Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата25.11.2023
өлшемі0,81 Mb.
#126882
1   2   3
Байланысты:
77777 модуль

1-модуль.
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс –тәсілдері оқу бағдарламасының басты 
мақсаты деп білемін. Сыныпты топқа бөліп оқыту, ережеге уақытқа бағыну, постер 
қорғату.
2-модуль.
Сыни тұрғыдан ойлау модулі.


Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің 
ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, 
білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп 
шығармашылық жұмыс жасау. 
Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдісінің басты қағидаларының бірі – шәкірттердің әр 
сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы.
3-модуль.
Оқыту үшін және оқытуды бағалау.
Бұл әр сабақтың соңындағы оқушылардың білімдерін тиянақтау жиынтығы.
 
Мұғалімдер 
мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған 
байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады. 
4 – модуль.
Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды (АКТ) 
пайдалану.
 
Оқытуда 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды 
пайдалану 
қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. 
Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, 
зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді.
5модуль.
Талантты және дарынды балаларды анықтау. Оқушылардың таланты мен қа
білетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды.
 
Талантты және 
дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай 
балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін 
дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі. 
6- модуль.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. 
Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық 
ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика мен 
психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерісті айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет