғылданушыларға таныс жаттығуларды

Жаттықтырушының сөзбен берген нүсқауы бойынша қайталап жасау-есте сақтау қабілетінің, қимылын елесінің, түсініп білген дербес қимылды талап етеді. Бүкіл жаттығу элементтерінің жүйелілігін сөзбен айты суреттеумен көрсетілген тапсырманы қыздардың орындауы олардыың санасына жаттығу сипатын, қимыл түсінігін және соған байланысты саналы түрде қайталап жасауды туғызады. Бұл жас спортшылардың санасында қимыл әрекетінің бүкіл жүйелігінің егжей-тегжейін нақтылауға және оны іс жүзінде дәл орындауға көмектеседі.

Еркін күрес спорты эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған ортаның сұлулығын сезінуін, оған эстетикалық қатынасын, күнделікті тіршілікке сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты.

Сырт көрінісі - сымбатты, сұлу тұлғаның әсемділігі, еркіндік, ізгілік, қимыл мәнерлілігі - спортшылардың барлык мінез-құлқынан, оның адамгершілік сезімі мен санасының жоғарғы дамуынан, адамдарға кішіпейілділік пен тілектестік, немқұрайлыққа, принципсіздікке төзбеушілігінен көрінетін жан сұлулығымен ажырағысыз байланысты.

Осы қасиеттердің бәрі ең алдымен жаттықтырушының бойынан табылуы тиіс. Шұғылданушылармен тікелей күнделікті қарым-қатынас, байланыс, оның өз-өзін ұстау қабілетінің, сөйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымдылық, кішіпейілділігін қабылдау жас спортшыларға игілікті әсер етеді және еліктеуге ынталандырады.

Осы мақсат пен міндеттердің жауабын табу үшін ғылыми әдістемелік негіздеме жасау қажеттілігі бар.

Cпорттық күрес сабағында жас спортшылардың жеке қасиеттерінің қалыптастыруға бағытталған тұжырымдарды ғылыми әдістемелік тұрғыда негіздеу. Біз тәжірибемізге тікелей қатысқан оқушылардың бүкіл ұжымының мүшелерінің арасындағы жақсы қарым-қатынастарды орнатуға маңызды орын бөлдік. Жас спортшылардың әрқайсысын алға қойылған мақсатқа қарай табысты қозғалуға, сыныпты біріктіретін ортақ мүдделерді орнатуға, өзара көмек пен қолғабысты тәрбиелеуге, қарым-қатынастардағы шыншылдық ашықтыққа бағыттадық.

Жас спортшыларды дайындауда оқу мен жаттығу үрдісін үнемі меңгеруді қажет етеді. Оқу мен жаттығу – педагогтік үрдістің екі бірегейлі түрі. Оқып жатып, жаттығып және жаттығып жатып оқу. Сондықтан оқу мен жаттығу бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Оларды бір-бірінен бөлу мүмкін емес, оқу мен жаттығу екеуі бір уақытта бірлеседі. Сондай-ақ тыңғылықты жаттығудың нәтижесі (Еркін күрестің техникалық және әдістемелік қабылдауы, күшті жігерлеу, жылдамдылық пен төзімділікті, жұмысқа құлшынысты, денені еркіндікке және қатты мінезділіктің сапасын меңгертеді).

Бұл байланыста айналысушының, нұсқаушымен құлшыныс қызметін керекке жіберуіне сәйкес мақсаттарымен жастардың коммуниеттік тәрбиесіне әкеледі.

Егер біз айналысушыларымыздың табиғи қоғамның белсенді жасаушыларымен тәрбиелеуге тырысып, денін сау етіп тәрбиелеуге, өмірге құлшыныстарын арттыруда үлес қоссақ , бұл үрдіс оқу мен тәрбиелеуді белгілі бір заң жүзінде өту, педагогтік тәлім-тәрбиенің ұстанымдары болып табылады.

Біз практикалық жұмысты басқаруды, айналысушының тәлім-тәрбиесінің негізін еркін күрестің секцияларында оқытып үйретуге міндеттіміз.

Оқу ұстанымы – ол ортақ жағдайлар негізінде құрылып, оқу мен жаттығу жұмысы секцияларында жүргізіледі.

Тәлім-тәрбие ұстанымы жан-жақтылықтарын арттырып, оқыту мен жаттығуды дұрыс жүргізуді реттейді. Ең қысқа мерзімде күш-қайраттың жоғалмауы білікті маманның жаттығуды дұрыс жүргізуінде. Осы тұрғыдан алғанда мынаны жаттығушылардың жас мөлшеріндегі ерекшелікті ескеру қажет, сондай-ақ физиологиялық заңды шектеулерді құрап және жетілу, қозғалысқа жаттыққан және физикалық құндылықтар үрдісін ескерген жөн.

Тәрбиелеу – ұрысып, жазалау емес, керісінше, тәрбиелеу жұмысында көзқарастың түсінікті болуы тиіс. Бір жағынан оларға ақыл айтып, қалай жаттығуды жасауды және кез-келген сұраққа өз ойларын айта алуды үйрету. Жас спортшыларға бір жағынан айтқан жаттығуды, орындайтындай көңіл бөлу керек. Кейде, өздеріне ұнаған жаттығуларды орындату керек. Жаттығу жасауда «өте жақсы» жасайтын оқушыларды еркелетпей, одан ары күрделі жаттығуларды орындауын талап ету керек. Ережені бұзғандарға, өз қатаелерін түзеткен жағдайда оларды мадақтап отыру керек.

Тәрбиеші жұмысы-жаттығушы оқушыларға үнемі көңіл бөлуді талап етеді. Жаттықтырушы қатал және шыншыл тәрбиеші болуы керек, сонда ғана оның еңбегінің жемісі, халыққа пайдасының тиетіні сөзсіз.

Әрбір жаттықтырушы жас спортшылардың еркін күреспен жаттыққанда ережелер мен приемдарды жақсы игеруін, қорғану мен қорғану приемдарын меңгеруін бақылайды. Сондықтан да еркін күрестің приемдарын үйренуде, оқушыларға сол приемның қалай орындалатынын көрсету қажет. Приемды көрсеткенде асықпай және тез дұрыс орындалуын көрсеткен дұрыс. Еркін күрестің приемын асықпай көрсету міндетті түрде түсіндіруді қажет етеді.

Оқу көрнекілігі еркін күрестің приемдарын жақсылап көрсету, дайындық үстінде жаттықтырушы мен үйретушінің қимылын айнытпай орындауда.

Әрбір жас спортшының денесінің сымбатты болуына, бұлшық еттің дұрыс өсуіне, күштің және мінездің қалыптасуына қозғалыс пен шапшаңдықтың қалыптасуына еркін күрес көп әсерін тигізеді. Әрбір күрескер еркін күрестің техникасымен, приемдарымен шыңдалуы керек. Жаттығып жүрген күрескердің мүмкіндігі көп, себебі, үнемі жаттығу кезінде қимыл-әрекеттерін көру арқылы кабылдайды. Жаттықтырушы оқу-әдістемесінде, жаттығу арасында спортшылардың, танымал күрескерлердің суреттерін көрсетіп, күрес туралы кино және еркін күрес туралы видеолар көрсету арқылы өз мақсатына жетуіне болады. Бұл оқу әдістемесінің көмегі арқылы, іс-қимылдарын қайталау мен жаттығуларды жасату, жаңа приемдарын үйрену, көрсету қағидаларын ұстану қажет.

Ұстаным мен оқыту әдісі бір-бірімен тығыз байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет