ә) киімнің ру-тайпалық ерекшелігіне қарай қалыптасқан атаулары: керей тымақ, найман тымақ, арғын тымақ, албан бөрік, қызай қалпақ т.б.
Кимешек (киім-кешек) киім-кешек деген сөздердің кірігіп -шек кішірейткіш жұрнағы арқылы пайда болған кәрі әжелер киетін бас киім сияқты
Кимешекті 25–40 жас аралығындағы әйелдер киген. В. В. Радлов сөздігінде «кімашак / kir/ — головной убор старых женщин» деп түсіндіреді.
5. Тойда, әртүрлі ұлттық мерекелерде киетін біркиер киім атаулары: а) ер адамдар киімнің атаулары: бешпент, кең шалбар, шапан, шекпен, ақ киіз қалпақ, айыр қалпақ, дөңгелек тақия, қайқы тұмсық етік. ә) әйелдердің салтанатты киімдерінің атаулары: қос етек көйлек, жеңсіз қынама бел камзол, кемер белдік, үкілі тақия, қарқара (төбесі биік, шошақтау келген, жайлауға көшкенде бай қыздары киетін, қауырсын қадаған сәнді бас киім; оны жас әйелдер де киген), сәукеле.