Ұлттық мəдениеттің ерекшелігін танытумен қатар, қазақ лексикасы байлығының бір бөлшегін құрайды. Адамдардың киім киісі олардың ақыл- парасатын, мəдениетін, əлеуметтік жағдайын, мінез-құлқын да аңғартады. Қазақ киімінің ұлттық сипатын ғалым Ө.Жəнібек өз еңбегінде былайша танытады: «Қазақ киім-кешегі – ұрпақтан ұрпаққа алмасып келе жатқан, елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамын, сəндікке, үйлесім бірлігіне, көркемдікке ұмтылған жасампаздығы мен шығармашылығының жетістіктерін бойына сіңірген құбылыс. Оның қай-қайсымыздың болса да, ұлттық мақтаныш сезімімізді оятатыны хақ»